Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2022
Алды сайран, арты ойран опасыз дүние-ай десеңші...Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов жалғанның жарығымен қоштасты. Ел-жұртын әлемге әйгілеген есіл ердің қазасы қабырғамызды қайыстырып-ақ жіберді. Ұлтымыздың ұлықтауға лайық ұлдарының бірі еді. Амал қанша, көзі тірісінде қадіріне көп жете қоймадық. Алаштан ат оздырған айтулы тұлғамызды өз дәрежесінде ардақтай алмағанымыз арқаны аяздай қариды.
Өнер • 13 Қазан, 2022
Қазақстандық Айша Сабыржанқызы Англияда өткен халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алды.
Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Ерлікті дәріптейтін ескерткіштер жинақталған Қарулы Күштердің Әскери-тарихи музейіне – 6 жыл
Музейді 2015 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ашқан болатын. Ол 1998 жылы Елбасының сәулеттік идеясы негізінде салынған ғимаратта орналасқан.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Nur Otan мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
Елордада Nur Otan партиясы мен Жазушылар одағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында алғашқы шара – «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлттық құндылықтарды өрістету жайлы істерді бірлесе атқару туралы ортақ бәтуаға келді. Қол қою рәсіміне Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Әлібек Асқаров, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды қаламгерлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясының басшылығы қатысып, Меморандум шеңберінде алда атқарылатын жобаларды пысықтады.
Руханият • 14 Қыркүйек, 2021
Ташкентте Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, өзбек халқының ұлы ойшыл ақыны Әлішер Науаидың 580 жылдық мерейтойы аясында әзірлеп шығарған бірқатар кітаптардың тұсаукесер рәсімін өткізді.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
Әттең бір қапы дүние-ай! Бұл мақала бұрынырақта, кейіпкердің көзі тірісінде жазылғаны жөн-тұғын. Керенаулықтың кесірінен созбалаққа салып жүргенде Жетісудан жайсыз хабар жетті. Өзектегі өкінішті басудың ендігі жолы – марқұмның мына өмірдегі өнегелі істерін еске алу болса керек. Ағам туралы айтарым көп-ақ сияқты еді. Ақ қағазға қол артсам болды, қара қаламнан сөз сорғалап қоя беретіндей көрінетін. Ендеше, ежіктеп кітап оқыған бастауыш сыныптың баласындай кібіртіктеп отырғаным қалай? Сірә, өзім аса құрмет тұтқан адам жайында азасөз жазуға қиналғандығымыз шығар.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Көктемгі құстар әніндей құйқылжыған көңіл құбылысын кейде түсіну қиын. Санаңда сапырылысқан сансыз ой сені бірде шыңға шығарып, бірде құзға құлатып сергелдеңге салатыны бар. Қазақтың алтын қазығындай астанада тұрып жатқанына жиырма жылдан асыпты. Қатарынан қалмай, елорда эпопеясын жазысуға өзіндік үлесін қосты. Ата-бабаларымыздың азаттық туралы асқақ арманын ақиқатқа айналдырған ару қаланың көркіне бүгінде көз сүрініп, көңіл сүйсінеді. Қасында қаумалап қаншама дос-жараны жүр. Бірақ бәрібір алыстағы ауылын аңсайды. Қимас қырдың астында қалған балалық бал дәуренін, аузын ашса көмекейі көрінетін аңқылдақ ағайын-туысты сағынады. Жастықтың жанартаулары атқылаған албырт шақтағы «асырасілтеушілік» атаулы енді еріксіз езу тартқызады. Ұршықша айналған ұшқыр уақыт алды-артына қарамай зымырайды. Аңыз-ертегілердегі алты айшылық жолды алты-ақ аттайтын арғымаққа мінсең де қуып жете алмайтыныңды сезіп амалың құриды.
Өнер • 01 Қаңтар, 2021
Жаһандық өнер көгіндегі жарық жұлдыз. Біртуар балет бишісі. Санкт-Петербургтегі әйгілі Мария театрының прима балеринасы. А.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі. Бірнеше мәртебелі сыйлықтың лауреаты. «Астана Операдағы» балет труппасының көркемдік жетекшісі. Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры. «Парасат» орденінің иегері. Ойпырмай, осыншама атақ-даңқ пен абырой-беделді бір басына үйіп-төгіп берген Алтынай Асылмұратованың да алмаған асулары бар ма екен?!
Руханият • 15 Желтоқсан, 2020
«Абай» мен «Әл-Фараби» эфирге шығады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және ғұлама ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай қалың көрерменге 6 бөлімді «Абай» және 7 бөлімнен тұратын «Әл-Фараби» телехикаяларын ұсынбақ. Ұлттың ұлы тұлғаларын экран арқылы дәріптеу – дәуір талабы. Өскелең ұрпақ жаһандану заманына бет бұрған тұста, өз ұлтының мақтаныштарын білуге міндетті. «Қазақстан» корпорациясы Ұлы дала дүниеге әкелген Абай мен Әл-Фарабидің өмір жолын, өскен ортасы мен заманын, өз уақытынан оза туған ғұламалығын жас ұрпаққа мазмұнды етіп насихаттауды басты мақсат етіп отыр.
Оқиға • 13 Қазан, 2020
Бас қала басылымы «Астана ақшамының» ақпарат айдынына шыққанына отыз жыл
Тоқыраудың толғағы жетіп, Кеңес өкіметі құрдымға кетер алдындағы аласапыран кезеңде ашылған «Ақмола ақиқаты» атына заты сай болды. Жариялылықты жалаулатып, шындықтың шырағын жақты. Тоталитарлық жүйе тұсында жаншылған қазақтың қайсар рухын қайта көтеруге көп еңбек сіңірді. Қасиетті Қараөткел жұртының келімсектерде кеткен есесін қайтаруға аянбай атсалысты. Газеттің тұңғыш редакторы Кенже Жұмағұлов бастаған журналистер хал-қадерінше қалам тербеп, оқырман жүрегін оятар ойлы дүниелер жазуға ден қойды. Егемендіктің елең-алаңындағы елдік мәселелерді екшеп, тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан тұсындағы кейбір келеңсіздіктерді ашып көрсетті. Целиноградтағы сеңі бұзыла қоймаған кеңестік солақай саясаттың зардаптарымен күреске аз күш жұмсалған жоқ. Бірақ ақмолалық әріптестеріміз бұл сынақтан сүрінбеді.