Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2528 материал табылды

Руханият • 18 Қазан, 2019

Орынша ҚАРАБАЛИНА: Әрбір күніміз бақытқа толы болды

Замана құбылып, саясат жүз жерден өзгерсе де ұлттың бұлжымайтын құндылықтары бар. Ұстараның жүзіндей осы жолда арына қылау түсірмей өткен тұлғаның бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаев еді. Ұлт перзенті Әбіш Кекілбаев: «Мамыражай, жайма-шуақ, кеңпейіл Кәкімжан аға ызғарлы кезеңдерден кейінгі рухани тоңды жібітуде ерекше қайраттылық танытты. Әдебиетімізде, қоғамдық ойымызда, әлеуметтік көңіл күйімізде өшпес із қалдырды» деп түйіндеген тұғыры биік тұлға еді. Осындай абыройлы азаматқа адал жар болған, «халық жауы» атанған Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Орынша ҚАРАБАЛИНА апайдың абзал ағамыз жайлы әңгімесі әркімді тебірентері анық.

Қоғам • 17 Қазан, 2019

Асылы Осман: «Барым да, бағым да – қазақ тілі»

Танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 17 Қазан, 2019

Тоқ болса да тоғаймайтын ағза

Адам баласы үшін бақыттың бастауы да, табыстың кілті де – мықты денсаулық. Денсаулықты нығайту үшін түрлі дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар ішіп, спортпен де айналысамыз. Алайда, пайдалылығына көз жеткізбей тұрып, биологиялық белсенді қоспаларға көп қаражат жұмсауға тым әуес болып кеткен жандар да жетерлік. Соның салдарынан сырқатқа душар болып, кесел тауып отырғандар бар.

Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымында мүгедектігі бар 52 маман жұмыс істейді

Статистикаға жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстанда балдаққа сүйенген, креслоға таңылған 690 мың адам бар. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар – 424 мың болса, зейнеткерлік жаста – 177 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар саны – 89 мың адам. Ал әрбір санның астарында адам тағдыры, талпынысы, күйзелісі мен өмірге құштарлығы қатар айқасып жатқаны анық.

Аймақтар • 16 Қазан, 2019

«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» қызметін бастады

Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» жобасының басталғаны жөнінде баспасөз мәжілісі өтіп, Қазақстан әйелдерінің Үкіметтік емес ұйымдары қордаланған мәселелер төңірегінде өз ұстанымдарымен бөлісті.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді

Студенттер арасында жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Парасыз сессия», «Таза сессия», «Адал жол», акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтіп тұрады.

Қазақстан • 15 Қазан, 2019

Қыздар университеті іскер әйелдер туралы онлайн-кітапхана жасақтайды

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институты Қазақстанның іскер әйелдері туралы онлайн-кітапхана жасақтап, оны  википедия желісінде орналастырылмақ.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Диляра Қайдарова: Обырмен күрестегі озық әдіс-тәсілдер ортаға салынады

15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет ТМД елдерінің Бүкіләлемдік онкология көшбасшыларының саммиті өтпек. Бүгінгі таңда обырдың өршуі өркениетті елдерді де алаңдатып отыр. «Дәтке қуат» дейтініміз, қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейгенімен, одан көз жұматындар саны азайып келеді. Айтулы оқиға қарсаңында осы ауқымды шараға мұрындық болып отырған еліміздің бас онкологы, Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдаровамен әңгімелескен едік. 

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Семіздік түрлі сырқатқа себепші

Қоғам кейде жоқтықтан ғана емес, тоқтықтан да зардап шегеді. Аясы тарылып келе жатқан әлемді алаңдатып отырған мәселенің бірі – адам ағзасына пайдасы аз, есесіне артық салмақ қосатын азық-түлік түрлері. Семіздіктен бастап, түрлі дерттердің белең алуына бастайтын зиянды тамақтар да тым тәтті, адам тез үйір болады. Адамдар бұл тамақтардың зиянды екенін біле тұра, неге одан бас тартпайды?

Аймақтар • 14 Қазан, 2019

Алматы жартылай марафонында 5 мыңдай әуесқой спортшы мәреге жетті

Жекесенбі күні Алматы жартылай марафонында 5 мыңдай әуесқой спортшы мәреге жетті. «Бірінші болу – батылдық» КҚ бастама болған бұқаралық спорттық іс-шара осымен екінші мәрте өтіп отыр. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және әлемнің 25 елінен мыңдаған қатысушы жиналды. Олар Тұңғыш Президент Саябағында сөреге шығып, 10 шақырым және 21 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, Орталық алаңда мәреге жетті.