Референдум • 01 Маусым, 2022
Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Динар Нөкетаева бір топ қоғам белсенділерімен, студенттермен сұхбаттасты.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
Аутизм: Ауыртпалық ата-анаға түседі
Біз бұған дейін аутизмге шалдыққан балалар қатары көбейіп келе жатқанын және мұны заманауи факторлармен, диагностиканың жақсаруымен байланыстырған едік. Кез келген елді алаңдатып отырған бұл дерттің алдын алудың, асқындырмай емдеудің, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің жолдары қандай?
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Алматыда үш жолайрық салынып жатыр
Алматыдағы көшелердің жалпы ұзындығы 3 096 шақырым болса, 234 шақырымға жуық көшелерге әлі асфальт төселмеген. Бүкіл жол желілерін қоса алғанда, шаһар жолдары толық жөнделді деген көрсеткішке жеткен емес, мұны агломерация есебінен қаланың үздіксіз ұлғайып келе жатқанымен ақтауға болады. Оның үстіне Абай даңғылы, Саин мен Әуезов көшелері ұзартылып жатыр.
Медицина • 25 Мамыр, 2022
Жіті ішек ауруларының алдын алуға шақырды
Дұрыс сақталмаған, мерзімі өткен, бұзылған азық-түліктен іш ауырып қалса, көпшілігіміз мұны елең қылмай, өз бетімізше емделе беретініміз жасырын емес. Алайда жіті ішек аурулары да – денсаулық сақтау саласының күрделі мәселесінің бірі. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын әлемде 1-1,2 млрд-қа дейін диарея аурулары тіркеліп, 4 млн-ға дейін адам қайтыс болады.
Қоғам • 25 Мамыр, 2022
Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталған алғашқы апталарда Қазақстанның электроника нарығындағы ойыншылар да осы кезеңмен және Қазақстандағы оқиғалармен сәйкес келген логистикалық шектеулерге, қаржылық тұрақсыздыққа байланысты өте қиын жағдайға тап болғаны белгілі.
Медицина • 24 Мамыр, 2022
Адам өміріне ара түскен хирургтер
Кеселдің қандай түрінен болса да аман болайық дегенімізбен, дертіне дауа іздеген адамдарды, күн сайын ауруханаларға қарай заулап бара жатқан жедел жәрдем көліктерін көреміз. Сәт сайын дәрігерлердің алдына мыңдаған науқас шипа іздеп келеді. Алматы шаһарында соңғы күндері жасалған ерекше операцияларға көз жүгіртіп көрелік.
Медицина • 23 Мамыр, 2022
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Пандемия кезінде елімізге емделуге келген шетелдік пациенттердің болғанын, оның нақты мысалдарын оқырманмен бөліскенбіз. Ал соңғы кезде ТМД аумағында болған оқиғалар отандық медицинаның бір тармағының дами түсуіне түрткі болып отыр. Себебі көрші мемлекеттердегі, оның ішінде кеңсесін Мәскеуде орналастырған шетелдік клиникалар қазір өкілдіктерін Алматыға көшіруге мәжбүр.
Референдум • 23 Мамыр, 2022
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Санаулы күндерден кейін елімізде Ата Заңға өзгерістер енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Конституциялық өзгерістер отандастарымыздың ешқайсысының өмірін айналып өтпейтіні аян. Кейінгі уақытта бұл мәселеде биліктің белсенділік танытуы, ақпараттық-насихат жұмыстарының жандана түсуі де заңдылық.
Медицина • 20 Мамыр, 2022
Озық реанимациялық жабдықтарға қол жеткізеді
Жуырда еліміздің алты облысының перинаталдық орталықтары мен Алматы қаласындағы Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы реанимацияда жаңа туған шараналардың өмірін сақтап қалуға арналған заманауи аппараттық гипотермия кешендерімен жабдықталады.
Медицина • 19 Мамыр, 2022
Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну қанша адамнан табылуы мүмкін?
Ілуде бір адамда ғана кездессе де, ерте бастан диагнозы дұрыс қойылып, дер кезінде емделіп отырмаса, соңы ажал құштыратын тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) дейтін дерт бар. Өкінішке қарай, тұқым қуалайтын бұл кеселді көп жағдайда кәдімгі аллергия сияқты аурулармен шатастырып, шипасы дұрыс жасалмайтын жағдайлар жиі орын алып жатады. Өйткені оның белгілері басқа ауруларға ұқсайды. Сондықтан оны әу бастан анықтап, асқындырмай емдеп отыру – оған душар болған жандардың қиналмай, қалыпты өмір сүруіне септеседі.