Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Алматыда бір тәулікте 174 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Бүгін, 14 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 346-ға жетті (оның ішінде 6-ы бала, 3 жүкті әйел бар).
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Алматыда «Фараби әлемі» халықаралық мәжілісі мәресіне жетті
Алматыда 6-9 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында университет факультеттерінде жүзден астам секция жұмыс істеді. Секциялар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. Жалпы, «Фараби әлемі» конференциясы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2020
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым апталығы» басталды. Ғылым саласы қызметкерлері күніне орайластырылған шара 17 сәуірге дейін жалғаспақ. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінің басшысы Жандар Асан хабарлады.
Коронавирус • 13 Сәуір, 2020
Алматыдағы №12 аурухана дәрігерлеріне жаппай індет жұқтырған кім?
Алматыда қазір екі бірдей емдеу мекемесі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Қаладағы Балалар жұқпалы ауруханасымен бірге, бұрынғы №12 аурухана, яғни Орталық қалалық клиникалық ауруханасы да карантинге жабылды.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Алматы: Медицина саласына бөлінген миллиондар...
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингінде алдымен қаладағы эпидемиологиялық жағдайға тоқтала отырып, медициналық мекемелердің дәрілік және қорғануға керекті бұйымдармен жабдықталу барысын баяндады.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Алматыда 27 медицина қызметкері індет жұқтырды
Бүгінгі күні, 13 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 172 жағдайы тіркелді.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлерге байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы да екі бірдей аурухананы карантинге жабуға мәжбүр болып отыр. Бүгін, 13 сәуірде Алматыда індет жұқтырғандар саны 172-ге жетті.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Алкоголь індеттің таралуына тосқауыл бола алмайды
Адам ағзасына алкогольдік ішімдіктердің келтіретін зияны туралы тақырып әр кезде, әсіресе бүкіл әлем COVID-19 пандемиясынан зардап шегіп отырған қазіргі уақытта да өзектілігін жоймай отыр. Бүгінде «Коронавирус инфекциясынан қалай сақтануға болады?» деген сұрақ адамдарды көп толғандыратын болды.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Алматыда Психологиялық қолдау қызметі ашылды
COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған карантин уақытында ел тұрғындарын қолдау мақсатында және өз-өзін оқшаулау жағдайында күйзелістің алдын алу үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мамандары психологиялық қызмет көрсетуді бастады.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2020
Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды.