Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
137 материал табылды

Театр • 02 Наурыз, 2021

Дәрігерлерге тарту

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 1 нау­рызда Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық дәрігерлерге арнап қайырымдылық акциясын өткізді.

Өнер • 02 Наурыз, 2021

Бас театрдағы балалар студиясы

Білім беру жүйесі мен ұрпақ тәрбиесін шығармашыл әлемнен бөле-жарып қарау әсте мүмкін емес. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең ауқымды өзгерістер бала тәрбиесі ісімен айналысатын барлық мамандарға үлкен міндеттер жүктейтіні тағы рас.

Білім • 22 Ақпан, 2021

Кітап оқудан кім алда?

Мектеп оқушылары арасында өткен «Кітап оқығанды жақсы көремін» республикалық байқауы бала қиялының шексіздігіне көз жеткізді.

Руханият • 11 Ақпан, 2021

Жанғали Жүзбай: Дала күйшілерінің үлгі-мәнерін үйрендім

– Биыл алпыс жасқа толған екенсіз. Көңіл күйіңіз жақсы ма? – Алпыс – өткенге есеп беретін жас екен. Осы уақытқа дейінгі кезеңімді еске алсам, маңызды дейтіндей ешнәрсе істемеген екем. Әйтеуір жастықтың жалынымен өнерге талаптандық, күй деген киелі дүниеге ғашық болдық. Дәулескер күйшілерге еліктедік, «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, солар шерткен күйдің қайырымын қал-қадерімізше көкірекке тоқуға тырыстық. Жастық ауанымен әрненің басын бір шалған әурелі күндеріміз де көп болды.

Руханият • 04 Ақпан, 2021

«Сен» деп сізге не дейін...

Интернетте бір автор: «Сіз» деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір-біріне деген сенімін азайтады. Ондай су­бор­­динация ата-ана мен бала арасында бол­мауы керек. Бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабыл­дайды. Сондықтан бала ата-анасына «сіз» демей, «сен» деп сөйлеуі керек, «сіз» деп таны­майтын бөтен адамға немесе аса құр­метті үлкен адамдарға ғана айтылады» дейді. Мұны оқып, жыларымызды не кү­лерімізді білмедік.

Өнер • 26 Қаңтар, 2021

Бағдат Әбілханов: Адамзаттың ортақ құндылығына айналған аспап

– Страдивари мен Гвар­не­ридің ескі және қымбат музы­калық аспаптарында өнер көр­сететін музыкант Қазақ­станда саусақпен санарлық қана екен. Бұл скрипкалар несімен құнды? – Халық сеніміне ие болған сондай музыканттар қатарында әйгілі италиялық шебер Джозеф Гварнеридің қолынан 1685 жылы шыққан аспаппен өнер көр­сетіп жүргеніме қуаныштымын. Қазіргі уақытта мұндай скрипканың құны 17-18 миллион еуроға бағаланады. Оның нақ­ты құндылығы ғаламат дыбысы мен тем­брінде, ешқашан ескірмейтінінде. Тех­но­логия дамы­ған қазіргі заманның өзінде адам­зат баласы неше түрлі машинаны, ком­пьютерді ойлап тапқанымен, керемет рес­тавраторлар болғанмен, дәл мұндай аспап­тарды, сапалы дыбысты жасау әсте мүм­кін емес. Менің қолымдағы көне скрип­­ка Қазақстанға өткен ғасырдың 60-шы жыл­дары Ресейден келгені белгілі. Қа­­зіргі уақытта ол бірегей аспаптар­дың мем­­ле­кеттік коллекциясына енген және «Астана Операда» арнайы сейфте сақ­таулы.

Таным • 21 Қаңтар, 2021

Сынның пайдасы мен зияны

Тілді қарым-қатынас құралы деп қана емес, ішкі мәдениетің мен рухани бейнеңнің, тәлім-тәрбиең мен дүниетанымыңның айнасы деп бағалауға аса мән бере қоймауы­мыздан кейде опық жеп қалып жататынымыз бар. Германияда тұратын Айнұр Асқар­қызы есімді қызымыз өзінің желідегі парақшасында: «Өзінің мінін көрмей, өзгеден мін іздеу әдетке айналып бара ма, қалай өзі. Біз қытайлар секілді көп xалық емеспіз. Кең-байтақ жеріміз болғанымен, сол кең жердің әр тұсында тарыдай ша­шыл­ған аз ғана xалықпыз... Сонда да бір-бірі­мізге ауыр сөз айтып, жазықсыз айыптап, себепсіз кінәлап, жанталасып жатамыз. Соншама неге ішіміз толып кеткен? ...Бір-бірі­мізге мейірімді болайықшы!» деп ой тас­тапты.

Театр • 20 Қаңтар, 2021

Сегізінші маусымдағы тың серпін

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сегізінші маусымы премьералармен ғана емес, сондай-ақ айтулы халықаралық байқаулар мен фестивальдерде қол жеткізген толайым табысымен есте қалмақ. Қазірдің өзінде балет солистері, оркестр музыканттары мен концертмейстерлер елеулі нәтижелерімен қуантып, қанжығаға байланған жүлде саны 28-ге жетті.

Сұхбат • 08 Қаңтар, 2021

Анатолий Гусев: Опера ұдайы ізденісті талап етеді

Опера өнерінің хас шебері, профессор, ұстаз, халықаралық деңгейдегі коуч Анатолий Гусев Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсының премьерасы қарсаңында «Астана Опера» солистеріне кәсіби шеберлікті шыңдау мүмкіндіктері туралы дайындық сабағын өткізген болатын. Премьера қарса­ңында аталған өнер өкілімен әңгімелескен едік.

Руханият • 29 Желтоқсан, 2020

Тілектестің тілі ортақ

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылға жуық уақыт ішінде бір ауыз қазақша үй­ренуге жарамаған кей отан­дастың жан-бей­несіне үңілгенде, сонау бір жылдары Жапонияда өткен Қазақстан мәде­ниеті мен өнері күндері жобасы жадымызда еріксіз қайта жаңғырады.