Руханият • 14 Шілде, 2020
Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың: «Егістік жерді жаздың ыстық айларында бірнеше рет суармаса, шыққан егін мүлде қурап кететіні секілді дер кезінде жалғастығын таппаған дәстүр де жоғалады», деген сөзі кейінгі ұрпақты ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа баулып тәрбиелейтін, байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен тұратын жыр-толғау, терме жанрларынан көз жазып қала жаздап отырған қазіргі қалпымызға қаратып айтылғандай әсер қалдырады.
Руханият • 08 Шілде, 2020
"Астана Опера" театрының жетінші маусымы жарқын әрі есте қаларлық премьералар мен халықаралық жобаларға толы болды. Өкінішке қарай, маусымның нағыз қызған шағында коронавирус салдарынан көп жұмыс кейінге шегеріліп, сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды онлайн-режімде көрсетуге тура келді. Бірқатар премьералар, атап айтқанда,Г.Доницеттидің "Дон Паскуале", "Махаббат сусыны" опералары, Т.Қажығалиевтің музыкасына жазылған "Дала үні" балетінің өтетін күндері алдағы сегізінші маусымға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 07 Шілде, 2020
Елорда күні мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 80 жасқа толу құрметіне арнайы ұйымдастырылған «Ұлы елдің мұрасы» фотоқұжаттық көрмесі 10 шілдеге дейін жалғасады деп күтілуде.
Өнер • 07 Шілде, 2020
Қойылымдардың онлайн-көрсетілімі
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры TengriTV және театр сайты арқылы өнерсүйер қауымның назарына жиырмадан астам опера және балет туындысын, сондай-ақ әлемдік және отандық классиканың інжу-маржандарынан концерттік бағдарламалар ұсынбақ.
Өнер • 02 Шілде, 2020
"Астана Опера" қойылымдарды онлайын көрсетеді
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры TengriTV және театр сайты арқылы өнерсүйер қауымның назарына жиырмадан астам опера және балет туындысын, сондай-ақ әлемдік және отандық классиканың інжу-маржандарынан концерттік бағдарламалар ұсынбақ.
Сұхбат • 02 Шілде, 2020
Саламат Садықова: Алатаудың баурайында ән салдым
Ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, өнері мен музыкалық аспаптарына дейін аралас айыр қалпақты ағайынмен рухани байланысымыздың тарихи тамыры тым тереңде жатыр. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен бауырластық байланыстарды әсіресе өнер әлемінен көптеп мысалға келтіруге болады. Соның бірі – мақамы мен мағынасы ұқсас дәстүрлі ән өнері десек, қазақ-қырғыз мәдениетіне ортақ тұлға, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Тоқтоғұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Саламат САДЫҚОВАНЫҢ өнері көпшілікті өзгеше өрнегімен сүйсінтеді.
Қазақстан • 01 Шілде, 2020
Қала күні мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдығы құрметіне арнайы ұйымдастырылған "Ұлы елдің мұрасы" фотоқұжаттық көрмесі 10-шілдеге дейін жалғасады деп күтілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Ағылшын тілінің үздіктері анықталды
Ағылшын тілінен оқытатын ұстаздар үшін "Арманға апарар жол", 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған "Бастауыш мектептегі ағылшын тілі: ойын арқылы оқимыз" және жоғарғы сынып оқушылары арасында "My best student’s book" атты республикалық сайыстар өз мәресіне жетті, - деп жазады Egemen.kz
Сұхбат • 29 Маусым, 2020
Талғат Мұсабаев: Абай – жаныма жақын ең жарқын бейне
«Астана Опера» театры астана күні құрметіне өз сайтынан және TengriTV-ден қазақ ұлттық опера өнерінің жауһар туындысы – А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын ұсынбақ. Қойылымдағы басты партияны сомдаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев мерекелік іс-шараға не үшін бұл спектакльдің таңдалғаны туралы айтып берді.
Руханият • 29 Маусым, 2020
Кірме сөздер һәм тіл үйлесімдігі
Тіл мамандары түркі тілдерінің бәрінің түбірі – ортақ тіл деген тұжырымға келіп жүр. Дыбысталуы әр түрлі болғанмен ортақ сөздер негізінде бірегей терминологиялық лексиканың іргетасы қаланып, қазақ тілінің сөздік қоры қалыптасқаны мәлім.