Талғат  БАТЫРХАН
Талғат БАТЫРХАН«Egemen Qazaqstan»
66 материал табылды

Зерде • 11 Мамыр, 2024

Тұлпарды тұсамас болар

Біздің қазақ бәйге атын қойға мініп қор қылмайды. Жазда жеке жайып, қыста жемшөптен қыспай, жал-құйрығын тарап барынша бабында ұстайды. Өйткені аламанда атойлар арғымақтар тек иесінің ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың атын шығарады.

Руханият • 06 Мамыр, 2024

Дүбірі бөлек дүлдүл

Ұшы-қиыры ұшқан құстың қана­тын талдыратын ұлан-ғайыр даламызда аламанның алдын бермес арғы­мақтар көп болған. Бірақ солардың ішінен суырылып шығып, атадан мирас ауыз әдебиетіміздегі Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы сияқты аңызға айналғаны – Құлагер.

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Елеуге тұрарлық еңбек еді

Руханият • 14 Наурыз, 2024

Ол Олжас қой...

Адам айтса нанғысыз нәрселер болады. Біздің үйге бірінші болып Олжастың кітабы кірді. Оның Алаштан ат оздырған заңғар замандастары Мұқағали, Төлеген, Қадыр, Тұманбайлардың жазғандарын оң-солымды айырған тұста оқыдым. Қалың құмның арасындағы қазақ ауылында өскен бұл пақырыңыз онда орысшаңызды мүлдем білмейтін. Қазір де қатырғанымыз шамалы.

Пікір • 13 Наурыз, 2024

Жылыжайдың жемістері

Баяғыда ауыл баласы үшін Алматының алмасынан ар­тық базарлық болмайтын. Ал­қызыл түсі көз арбап, аң­қы­­ған исі айналаны алып кете­тін. Ал тісің тигеннен тіл үйірер тәтті дәмін айтып жет­кізе алмайсың.

Руханият • 26 Маусым, 2023

Азаттық ақыны

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мажардың аса көрнекті ақыны Шандор Петөфидің қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған «Махаббат пен бостандық» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Халықаралық түркі академиясы мен Қазақстандағы Мажарстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған ұлағаты мол рухани шара әлемге танымал әйгілі тұлғаның 200 жылдық мерейтойына арналды. Айта кететін бір жайт, бостандық жыршысының өршіл рухты бұл өлеңдері бұрынырақ талантты жазушы Роллан Сейсенбаев басқаратын «Абай» клубының қолдауымен «Азынаған қара айғыр» деген атпен жарық көрген еді.

Әдебиет • 24 Мамыр, 2023

Сахалиннің Сангиі

Кешегі кеңестік кезеңде атақ-даңқтары аспандаған ақын-жазушылардың бір шоғырын шығармашылық аламанында ормандай көп орыстың өзінен ат оздырған өзге ұлт өкілдері құрағаны әмбеге аян. Талантымен төрткүл дүниеге танылған Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатов, Мұстай Кәрім, Қайсын Кулиев, Давид Кугульдинов, Олжас Сүлейменов, Анатолий Ким, Анар Рзаев, Фазыл Искандер, Нодар Думбадзе, Грант Матевосян, Юрий Рытхэу секілді классиктердің кітаптары миллиондаған тиражбен тарады. Сонау Қиыр Шығыстағы Сахалиннің сарсүйек тұрғындары саналатын азғантай ғана нивхының маңдайға басқан мақтанышы Владимир Сангиді де сол саңлақтардың қатарына қоссақ қателеспейміз.

Қазақстан • 26 Ақпан, 2023

Ұлт жадын жаңғырту ұстыны

Тегінде ұлт мүддесінен биік мұрат болмаса керек. Әрине, жалпыадамзаттық асыл қазынаға айналған жаһандық жауһарларды әспеттеу қажеттігі әмбеге аян. Әйтсе де әлемдік өркениет бәйгесінде әр халық өз атының озғанын қалайтыны тағы талассыз.

Руханият • 30 Қаңтар, 2023

Қолдан шапқан қобыз

Біз білетін Бекен Қайратұлы – ақпарат аламанында бәйгенің алдын бермес ақтаңгер журналистердің бірі. Ең басты ерекшелігі, қазақтың қара тіліне келгенде қамшы салдырмайды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайды. Сөйлесе таңдайынан бал тамады. Жазса сөздің сөлін шығарады. Осы ойымыздың айғағын­дай оның мәнді мақалалары оқырман олжасына айналғалы қашан.