Білім • 20 Қыркүйек, 2022
ҚазҰУ әлемдік рейтингте 150-орынға көтерілді
Биыл да жоғары білімнің байырғы қарашаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Студенттер қатарына қабылдау» кешін өткізіп, ҚазҰУ қалашығын керемет күйге бөледі. Дегенмен университет биылғы салтанатына соны жетістіктермен келіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Тығырықтан шығар жол таппай...
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға болады десек те, дүниенің төрт бұрышында әр қырық секунд сайын бір пенде бақидан пәниге аттануға әрекет жасап, соның көбі трагедиямен аяқталып жатады. Өкінішке қарай, бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеген ресми дерек. Осылайша, жер бетінде күнделікті өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны шамамен 2 200-ге жетіп жығылады, бұл бір тәулікте болуы ықтимал 15 ұшақ апатына тең.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Мегаполисті дамытуға – 6 трлн теңге
Алматы қалалық мәслихатының XXV сессиясында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасы бекітілген болатын.
Медицина • 19 Қыркүйек, 2022
Хирург балақанның тұсауын кесті
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері дертті болып өмірге келген Ерсайынға асқазан-ішек жолдарының туабітті кінәраты – трахеоөңештік жыланкөз деген диагноз қояды. Мұндай кеселмен туған нәресте тамақ іше алмайды. Сондықтан сәби екінші күні перзентханадан балалар хирургиясы ауруханасына ауыстырылған.
Мультимедиа • 18 Қыркүйек, 2022
Медициналық сақтандыру тәртібі қандай?
Биылғы қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін медициналық сақтандырудың тәртібі өзгергенінен ел құлағдар. Ендігі жерде МӘМС-ке өздігінше ақша салып отырғандар төлемдерін алдағы бір жылға сақтандыра алатыны да айтылды. Яғни заңға енген өзгерістерге сәйкес бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Қоғамдық кеңестің жұмысы ауқымды
Мемлекетті айтпағанның өзінде Алматы сияқты ірі шаһарлардың шешімін таппаған мәселелері қай кезде де жеткілікті. Ал қала басшыларының жағдайды толық бақылап, бәрін көріп-біліп отыруға уақыты да, аяғы да жете бермейді. Қоғамдық кеңес сондықтан да керек. Олардың ішінде өз саласындағы жағдайды жақсы білетіндер, нақты мәселе көтеріп, оның шешілуіне ықпал ете алатындары, азулы айтқыштары да баршылық.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022
Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері Қайырлы Жонқабаев 101 жасқа толды
Өткен сенбі, 2022 жылдың 10 қыркүйегінде әйгілі Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаев 101 жасқа жетті.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2022
Азық-түлік патриотизмін қалай қалыптастырамыз?
Азық-түлік нарығындағы сарапшылар жұрт табысының басым бөлігін жейтін тамағына жұмсайтынын аз айтып жүрген жоқ. Алайда отандастарымыз осы ақшасына сапалы өнім ала ала ма?
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2022
Отбасылық құндылықтарды дәріптейді
Еліміздің әр шалғайында шаруасын да дөңгелетіп, шаңырағының да берекесін келтіріп отырған әйелдер «Жер шары ханымы Қазақстан» байқауында бақ сынап көруге әрекет етіп жүр.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022
Ажырасу азаймай тұр: «Неке және отбасы туралы» Заңда не өзгерді?
Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқауға болады. Дегенмен ресми деректер аймақта ажырасудың да азаймай тұрғанын көрсетіп отыр. Мегаполистегі тіркеу қызметі саласындағы жағдайға орай Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина ресми мәліметтермен таныстырған еді. Департамент өкілінің хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғындары биыл жиірек шаңырақ құра бастаған.