Қазақстан • 17 Қазан, 2019
Адам баласы үшін бақыттың бастауы да, табыстың кілті де – мықты денсаулық. Денсаулықты нығайту үшін түрлі дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар ішіп, спортпен де айналысамыз. Алайда, пайдалылығына көз жеткізбей тұрып, биологиялық белсенді қоспаларға көп қаражат жұмсауға тым әуес болып кеткен жандар да жетерлік. Соның салдарынан сырқатқа душар болып, кесел тауып отырғандар бар.
Аймақтар • 16 Қазан, 2019
Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымында мүгедектігі бар 52 маман жұмыс істейді
Статистикаға жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстанда балдаққа сүйенген, креслоға таңылған 690 мың адам бар. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар – 424 мың болса, зейнеткерлік жаста – 177 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар саны – 89 мың адам. Ал әрбір санның астарында адам тағдыры, талпынысы, күйзелісі мен өмірге құштарлығы қатар айқасып жатқаны анық.
Аймақтар • 16 Қазан, 2019
«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» қызметін бастады
Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» жобасының басталғаны жөнінде баспасөз мәжілісі өтіп, Қазақстан әйелдерінің Үкіметтік емес ұйымдары қордаланған мәселелер төңірегінде өз ұстанымдарымен бөлісті.
Қоғам • 16 Қазан, 2019
Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді
Студенттер арасында жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Парасыз сессия», «Таза сессия», «Адал жол», акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтіп тұрады.
Қазақстан • 15 Қазан, 2019
Қыздар университеті іскер әйелдер туралы онлайн-кітапхана жасақтайды
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институты Қазақстанның іскер әйелдері туралы онлайн-кітапхана жасақтап, оны википедия желісінде орналастырылмақ.
Қоғам • 15 Қазан, 2019
Диляра Қайдарова: Обырмен күрестегі озық әдіс-тәсілдер ортаға салынады
15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет ТМД елдерінің Бүкіләлемдік онкология көшбасшыларының саммиті өтпек. Бүгінгі таңда обырдың өршуі өркениетті елдерді де алаңдатып отыр. «Дәтке қуат» дейтініміз, қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейгенімен, одан көз жұматындар саны азайып келеді. Айтулы оқиға қарсаңында осы ауқымды шараға мұрындық болып отырған еліміздің бас онкологы, Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдаровамен әңгімелескен едік.
Қоғам • 15 Қазан, 2019
Семіздік түрлі сырқатқа себепші
Қоғам кейде жоқтықтан ғана емес, тоқтықтан да зардап шегеді. Аясы тарылып келе жатқан әлемді алаңдатып отырған мәселенің бірі – адам ағзасына пайдасы аз, есесіне артық салмақ қосатын азық-түлік түрлері. Семіздіктен бастап, түрлі дерттердің белең алуына бастайтын зиянды тамақтар да тым тәтті, адам тез үйір болады. Адамдар бұл тамақтардың зиянды екенін біле тұра, неге одан бас тартпайды?
Аймақтар • 14 Қазан, 2019
Алматы жартылай марафонында 5 мыңдай әуесқой спортшы мәреге жетті
Жекесенбі күні Алматы жартылай марафонында 5 мыңдай әуесқой спортшы мәреге жетті. «Бірінші болу – батылдық» КҚ бастама болған бұқаралық спорттық іс-шара осымен екінші мәрте өтіп отыр. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және әлемнің 25 елінен мыңдаған қатысушы жиналды. Олар Тұңғыш Президент Саябағында сөреге шығып, 10 шақырым және 21 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, Орталық алаңда мәреге жетті.
Аймақтар • 12 Қазан, 2019
Алматыда жаңадан төселген асфальт жолдардың сапасы тексерілуде
Алматыдағы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары жаңадан асфальт төселген Төле би көшесінен сынама алды. Енді нәтижесі үш күн ішінде белгілі болмақ.
Руханият • 12 Қазан, 2019
«Бала дауысы» ән байқауының аймақтық іріктеу кезеңі аяқталды
Биыл «Бала дауысы» балалар ән байқауының төртінші маусымы 24-26 қазан күндері Алматыда мәреге жетеді.