
• 20 Қазан, 2017
Баяғының жастарына «Мен өмірден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақстандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.
• 10 Қазан, 2017
Жаһандану жалынына шырмалған жастықтың балағына Батыстың балдыры оралып, адымын аштырмай әлек. Ересектің өзін есеңгірететін екпіні ерен, бос қалбырдай даңғырлаған музыкаға майдай еріп ентелегендердің бетін су сеуіп әзер бері қаратқанмен, дініміз бен дәстүрімізге кереғар дүбәра дүниелер – фильмдер, сериалдар, бейнеклиптер, басқа да қаптаған сүреңсіз әдет-дағды жасыл құрақты белінен үзіп, күш қолданбастан бағындырып жатыр, өрендеріміздің өресін улауда. Еуропаға еліктеймін деп өзінің ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын қарадай жоғалтып алуда деген дабылымыз мыңның болмаса да онның құлағына жетсе екен деген үмітпен тағы да осы мәселеге қайта айналып соғуға мәжбүрміз.
• 29 Қыркүйек, 2017
Кейде отандық бір фильмді, не спектакльді тамашалаған соң, ержүрек қаһарман батырларымызды – шыбықтай нәзік, әлжуаз, ал егде жастағы кісілерді, ақ самайлы аналар мен қарияларды уылжыған жас актерлердің ойнағанына қарадай қапаланып, «шіркін-ай мұндай кесек тұлғаны ана бір актер сомдағанда, оң жамбасына келіп-ақ тұрған жоқ па?», «Қап, әттеген-ай, мына рөлді түгенше ойнағанда құлпыртып жіберетін еді-ау» деп көпке дейін әлгі олқылыққа опынып жүретін кездер болады.
• 18 Қыркүйек, 2017
Соңғы кезде әлдеқашан марқұм болып кеткен майталман тұлғалар, тарихи есімдер туралы әлеуметтік желіде түрлі дақпырт сөздерді желше гулетіп, қадірлі, сыйлы зиялыларымыздың өмір-өзегінен кір-кілтипан іздеу, сенсация қуу, т.с.с. жат әдеттердің жапан түзде жалғыз жортқан саршұнақша ара-тұра төбесі қылтиып көрініп қалып жүр.
• 21 Тамыз, 2017
Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шалқыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.
• 11 Тамыз, 2017
Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік, қазақ тілінде сауатты жазайық деп, өзге тілдерден енетін термин сөздерге басымыз қатып жүргенде, мына бір жайт тіліміздің тазалығына ашық нұқсан тигізгелі тұр. Бұрындары көше бойларындағы алабажақ атауларды, сауда үйлері мен түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының маңдайшаларындағы бөтен сөздерді түзету мұң болатын. Кейде тіпті оларға көзің түсіп кеткенде өзіңді Еуропаның бір бейтаныс қаласында келе жатқандай сезінетінсің. Бұл жерде нақты мынадай-мынадай орындардың аты деп әрине, ағылшынша атауларды қаздай тізіп көрсетуге болар еді, бірақ одан не пайда? Біздікі көрген-білгендерімізді жұртпен бөліссек деген ой ғана.
• 28 Шілде, 2017
Әншейінде әңгіменің тиегін онша көп ағыта бермейтін, одан да көкейіндегісін ақ қағаздың бетіне тап-тұйнақтай етіп түсіріп әкелуді құп көретін белгілі қаламгер, ғалым Мырзагелді Кемелдің туған жерді сүюдің мінсіз үлгісі туралы айтқан мына бір сөзі кім-кімге де үлкен ой саларлық еді.
• 22 Маусым, 2017
Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қандай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқандай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының санасын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәдениетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті.
• 13 Маусым, 2017
Оқтау жұтқандай қақшиып, сахнада жөндеп не иіле алмайтын, белдері қарысып бүгілмейтін адамдардың қалай ұялмай-қызармай биші болатындығына таңымыз бар. Мұндайда, әрине әуелі іргеміздегі көршілес елдерге көз тігетін әдетіміз. Мына ала топпылы өзбек ағайындарды айтамыз да. Өзбекстанға жақын орналасқан аймақта туып-өскендіктен, өзбек-акалардың «қошықтары» мен «ракстары» туралы біраз естіп-көрген хабарымыз бар енді.
• 29 Мамыр, 2017
Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой.