Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
137 материал табылды

13 Ақпан, 2018

Көрінбейтін көршілер

Қалада тұратындардың бәрі емес, бірақ дені қоңсыларының аты-жөнін білмейді, тіпті танымайды. Өйткені бозала таңнан қас қарайғанға дейін жұрттың бәрі жұмыста. 

01 Ақпан, 2018

Фонограммаға тоқтау бола ма?

  Соңғы уақытта жұрттың фоно­грам­маға қарсы наразылығы отқа май та­мыз­ғандай өршіп тұр. Сахнада орындайтын әндерін компьютердің көмегімен айтушылар мен аузы жыбырлап тұрғанмен дауысы фонограммамен қабыспай, үйлеспей, тіп­ті айдалаға қиыс кетіп жатқанына қым­сынбайтын, ұят санамайтын бәт­шағарлар халықтың ыза-кегін әбден қайнатып бітірді. Ән айтса, жанын жеп айтатын далалық дәстүрлі тұма бұлақтардың сыңғыры бірте-бірте көз ұшынан жылыстап бара жатқан керуеннің көшіндей санада сұлбалары көмескілене елес береді.

23 Қаңтар, 2018

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

27 Желтоқсан, 2017

Қазақ эстрадасы, қайда барасың?!

Қазір эстраданы осындай шуылдақ, бейәдеп сарындар бұзуда. 

06 Желтоқсан, 2017

Алдыңғы толқын апалар...

Астанаға қоныс аударғанымызға шамамен бір жыл өтті ме, әлде одан сәл асыңқырап кетті ме екен, Алма­ты­дағы сыйлас апаларымыз­бен арадағы байланысымыз сәл үзілің­кіреп қалса керек. Бірде телефонның құлағы безілдеп қоя берді.

21 Қараша, 2017

Жанды жаралау оңай

Мақалама пайдаланған «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген қанатты қағидамды редактор бел ортасынан шолтитып кесіп тастады. Шама-шарқымызды парықтай бермейтін көкөрім кез.

08 Қараша, 2017

Қыр мен сыр

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек аға­мыз ара-тұра басылымға бас сұ­ғады. Ол кісі негізі көп жерде жұмыс іс­теген. Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Ара», «Білім және еңбек» басылым­дары, тіп­ті Бас про­куратура, Жоғарғы сот,­ театр... 

30 Қазан, 2017

Қазақша нан сұраған Наташа

Ауылда қазақтардың ортасында өскендіктен мүдірмей таза қазақша сайрап кеткен шығар дейін десеңіз, сөйлеу, киіну мәдениеті жағынан таза қала­лық осы бір сүп-сүйкімді орыс қызы­ның «Магнат» магазинінде дүкен­ші қазақ қыздан қажетті азық-тү­лі­гін орысша емес, үнемі қазақ тілінде сұрап тұратынына жиі куә-дүрмін.

20 Қазан, 2017

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

10 Қазан, 2017

Кумир

Жаһандану жалынына шыр­мал­ған жастықтың балағына Батыстың бал­дыры оралып, адымын аштырмай әлек. Ересектің өзін есеңгірететін екпіні ерен, бос қалбырдай даңғырлаған музы­каға майдай еріп ентелегендердің бе­тін су сеуіп әзер бері қаратқанмен, дініміз бен дәстүрімізге кереғар дүбәра дүниелер – фильмдер, сериалдар, бейнеклиптер, басқа да қаптаған сүреңсіз әдет-дағды жасыл құрақты белінен үзіп, күш қолданбастан бағындырып жа­тыр, өрендеріміздің өресін улауда. Еуропаға еліктеймін деп өзінің ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын қарадай жо­ғалтып алуда деген дабылымыз мыңның болмаса да онның құлағына жетсе екен деген үмітпен тағы да осы­ мәселеге қайта айналып соғуға мәж­бүрміз.