Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2338 материал табылды

Коронавирус • 22 Шілде, 2022

Індет қайта бас көтерді

Алматыда індет қайта күшейіп келе жатқанын жақын адамдардың ауырып жатқанынан-ақ біліп отырмыз. Өкінішке қарай, күн өткен сайын ковид жұқтырғандардың көрсеткіші көтеріліп келеді. Мысалы, апта басында, яғни 18 шілде күні өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 573 адам шалдықса, 19 шілдеде 597 адамның, 20 шілде күні 650 алматылықтың індет жұқтырғаны анықталды. Індетке қайта шалдығып жатқандар арасында симптомсыз науқастармен бірге үй ішімен ауырып жатқандар да бар.

Қоғам • 21 Шілде, 2022

Jas Leader – жаңа дағдылар мектебі

Әр баланың бойындағы қабілетті оятып, қатарының алды болуға жетелеу – ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің қоғам алдындағы өзектілігін жоймайтын қарызы мен парызы. Бірақ осынау көкейкесті мәселені қозғау бар да, оны нақты іске асыру оңай іс емес. Бұл алтын уақытты ғана емес, айтарлықтай капиталды да қажет ететін шаруа.

Аймақтар • 14 Шілде, 2022

Өртті смарт-камерамен бақылайды

Шілденің шіліңгір аптабында Алматы­дағы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің табиғи ошақтарын алдын ала анықтау үшін бейнекамераларды қол­данып отыр. Күн ысыған сайын салқын тауға ұмтылған демалушылар от жақпай қоймайды.

Өнер • 14 Шілде, 2022

Жас суретшілерге арналған арт-кеңістік

Алматыда жас суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылды. Осылайша, Efesartspace компаниясының Efes Kazakhstan кеңсе кеңістігі өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салып отырмақ.

Туризм • 13 Шілде, 2022

Қазақ туризмі TikTok-та насихатталады

Заманына сай саз керек дегендей, дәл осындай әдіспен ел туризмін насихаттау, ұлан-байтақ даламыздың өз отандастарымыз да әлі көрмеген сұлулығын жарнамалау бірінші рет қолға алынып отыр десек те болады. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қысқа бейнероликтерді қарау мен жасауға әбден төселген TikTok платформасымен бірге TravelKazakhstan республикалық кампаниясын қорытындылады.

Қоғам • 12 Шілде, 2022

Суретші сюрреалистік жұмыстарын неге өртеді?

Соңғы уақытта қоғамда орын алған оқиғалар ешкімді бейжай қалдырмағаны аян. Сезімтал өнер адамы бұл өзгерістерді қалай қабылдайды? Ал шығармашылық орта болмысы бұлқынысқа толы Асхат Ахмедияровты еліміздегі арт-белсенділіктің бас протагонисі деп таниды. Мұның да өзіндік себептері бар, өйткені суретші аздаған мысқылмен мәдени, әлеуметтік және саяси өмірдегі қарама-қайшылықтарды бейнелеуге ұмтылатындығымен айрықша.

Аймақтар • 12 Шілде, 2022

Алматылықтардың жер мәселесі шешіледі

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет мен­шігіне қайтару бойынша Amanat партиясының «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері жер мәселесіне қатысты дау-дамай туындаған Алматыдағы бірқатар шағын ауданның тұрғындарымен кездесті.

Аймақтар • 11 Шілде, 2022

Шығармашыл жастармен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға жұмыс сапары аясында NARXOZ университетінің алаңында Алматы қаласының еріктілерімен және шығармашыл жастарымен кездесті.

Қоғам • 11 Шілде, 2022

Атақ сататын алаяқтар

Егер айналамызда ардың шегін аттаған келеңсіз жағдайлар қайталана берсе, онда іс насырға шаппай бірден дабыл қағылуы қажет. Қай кезде де ақша үшін туған анасын сатып кететіндер табылатындықтан, тыйым мен жаза болмаса, төмендегідей оқиғалар қайталана бермек. Ал қашан да зиян шегетін – аңқаулар ғана емес, өз менмендігі мен жалған, тіпті жоқ атақтың құрбандары. Сонымен...

Коронавирус • 11 Шілде, 2022

Эпидемиялық ахуалмен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Ол қала басшылығымен бірлесіп бейнеконференция режімінде ауруханалар мен емханаларда жұмыс істейтін 70-тен аса бас дәрігердің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңесте қазіргі эпидемиялық жағдайдың өзекті мәселелері және мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды.