Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
120 материал табылды

Саясат • 24 Желтоқсан, 2019

Тоқаевтың басты 10 ісі

Еуразиялық интеграция институтында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарған «басты 10 ісі» баяндамасының тұсаукесері өтті.

Әлем • 16 Қыркүйек, 2019

Президент Қ.Тоқаевтың ҚХР-ға сапары бірқатар әлемдік БАҚ-та көрініс тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары табысты өткені белгілі. Осы сапар барысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылып, келісімдер жасалды. Әлемнің көптеген бұқаралық ақпарат құралы осы сапарға кеңінен тоқталды.

Әлем • 02 Қыркүйек, 2019

Еуропаны мал сою тәсілі мазалап тұр

Биылғы қыркүйектен бастап Бельгияның Уаллония аймағында малды тірідей бауыздауға тыйым салынбақ. Ендігі жерде қасапшы малды соймастан бұрын тоқпен не басқа да тәсілмен есінен тандырып алуы тиіс. Мұндай тәсіл қазіргі таңда ет нарығында кеңінен қолданылады.

Әлем • 27 Тамыз, 2019

Италиядағы саяси дағдарыс шешілмей тұр

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қызметінен кетті. Енді Аппенин түбегінің саяси тағдыры қалай өрбитіні талайды қызықтырып отыр. Бұған дейін көптеген текетіресті басынан өткізген Италияның бағыты жаңа сайланатын Үкімет басшысына тікелей байланысты.

Әлем • 09 Тамыз, 2019

Боинг неге бүлінді?

Осыдан 9 ай бұрын Lion Air компаниясының ұшағы құлап, жо­лаушылар мен экипаж мүше­лері түгел қаза тапты. Биылғы нау­рызда Ethiopian Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесі апатқа ұшырап, 157 адам опат болды. Ұшақ апаты шартараптың бұрыш-бұрышында болып тұрады ғой. Мәселен, жыл сайын кемінде 100 осындай оқиға тіркеледі екен. Алайда жоғарыда айтып өткен екі апат әлемді дүр сілкіндірді. Себебі екі ұшақ та Боинг-737 ұшағының MAX нұсқасына жатады. Әрі қолданысқа берілгеніне аз уақыт қана өткен еді.

Аймақтар • 06 Шілде, 2019

Бас қаланың Бас жоспары

Әлем елдері туралы сөз болғанда олардың астанасына тоқталмау мүмкін емес. Франция Парижімен көрікті. Ағылшындар Лондонды мақтанышпен айтады. Италияның даңқын Рим асқақтатып тұр. Мысырлықтар Каирды мақтаныш тұтады. Сол секілді «тоғызыншы территория» − Қазақстан туралы сөз болғанда, елордамыз – Нұр-Сұлтанға тоқталмау мүмкін емес.

Сұхбат • 28 Маусым, 2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – ел дамуының бірегей құралы

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашыл­ғанына бір жылға таяды. Бүгінде орталықта көптеген шетелдік компаниялар мен ұйымдар табысты ынтымақтастық ор­натқан. Солардың бірі – Ұлыбританияның қаржылық және қаржыға байланысты кәсіби қызметтер индустриясымен айналысатын «TheCityUK» бизнес-ұйымы. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды, орталықтың ендігі бағыты қандай болмақ екенін білу үшін «TheCityUK» ұйымының Сыртқы байланыстар және стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Гари Кампкинмен тілдескен едік.

Сұхбат • 06 Маусым, 2019

Түркі ынтымақтастығын дамытуға көрсетілген құрмет

Таяуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді. Осы тарихи оқиға Түркияның Сыртқы іс­тер министрі Мевлют Чавушоғлу­ның елімізге сапарымен тұс­па-тұс келген болатын. Осы орайда біз Түркия мен Қазақстан арасындағы қа­рым-қатынастың даму бағыты туралы білу үшін еліміздің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫМЕН әңгі­ме­лескен едік.

Руханият • 16 Мамыр, 2019

ЮНЕСКО-да Ұлы дала ұлықталды

Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараны Халық­аралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО бірлесіп ұйымдастырды. Жиында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дар­­ла­малық мақаласы талқыланып, Ұлы дала тарихын жаңадан пайымдау жол­дары қаралды.

Әлем • 22 Сәуір, 2019

Апта фотосы (14.04 – 21.04)

Өткен аптада әлемді дүр сілкіндірген бірқатар оқиға болды. Атап айтқанда, Париждегі «Нотр Дам» шіркеуі өртенді, Шри-Ланкада террористік шабуыл жасалды. «Егемен Қазақстан» өткен аптаның маңызды оқиғаларына фото шолу жасайды.