Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
137 материал табылды

10 Желтоқсан, 2020

Елордада жаңа театр ашылады

Тәуелсіздік күні қарсаңында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында еліміз театрлары тағы бір өнер ошағымен толыққалы отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Жас көрермендерге арналған музыкалық театр өзінің алғашқы маусымын 14 желтоқсанда М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Қараша, 2020

Ой түбінде жатқан сөз...

Адамның өміріне ойы мен пейілінің ерекше әсер ететіндігін жиі естиміз. Пси­холог маман­дардың айтуынша, адам әр сағат сайын жымиып, бақытты жанның кей­піне еніп тұруы керек екен. Көңілге осындай сезім орныққан сәтте ғана жүй­ке мен ми қалыпты ырғақта үйлесіп, жақ­сы жұмыс істей бастай­тын кө­рінеді.

Руханият • 20 Қараша, 2020

Қазақы әдеп

Платон данышпан: «Игіліктің төрт түрі бар», – деген екен. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Осы қағиданың біз бүгін тек біреуіне ғана, яғни әдептілік жайына тоқталғымыз келіп отыр. Оған себеп, кейінгі кезде жақсы мен жаманның аражігін ажыратпай, мәселенің ақ-қарасын білмей тұрып, біреуді сырттай сыдырта сөге сөйлеу, сынап-мінеу, нәпсінің азғыруына еріп, жалған, лепірме, бос сөзге ерік беру секілді халықтық қалыбымыз бен қазақы әдебімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат құбылыстар тым белең алып барады.

Руханият • 20 Қараша, 2020

«Бір үйде жиюлы екен қазына мал»

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихын ғалымдар сонау ықылым замандардан, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің тарихи зерттеу-жазбаларынан ­бастау алатынын алға тартады. Уақыт өте келе ұлттық қазынаның жандануына Шоқан Уәлиханов, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Өзбекәлі Жәнібеков секілді тағы да басқа танымал ұлт зиялылары атсалысса, халқымыздың көне музыкалық аспаптары мен дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінің кейінгі қайта даму кезеңі Болат Сарыбаев есімімен тығыз байланысты. Аспаптанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгінсек, музыкалық жауһарлар алғаш өнер туындысы ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылатын құрал, бұйым тұрпатында пайда болғаны мәлім. Үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптар атының тіпті көне зерттеулер мен Батырлар жырында жиі ұшырасуы халық өнері қорының тамыры тереңде жатқандығын, музыкалық аспаптардың қазақ даласында сан алуан түрі болғанын айғақтай түседі. Төменде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі Рүстем ҚАЙРАТҰЛЫ рухани байлығымызға баланған осынау құнды жәдігерлерді сақтап, зерттеудің маңызы мен болашағы туралы баяндайды.  

Өнер • 18 Қараша, 2020

Стефани Бауэрле: Қазақтың ою-өрнектерінен өмірдің өзін көрдім

Вивьен Вествуд пен Валентино, сонымен қатар Джон Ноймайер, Ролан Пети, Пьер Лакотт, Владимир Малахов, Йорма Эло, Луиза Спинателли, Сандра Вудолл сынды әйгілі дизайнерлермен, хореографтармен, суретшілермен жұмыс істеген белгілі суретші Стефани Бауэрле «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналанған «Дала үні» балетіне костюмдер әзірлеуде. Айта кету керек, белгілі композитор Тілес Қажығалиевтің музыкасы негізінде хореограф Патрик де Бананың қойылымымен Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұсынылатын «Дала үні» ұлттық балеті Қазақстанның мәдени өмірі үшін елеулі оқиға болмақ. Қоюшы-дирижері – Абзал Мұхитдин, либретто авторы – танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, ақын Бақыт Қайырбеков, хореографиялық либретто адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель. Төменде спектакльдің суретшісі Стефани Бауэрле осы оқиғаға орай ойларын ортаға салып, премьераға дайындық туралы айтып берді.

Руханият • 06 Қараша, 2020

Жат жарылқамайды

Өзімізге әрдайым сын көзбен қарап үйренгеніміз жақсы-ау әрине, бірақ бұл ұстаным қанымыздағы қазақы қасиеттерді мансұқтау, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан адасу, жалтақтау, жалбақтау сияқты сан соқтырар түрлі өкінішке қалдырмаса екен дейсің. Өйткені әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізге, тіліміз бен ділімізге, әдебіміз бен байырғы түр-тұрпатымызға тым селқостық танытып, ал өзгенікіне таңдай қағып, тамсана берудің соңы ешқашан жақсылыққа апарып тіремесі мәлім.

Руханият • 27 Қазан, 2020

Бір сұрақтың жауабы

Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қан­дай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секіл­ді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға бас­ты өлшем болып келе жатқан осы қағи­даға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүр­геніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тір­шілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.

Руханият • 08 Қазан, 2020

Өзін білімге арнаған жандар

Ұстаздардың Республикалық Don’t worry be a teacher байқауы мәресіне жетті.

Руханият • 07 Қазан, 2020

Күрең күздің күмбірі

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залында өтетін концерттік бағдарламалар балаларға арналған музыкалық шығармаларды да қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 01 Қазан, 2020

«Бетперделі» пенделер

Күнделікті өмірде неше түрлі адаммен жолымыз тоғысып қалып жатады. Жан-жағындағыларға жанашырлық танытып, мейірім нұрын себелеп жүретін қарапайым, кішіпейіл, адамгершілігі мол тұлғаларға көпшіліктің сүйіспеншілігі мен сый-құрметі әрине, қай кезде де жоғары болып қала бермек. Алайда жан дүниеңіз тек шуақты күннің шұғыласына нұрланып, өмір көшінде алдыңыздан үнемі осылай жайсаң жандар ғана ұшыраса ма? Адамдар туралы жақсы ойлау, жақсылық жасауға құштарлық барлық адамның қолынан келе бере ме?