«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сегізінші маусымы премьералармен ғана емес, сондай-ақ айтулы халықаралық байқаулар мен фестивальдерде қол жеткізген толайым табысымен есте қалмақ. Қазірдің өзінде балет солистері, оркестр музыканттары мен концертмейстерлер елеулі нәтижелерімен қуантып, қанжығаға байланған жүлде саны 28-ге жетті.

– Әртістеріміздің халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне барлық жағдай жасалған. Пандемия кезінде байқаулардың бір бөлігі онлайн-форматта өткеніне қарамастан, белгілі музыканттар өз өнерін бейнежазбалар арқылы жолдап, халықаралық қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар доданың басым бөлігі дәстүрлі үлгіде өтіп, өнер сахнасы нағыз шыңдалу мектебінің рөлін атқарды. Театрдың күнделікті тыныс-тіршілігіне қоса, халықаралық ірі байқауларға қатысып, өнер көрсету оңай болған жоқ, әрине. Дегенмен солистеріміздің жоғары кәсіби деңгейлерін жыл сайын үлкен додаларда растап жатқандығы қуантарлық жайт. Театр маусымының екінші жартысы да жемісті деуге толық негіз бар, классикалық өнерсүйер қауымды алдағы уақытта да труппа әртістерінің жарқын жеңістерімен, жағымды жаңалықтарымен қуантамыз деген үміттемін, – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.
Оркестр музыканттары Дамиля Махпирова (гобой), Алексей Косырев (флейта), Алмас Тоқпанов (кларнет), Әсет Нелдібаев (фагот), Марат Қонысбаев (валторна) «Бессарабия дарындары» халықаралық фестивалінде (Белгород қ.), «Поволжьенің күміс кернейлері» 24-фестивалінде, сонымен қатар Golden star (Одесса қ., Украина) халықаралық байқауында бірінші орынды иеленсе, Әйгерім Дәуітбаева (флейта) «Мұра» І халықаралық орындаушылар байқауында (Прага қ., Чехия) Гран-приді жеңіп алды. Оркестр музыканттары Әйгерім Дәуітбаева, Мақсат Сүлейменов, Ерболат Тәшкенбаев «Дарындардың жаңа жылдық калейдоскопы» (Мәскеу қ., Ресей) халықаралық көпжанрлы байқауында Гран-приге қол жеткізді.
Шернияз Назаров (фагот) Должиков атындағы ІХ халықаралық фестиваль-байқауы мен Халилов атындағы «Воронеж үрлемелі аспаптар ассамблеялары» халықаралық фестивалінде (Воронеж қ., Ресей) бірінші орынды иеленді. Әсет Нелдібаев (фагот) Camerton competition халықаралық байқауында (Мәскеу қ., Ресей) жеңімпаз атанса, тромбоншы Фархад Болатов П.И.Чайковский атындағы ММК, Grand Music Art VIII халықаралық байқауы мен П.И.Чайковский атындағы ММК, Р.М.Глиэр атындағы IV халықаралық музыкалық байқауында (Мәскеу қ., Ресей) I дәрежелі лауреат атанды. Төрт рет Гран-при иегері атанған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балет труппасының жетекші солисі Бақтияр Адамжан Dance Open халықаралық балет фестивалінде (Санкт-Петербург қ., Ресей) Үлкен театрдың солисі Анастасия Сташкевичпен керемет дуэт орындады. Әлемдегі ірі балет фестивальдерінің барлығы дерлік Бақтияр Адамжанның қатысуынсыз өтпейтіндігін айта кеткен абзал.
Сондай-ақ басқа да көптеген әртістер түрлі халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Олар мұндай жеңістер жаңа мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыратынын, сондай-ақ құрамында танымал музыкалық халықаралық агенттіктер мен опера үйлерінің өкілдері бар кәсіби қазылардан шарт бойынша шақырту алуға тамаша мүмкіндік екенін баса айтты.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар