Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021

Сындарлы сыртқы саясат

Қазақстанның 2021 жылғы сыртқы саясат саласындағы қадамдары табысты болды. Еліміз көптеген маңызды келіссөздер жүргізіп, теңгерімді және конструктивті бағыттағы саяси ұстаным сақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдерге сапарлары, екіжақты қарым-қатынастар, Қазақстанның серпінді бастамалары еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайта түсті.  

Парламент • 31 Желтоқсан, 2021

Елдік заңнамасы

Өтіп бара жатқан жыл заңнамалық тұрғыдан да айтарлықтай есте қалды. Парламент қабырғасында Қазақстанның халық­аралық аренадағы абыройын арттыратын да, халықтың әл-ауқатын жақсартатын да заңдар қабылданды.   

Әлем • 29 Желтоқсан, 2021

Боричтің саясаты үшін талас

МЕХИКО. Чили талайдан бері Латын Америкасындағы топ бастайтын ел саналып келді. Енді, өткен жексенбіде чилиліктер студенттердің көшбасшысы болған, 35 жастағы солшыл Габриэль Боричті президент етіп сайлады. Осы орайда Латын Америкасының қалған бөлігі осы оқиғаны мұқият бақылап, мынаны білгісі келді: Бұл қадам Чилиге және басқаларға қалай әсер етеді?

Әлем • 29 Желтоқсан, 2021

Демократияның басты міндеті

МАДРИД. Либералды демократия әлі де тірі, бірақ әлсіреп қалғанының белгілері айқын көрінеді. Freedom House мәлі­мет­теріне сүйенсек, әлемде 15 жыл қатарынан жаһандық де­мо­кратиялық кері кету үрдісі жүріп жатыр.

Әлем • 26 Желтоқсан, 2021

James Webb телескобы ғарышқа сапар шекті

NASA әлемдегі ең қымбат ғарыштық телескоп – James Webb-ті жеті қат көкке ұшырды. Алып аппарат елорда уақыты бо­йынша кешкі 18:20-да Француз Гвианасындағы Еуропа ғарыш айлағынан көкке самғады.

Экология • 21 Желтоқсан, 2021

Жаһандық тұрғыда айыптау

Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP26) Үндістан нағыз қаскөй ретінде әсер етті. Іс-шараға жиналғандар ел астанасы Нью-Делиді улы түтін басып қалған кезеңде Үндістан билігінің көмір тұтынуды қысқартуға қарсылық көрсеткенін сынға алды. Глазгода тағылатын басты кінә – ақырғы сәтте Қытайға қосылып, конференцияның қорытынды декларациясын соңғы минутта өзгертуді талап етуі. Құжатқа елдер көмірден мүлдем бас тарту емес, кезең-кезеңімен азайту жөнінде өзгеріс енгізілді. Жан басына шаққандағы көмірқышқыл газы шығарылымы әлемдегі жетекші елдерге қарағанда анағұрлым аз Үндістан климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске кедергі келтіргені үшін кеңінен сынға ұшырады.

Әлем • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр

Қазақстанның тә­уел­сіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай ұйымдасты­рылған мерекелік шарада саясаткерлер мен халықаралық сарапшылар ел астанасына жиналды.

Әлем • 20 Желтоқсан, 2021

Мерейлі мерекемен құттықтады

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады.

Үкімет • 16 Желтоқсан, 2021

Сақтандыру саласы оңтайландырылады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен отырыста Палата депутаттары сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021

Италиядан жеткен «Раушан»

Ұлттық музейде «Шекарасыз музей» идеясының шеңбері мен Италия Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл­дығы аясындағы «Ита­лия Республикасының Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығымен құттықтауы» ресми салтанатты шарасы өтті.