Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Еламан Серік «Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің» қатарына енді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік 2tors.online өзекті оқу бағдарламалары бойынша онлайн репетиторлық сервисі ұйымдастырған математика пәні мұғалімдеріне арналған «Best online teacher of maths» онлайн олимпиадасында топ жарып, Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Отандық ортопедиялық аяқ киім кәсіпорны пациенттермен қалай байланысып отыр?
Отандық протездер мен ортопедиялық аяқ киім шығаратын жетекші кәсіпорын қатаң карантин кезінде пациенттермен қалай байланыс орнатып отыр?
Коронавирус • 22 Сәуір, 2020
21 сәуірдегі жағдай бойынша қала аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 212 аймағы бар. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Алматыда 66 індет ошағы карантиннен шықты
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің деректері бойынша, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін мерзімінің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен-жайлардағы 66 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2020
Православтарды «Ата-ана күнінде» бейіт басына бармауға шақырды
Алматының Жедел штабы «Ата-ана күнінде» бейіт басына бармауға шақырды. Православ дінінің салтына сәйкес, 28 сәуір «Ата-аналар күні» қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің жанынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде құрылған Жедел штабы індетті ауыздықтау мақсатында тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, соның ішінде, шіркеулер мен бейіттерге бармауға кеңес береді.
Тағайындау • 21 Сәуір, 2020
Вице-министр Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау саласын басқаруға келді
Соңғы күндердегі желдей ескен бейресми ақпараттар шындыққа айналып, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы ауысып тынды. Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі сынды лауазымды қызмет атқарған Камалжан Надыров Алматы қаласына Бас дәрігер болып келді.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Алматының бас дәрігері де қызметінен кетті
Бүгін Алматы қаласының бас дәрігері де ауысқаны ресми мәлім болды. Осы қызметті 2019 жылдың қарашасынан бері атқарып келген Тілеухан Әбілдаев қызметінен өз еркімен кетті. Біз бұған дейін де коронавирустық инфекция жұқтырғандармен тікелей байланыста болған Тілеухан Әбілдаевтың өзін өзі оқшаулап, кабинетінде қонып жүргені туралы хабарлаған едік...
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Алматының 3,5 мың дәрігерінің үй бетін көрмегендеріне айдан асты
Анығырағын айтқанда, коронавирус індеті бірінші болып табылған мегаполистегі 3,5 мың медицина қызметкерінің отбасына қайтпағанына қанша апта болды? Үйлерінің бетін, бала-шағасының жүзін көрмей, айдан астам уақыттан жұмыстан кейін қонақүйлер мен жатақханаларда тұрып жатқан ақ халаттылардардың жағдайы қандай?
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Алматы қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық, 150 карантиндік төсек-орын ашуға мәжбүр
Бүгін түс қайтқанша БАҚ өкілдері қойған сауалдарға әдеттегідей бір де бір жарытымты жауап бермеген Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, осы сәттерде қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылғаны туралы хабарлады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Алматыдағы №12 қалалық емхана да карантинге жабылды
Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 қалалық емхана карантинге жабылды.