Медицина • 02 Тамыз, 2022
Желкедегі ісікпен жиырма жыл жүрген
Күн сайын Алматы ауруханаларына түрлі кеселдермен науқастар түсіп жатады. Ақ желеңді мамандардан шипа тапқан мыңдаған адам күн сайын алғысын айтып, отбасына оралады. Алайда олардың арасында айрықша оқиғалар да бар. Мәселен, мегаполистегі №1 қалалық клиникалық аурухананың Амбулаторлық хирургия орталығында шағын оталар жасалғанымен, желкесінде липома бар 73-тегі зейнеткерге жасалған операцияның жөні бөлек. Пациент желкесіндегі ісік жиырма жыл бұрын пайда болған.
Спорт • 01 Тамыз, 2022
Ойлылар ойыны қаржыландыруды қажет етеді
Алматыда Қазақстан шахмат федерациясының ұйытқы болуымен белгілі кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері кездесіп, елдегі шахмат федерациясының даму стратегиясын талқылады. Шахмат ойыны – іскерлік дағдыларды жетілдіре түсетіні аян. Сонымен Федерация өкілдері ұйым жұмысына барынша ашықтық қағидатын енгізуге қатысты мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар алда келе жатқан олимпиадаға қатысудың жай-жапсары қозғалды.
Медицина • 27 Шілде, 2022
Қазіргі таңда медицинаның қай саласында да жетілдірілген инновациялық технологиялар бар. Мұндай озық медициналық құралдар адам қолы жетпейтін жерге жетеді, ең күрделі операцияларды ағзаға зиянын тигізбей жүзеге асыра алады. Алайда кез келген технологияны адам басқаратындықтан, оны меңгерген мамандар машығы қашанда құнды.
Кино • 27 Шілде, 2022
Қандай фильмдердің бағы жанады? Әлеуметтік маңызы бар 62 киножоба іріктеуден өтті
Алдағы уақытта айналамыздағы тіршіліктен сыр тартатын қандай көркем дүниелер, деректі картиналар көрермендеріне жол тартады? Бұл фильмдер қай өлшеммен таңдалды? Не десек те, отандық 62 киножоба 2022 жылғы конкурстық іріктеуден өтті. Ендігі жерде Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі бұйрығына сәйкес төмендегі жобалар мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Бестөбе кенішінде заңсыз алтын іздеген адамның мәйіті табылды
Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кені шахтасында заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 22 Шілде, 2022
Алматыда індет қайта күшейіп келе жатқанын жақын адамдардың ауырып жатқанынан-ақ біліп отырмыз. Өкінішке қарай, күн өткен сайын ковид жұқтырғандардың көрсеткіші көтеріліп келеді. Мысалы, апта басында, яғни 18 шілде күні өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 573 адам шалдықса, 19 шілдеде 597 адамның, 20 шілде күні 650 алматылықтың індет жұқтырғаны анықталды. Індетке қайта шалдығып жатқандар арасында симптомсыз науқастармен бірге үй ішімен ауырып жатқандар да бар.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Jas Leader – жаңа дағдылар мектебі
Әр баланың бойындағы қабілетті оятып, қатарының алды болуға жетелеу – ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің қоғам алдындағы өзектілігін жоймайтын қарызы мен парызы. Бірақ осынау көкейкесті мәселені қозғау бар да, оны нақты іске асыру оңай іс емес. Бұл алтын уақытты ғана емес, айтарлықтай капиталды да қажет ететін шаруа.
Аймақтар • 14 Шілде, 2022
Өртті смарт-камерамен бақылайды
Шілденің шіліңгір аптабында Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің табиғи ошақтарын алдын ала анықтау үшін бейнекамераларды қолданып отыр. Күн ысыған сайын салқын тауға ұмтылған демалушылар от жақпай қоймайды.
Өнер • 14 Шілде, 2022
Жас суретшілерге арналған арт-кеңістік
Алматыда жас суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылды. Осылайша, Efesartspace компаниясының Efes Kazakhstan кеңсе кеңістігі өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салып отырмақ.
Туризм • 13 Шілде, 2022
Қазақ туризмі TikTok-та насихатталады
Заманына сай саз керек дегендей, дәл осындай әдіспен ел туризмін насихаттау, ұлан-байтақ даламыздың өз отандастарымыз да әлі көрмеген сұлулығын жарнамалау бірінші рет қолға алынып отыр десек те болады. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қысқа бейнероликтерді қарау мен жасауға әбден төселген TikTok платформасымен бірге TravelKazakhstan республикалық кампаниясын қорытындылады.