Аймақтар • 30 Шілде, 2020
"Абай әндері" онлайн-байқауына дауыс беру басталды
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 86-шы театр маусымының аяқталуы мен Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, 13 шілде мен 9 тамыз аралығында кәсіби емес орындаушыларға арналған "Абай әндері" онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқауға қатысу үшін Абай Құнанбайұлының өзіңіз сүйіп тыңдайтын шығармасын орындап, оны бейнеге жазып жіберу қажет. 30 шілде сағат 00.00-ден бастап онлайн дауыс беру жарияланды", - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 30 Шілде, 2020
Дезинфекция құралдары туралы дақпырт
Пандемия басталғалы бері түрлі қауесет те қоса пайда болды. Ар жағында кімдер тұрғаны аян, көзге көрінбейтін ақпараттық соғыста арандап қалып жүргендер де аз емес. Сол сияқты инфекцияның таралуын тежеу үшін қолданылатын дезинфекциялық қоспалар адам ағзасына зиян екен деген де дақпырт бар.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Алматы ХҚО-лары сапалы қызмет пен сауапты істі қатар алып жүр
Қазақ халқында "Жақсылық көрсең асыр..." деген сөз бар. Қазіргі кезде елімізді қауіпті індет дендеп, кәрі-жас демей жанталасып, қауіпті дертпен күресіп жатыр. Жақындарынан, ағайын-туыстардан айырылып қалғандар қаншама... Осындай қиын-қыстау кезеңде қиналып жүргендерге қол ұшын созып, жәрдем беруден адамның адамшылығы мен мейірбандылығы көрінеді. Бұл бір сынақ. Денсаулықпен ғана емес, адамшылығымыз бен қайырымдылығымыз да сынға түсіп жатқан кез.
Медицина • 29 Шілде, 2020
Алматының онкологиялық орталығында жарты жылда 7 мың науқас емделді
Мегаполисте пандемияға байланысты карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, Алматының онкологиялық орталығы науқастарды амбулаторлық қабылдап, диагностикалық зерттеу мен емдеуді жалғастырып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Алматыда 1300-дей адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген
Алматыда 1300-дей адам "Qurban-2020" онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Алматы қаласының Бостандық ауданының "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады, - деп жазады Egeme.kz
Медицина • 29 Шілде, 2020
Емдеу жүйесіне өзгерістер енгізілді
Алматы қаласында медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсектік орын қорының жүктемесін азайтуға септесе бастағанын байқауға болады. Шаһарда жедел жәрдем мен емханалардың, стационарлардың жұмысынан бастап барлық бағыттар бойынша жұмыс тәсілдері өзгертілді.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Азадан ақша жасағандар жазаланады
Біреудің қайғы-қасіретінен табыс табуға ұмтылған міскіндер мына дүниеде болмаса да ана дүниеде жауап беретіні анық. Алайда, қазіргі жағдайда қоғам тұрақтылығы үшін біреудің азасы мен қазасынан ақша жасап жатқандар тізгінін тартып, міндетті түрде жазасын алғаны жөн. Қандай жолмен болса да байығысы келетін қорқау дүниеқоңыздық барлық кезде болған. Адаммен бірге жасап келе жатқан ашкөздік кісінің көз жасы, обал, сауабына қарамайды.
Медицина • 28 Шілде, 2020
Алматы инфекционистері дезинфекция пневмония тудырады деген ақпаратты жоққа шығарды
Бүгінгі таңда Алматының кейбір тұрғындары коронавирус инфекциясының таралауын тежеу мақсатында қала аумағына өңдеу жасалатын дезинфекциялаушы қоспалардың денсаулық үшін зиянды деп қауіптенуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Алматы дәрігерлері: Бұл дезинфекциялық құралдарды 20 жылдан бері пайдаланып келеміз
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов дезинфекция пневмонияның себебі болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Түзеу мекемесінің тірегі – еңбек
Алматы облыстық ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесінде "Еңбек-Жауғашты" РМК филиалы қызметкерлері мен сотталғандардың жұмыс барысындағы кездесуі өтті. Онда аталған мекеме аумағында ЖЕӘ – жеке еңбек әрекетін ашуға қызығушылық танытқан сотталушыларға осы мәселе бойынша түсіндіру жүргізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.