"АЯЛА" қайырымдылық қоры "Ақтөбе медициналық орталығы" МКК балалар стационарының реанимациясына шала және әлсіз туған сәбилердің қарқынды терапиясына арналған инкубатор мен сарғайып туған нәрестелерді емдейтін фототерапия шамын жеткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеге берілген жабдықтың жалпы құны 7,2 млн теңгені құрады. Бұл сома 2019 жылы "Өмір сыйлайық" жобасының шеңберіндегі шаралар және GAZ Energy желісінің бокстары, қазақстандықтардың Касса24 терминалдарымен аударымдар арқылы, "KOMPRA" ЖШС-мен бірге жасалған шаралар, сондай-ақ жеке тұлғалардың қайырмалдықтары арқылы жиналды.
Фототерапия шамдарын қордан Ақтөбеден басқа Алматының перинаталдық орталықтары алды. Екі шам Қалалық перинаталдық орталыққа, тағы үшеуі – Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына орнатылды. Бұл жабдықтың жалпы құны 6 млн теңгені құрайды. Бұл сома 2019 жылы "Өмір сыйлайық" жобасы шеңберінде жиналған болатын.
Жыл сайын "Ақтөбе медициналық орталығының" (бұрынғы Облыстық балалар клиникалық ауруханасы) балалар стационары арқылы 80 мың бала өтеді, оның ішінде 12 мыңы ауруханаға жатқызылады. Бұл медициналық мекеменің басшылығы балалар реанимациясы үшін медициналық жабдықтар сатып алуға көмек сұрап, "АЯЛА" қорына жүгінді.
"Он мыңдаған қайырымды қазақстандықтар біздің қордың осы ауруханаға ең озық, тиімді және қауіпсі жабдық сатып әперуіне көмектесті. 14 жылдан бері біз дәрігерлеріміздің елімізде неғұрлым көп баланың өмірін құтқарып қалуы үшін жұмыс істеп келеміз. Неонатологтар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткіземіз, жаңа туған сәбилерге медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдар шығарамыз. Менің философиям қарапайым – бұл денсаулық сақтаудың проблемаларын дәрігерлермен, Денсаулық сақтау Министрлігімен өнімді және кәсіби диалог арқылы жүйелі түрде шешу үшін ресурстар шоғырландыру. Жыл сайын күшімізді біріктіріп, еліміздің мыңдаған балаларының өміріне араша болып жүргенімізге қуанамын", - дейді "АЯЛА" қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Дене салмағы өте аз болып туған сәбилерге арналған ИДН-03-"УОМЗ" инкубаторы шала туған балалардың өміршеңдігі мен денсаулығын жақсартады. Ол ауаның температурасы мен ылғалдылығы, оттегі шоғырланымы, баланың дене температурасы мен салмағының параметрлерін микропроцессорлық басқарумен жарақтандырылған. Инкубатор шала туған және әлсіз балаларға күтім жасауға және тиімді реанимация жүргізуге арналған, сондықтан сәбилер патологиясы бөлімшелерінде базалық терапия үшін қолданылады.
ОФН-2-УОМЗ фототерапевттік неонаталдық сәулелендіргіш тікелей сәбидің инкубаторына орнатылады немесе кронштейннің көмегімен оның діңгектерінің біріне бекітіледі. Онда көк-жасыл спектрдегі сәуле көзінің жаңа түрі пайдаланылады, ол бала ағзасына мүлдем зиянсыз.
Фототерапия шамы сәбидің сарғаюын емдеп, саулығы мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі. Сәбилердің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылуына алып келетін уытты билирубин деңгейінің жоғарылуы. Ол әсіресе, шала туған балалар, анемиясы және құрсақішілік жұқпасы бар балалар арасында жиі кездеседі. Қанда уытты билирубин деңгейінің аса жоғары болуы дамудың тежелуі, атетоидтік церебрал сал ауруы, ішінара немесе толық сал ауруы, толық жоғалтуға дейінгі есту проблемасы сияқты баланың бас миының қайтымсыз зақымдануының себебі болуы мүмкін.
Фототерапия шамы қызметінің шекті мерзімі 1 мыңнан 2 мың сағатқа дейін. Бұдан кейін ол ауыстырылуы тиіс. Сондықтан мұндай шамдарға сұраныс өте жоғары.
13 жыл ішінде "АЯЛА" қорының "Өмір сыйлайық" жобасы еліміздің 36 қаласы мен елдімекендеріндегі 67 медициналық мекемені қамтыды. Бокстар, Касса24 терминалдарымен аударымдар арқылы және жеке қайырмалдықтар арқылы жиналған қаражатқа Қазақстанның балалар реанимацияларына 95 фототерапия аппараты, 9 өкпені жасанды желдету аппараты, жаңа туған сәбилерге арналған 7 инкубатор, 18 реанимация үстелшелері, 140 инфузиялық және шприцтік мөлшерлегіштер, 7 СИПАП аппараты, 26 төсек жанындағы монитор, 2 наркоз аппараты, дефибриллятор, ЭЭГ аппараты және балалардың өмірін құтқару үшін маңызды жүздеген басқа медициналық құрылғылар орнатылды.
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар