Пікір • 10 Наурыз, 2022
Жалғызсыраған баламен сөйлесіңіз
Мына аласапыран өмірден мән табу, өз орныңды табу бала түгілі, кейде үлкен адамдарға да оңай емес. Тағдырдың түрлі талқысын жалғыздық кешкенде, түсіністік таппағанда ересектердің өзі де көтере алмай қалады. Жазмыштың қандай сынағы болса да дем беретін, сүйейтін, жігерлендіретін жанашыр біреудің болғаны әркімге керек.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Онкология саласының негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың есімі жаңғырды
Бүгін С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әйгілі дәрігерлер мен оқытушылардың есімдерін есте қалдыру дәстүрін жалғастырды. Осылайша Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағы ҚазҰМУ онкология кафедрасына отандық онкологиялық қызметтің негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлердің өтінімдері түгел қаралды
Қаңтар оқиғалары кезінде Алматыда шығынға батқан шағын және орта бизнес өкілдерінен түскен барлық өтінімдер 100% қамтылды және қаралды, деді Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Бизнес • 10 Наурыз, 2022
755 кәсіпкердің өтініші мақұлданды
Қаңтар оқиғасының салдарынан елдегі шағын және орта бизнес өкілдері миллиардтаған шығынға ұшырады. Оның ішінде Алматыдағы жағдай белгілі, 1 413 кәсіпкер зардап шегіп, шығындары 34,3 млрд теңгеден асып түсті. Содан бері Үкімет алдында ел экономикасын тұрақтандыру міндеті күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, Алматыдағы жағдайдың күрделі болғанына қарамастан, қазірдің өзінде өтініштердің жартысы қаралып, 10 наурызға дейін ШОБ өтінімдерінің 90%-ын қанағаттандыру жоспарланып отыр.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Жыл сайын елімізде салмағы бар болғаны 500-ден бастап 2 500 грамм аралығында 20 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Өкінішке қарай, шала туған шараналарға балалардың церебральды сал ауруы диагнозы жиірек қойылады. Бірақ баланың осы кеселмен туылғаны 1,5 жастан бастап біліне бастайды.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесіп, мұң-мұқтажы, ұсыныс, тілектерін тыңдады. Кездесуге көпбалалы аналармен бірге қоғам белсенділері, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
Бизнес • 10 Наурыз, 2022
1,26 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды
Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты негізгі сандарды екшеледі. «Даму» қорының шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауының 46%-ы – әйелдер кәсіпкерлігінің еншісінде.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
БҰҰ даму бағдарламасы Іле-Балқашын қалпына келтіруге көмектеседі
Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Іле-Балқаш экожүйелерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен (ҚР ЭГТРМ) бірлескен жобаны қолға алғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Наурыз, 2022
Кесел жұқтырғаны үшін кемсітпейік
Ресми мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80 пайыздан астамы өз ауруының сырына қанық. Әу баста әлемнің әр шалғайында бұл тек теріс жүріске барғандардың ауруы деген түсінік қалыптасқандықтан, әлі күнге дейін қоғамға осы көзқарастан арылу қиынға соғып тұр. Сондықтан АИТВ ахуалды адамдар өз басындағы, отбасындағы жағдайды елден жасыруға мәжбүр.
Медицина • 01 Наурыз, 2022
Жүрек ырғағы CARTO 3V7 Prime көмегімен операция жасалды
Отандық кардиологтер жаңа құрылғының көмегімен 30-ға жуық науқасқа операция жасады. Күрделі жүрек кеселінен құтылып, өмірлері ұзарған жандардың ішінде 27 жастағы аяғы ауыр келіншек те бар. Осылайша, Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының кардиологтері ресейлік әріптестері Сергей Артеменкомен бірге жүрек ырғағының күрделі бұзылуын емдейтін құрылғының соңғы жетілген нұсқасы – CARTO 3V7 Prime көмегімен операцияларды сәтімен жүзеге асырды.