Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2528 материал табылды

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар

Күнделікті тіршілікте біреуге керек, енді біреуге түк те керегі жоқ тәтті ұнтақтың азық-түлік түрлерін дайындаумен айналысатын көп салаға қатысы бар екенін, тіпті көрші мемлекетте «арнаулы операциялар» басталғанда бірінші болып қымбаттаған тауардың бірі қант болғанын көрдік.

Сұхбат • 15 Мамыр, 2022

Мәселе «бірінші қоңыраудан» шешіледі

Жаннат Дүбірова – жас та болса ұйымдарды цифрландыру мен трансформация­лау саласындағы 150-ден астам табысты жобалардың авторы, Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Цифрландыру саласында iKOMEK109 қалалық орталығының авторы әрі жетекшісі, Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің Компьютерлік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Ақпараттық технологиялар саласында 16 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Жаннаттың да айтары бар.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Бестөбе тағдырын тұрғындар шеше ала ма?

Бестөбе кенішінде 90 жыл бойы жерасты әдісімен алтын алынып келді. Аяғының астында жатқан қымбат металдан жергілікті тұрғындар жырғап байымаса да, жұмыс таба алады, жағдайын түзеуге ұмтылады. Алтынның айналасында небір оқиғаларды бастан өткерген осы Бестөбе ауылында қазір көзге көрінбейтін бір майдан жүріп жатыр. Бұл ақпараттық соғыстың, жалдамалы жазғыштар мен митингтердің басында қандай мүдделі топтар тұр?

Технология • 11 Мамыр, 2022

Жасанды интеллект жөніндегі жарыс жеңімпаздары

Қазақстандық студенттер «Imagine Cup Junior – 2022» виртуалды хакатондар сериясында финалистер қатарынан табылды. Осылайша, «Unicode» командасы жасанды интеллект көмегімен жолбарыстар популяциясын сақтау жобасы арқылы екінші орын алса, ал «Cognitive» отбасындағы зорлық-зомбылық туралы өтініштерді қараған кезде кететін ағаттықтар мен адами қателіктерді жою жобасы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Медицина • 09 Мамыр, 2022

Артық салмақтан операция арқылы арылды

Артық салмақ ашқарақтықтан ғана емес, денсаулықтағы түрлі кінәратқа байланысты пайда болатыны белгілі. Семіздікті дер кезінде тоқтатпаса, ауыр дерттерге душар ететіні аян. Сондықтан Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына медициналық сақтандыру шеңберінде операция жасалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды­ру енгізілгелі бері қазақстандықтар семіздіктен арылтатын қымбат операцияларды жасатуға мүмкіндік ала бастағаны қуантады.

Туризм • 04 Мамыр, 2022

Туризм: Мемлекет пен нарықтың «командалық жұмысы» маңызды

Туристік маусым басталар алдында отандық саяхаттың Меккесі сынды Алматыға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен келіп, туризм саласының өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады.

Медицина • 27 Сәуір, 2022

Білікті хирургке арналған жиын өтті

Бар ғұмырын балалар саулығына арнап, дәрігерлік ғұмырында 10 мыңнан аса операция жасап, мыңдаған баланың өміріне араша түскен алтын қолды дәрігер Нұрлан Ахпаровты медицина саласында білмейтін адам кемде-кем. Ол – операцияның 21 түрін Қазақстанда алғаш рет енгізген новатор-ғалым. Бүгінде халықаралық дәрежедегі ғалымның шәкірттері балалар дәрігері болып қызмет етіп жүр.

Медицина • 27 Сәуір, 2022

Кеңірдекті тарылтқан кесел

Соңғы кезде көкірек тұсы кеселге шалдыққандарға «кеңір­дек сте­нозы» диагнозы жиі қо­йы­­ла бастаған көрінеді. Бұл туралы алматылық хирург Мұхтар Нысан­бай: «Мұндай жағ­­дайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен, әсіресе жа­сан­­ды тыныс алу аппараты ар­­­қылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасал­ған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұн­шы­ғып, ауа жетпей қина­лады, қақырық түсуі қиын­дай­ды», дейді.

Медицина • 27 Сәуір, 2022

Smart Capsule бейнекапсулалық эндоскопияның тұсауы кесілді

Елімізде 2014 жылдан бері бейнекапсулалық эндоскопия жасалынып келе жатқандықтан, оны бірінші болып жүзеге асырған Алма­ты­дағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты айтарлықтай тәжірибе жинақтады деуге негіз бар. Бірегей зерт­теулерді жүргізуде аталған институт стратегиялық серіктестік шең­берінде шетелдік, халықаралық клиникалық орталықтармен, уни­вер­си­тет­те­рімен ынтымақтастық орнатып, оның нақты нәтижесін көріп отыр.

Қазақстан • 26 Сәуір, 2022

Қоқыс «тапшылығы»: Елімізде тұрмыстық қалдықтың 85%-ы өртеледі

Бүгінгі өзекті мәселенің бірі – тұрмыстық қалдықтарды жою, қайта өңдеу мен кәдеге жарату. Экология түйткілін тікелей шешетін бұл шаруа Қазақстанды да алаңдатары анық. Кейінгі уақытта жиі көрініс тауып жатқан келеңсіз оқиғалар мәселенің маңызын арттыра түсті.