Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2528 материал табылды

Аймақтар • 25 Сәуір, 2022

Он мыңнан аса ота жасаған хирургтің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Хирургия бөлімінде елімізге белгілі балалар хирургы, танымал «Алтын қолды» дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, АҚШ-тың Цинциннати клиникасының құрметті профессоры, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, халықаралық дәрежедегі ғалым, бар ғұмырын балалар саулығына арнаған Нұрлан Ахпаровты еске алу құрметіне ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 22 Сәуір, 2022

Алматы дәрігерлері кеңірдегі тарылған науқасқа ота жасады

Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың торакальды хирургия орталығы көкірек қуысына операция жасауға жақсы машықтанған десек те болады. Соның бірі – кеңірдекке жасалатын манипуляциялар. Қызмет тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі.

Қоғам • 19 Сәуір, 2022

Ит пен мысыққа илікпейтін қоғам

Күнделікті өмірде көпұлтты көршіле­рі­міздің арасында жиі талқыланатын тақы­рыптар бар. Күн жылына бастаса сусыз қалатын көшелер, үп еткен желден жалп етіп сөне салатын жарық, ойдым-ойдым жолдарды жөндеу сияқты жыл құсындай қайта-қайта оралатын мәселелерден бөлек, мектептен қайтқан балаларды жолдан өт­кізбейтін бұралқы иттер, бір көршінің босап кеткен қабаған төбеті, тағы бір көршінің жо­ғалып кеткен мысығы тақылеттес жайттар тіршілігіміздің ажырамас бөлшегі екенін көпшілігіміз байқай бермейміз.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2022

Алматыда 84 мыңдай жарамсыз ағаш бар

Қалалар да адамдар сияқты, олардың да мінезі, тағдыры, тарихы бар. Шаһарлар да көркейеді, кемелденеді. Кейбірі жер бетінде болмағандай ізім-қайым жойылады. Қалалардың қан тамырындай қуалай аққан арықтары да суалып, жасыл желекті ағаштары да қартаяды. Ауырады...

Қазақстан • 13 Сәуір, 2022

Медицина саласындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі өсе ме?

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу, құ­жат­тар­ды сол тілде әзірлеу талабы жыл сайын күшейіп келеді. Демек бү­гінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге тіл үйрету мәселесінің маңызы қай кездегіден де артып отыр. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгеріс­тер­ге сай қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру – бүгінгі өзекті мәселе.

Медицина • 13 Сәуір, 2022

Ғасырмен құрдас қарияға операция жасады

Медициналық технологиялар дамып, заманауи дәрі-дәрмектер жетілдірілген сайын адамдардың өмірі ұзарып, бұрын емге көнбейтін кеселдердің көпшілігінің шипасы табылып тұр. Егер науқастың жағдайы көтерсе, жасына қарамай күрделі оталар жасалынып, дерттің дауасы табылып жатқаны сирек оқиға емес. Мәселен, жуырда Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 100 жастағы кейуанаға сәтті операция жасады.

Қоғам • 13 Сәуір, 2022

Аутизм диагнозы неге жиі қойылады?

Жыл өткен сайын кез келген кеселдің көрсеткіші көтеріліп барады десек те, бұл жағдайдың бір қырын диагностиканың жақсарып келе жатқанымен байланыстырған жөн. Қалай десек те, қандай да бір дерттің ерте бастан анықталуы оның дауасын дер кезінде табуға бастайтыны сөзсіз.

Медицина • 08 Сәуір, 2022

Сауыққысы келгендер дәрігерге септеседі

2013 жылдан бері елімізде Ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаға дүниежүзінде белең алған артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі, 2 типті қант диабеті енген.

Қоғам • 06 Сәуір, 2022

Перзентханаға бес «Камаз-бен» келді

Өмірде перзентханада болған қызықты хикаялар өте көп-ақ. Әсіресе, қазіргі заманда сәбилі болған жастар қуаныштан қиялдарына ерік беріп, сән-салтанаттың сан түрін ойлап тауып жүр. Дегенмен, Алматыдағы №4 перзентхана қызметкерлері айта-айта жүретін оқиға болды. Аты-жөнін жарияламауды сұраған азамат перзентханаға КАМАЗ көліктерін шерулетіп келді. Бақытты әке төрт килоға жетеғабыл туылған балпанақтай ұлы мен әйелін перзентханадан осылай алып кетті.

Медицина • 06 Сәуір, 2022

ДДҰ демонстрациялық алаңы – Есік қаласында

Жуырда елімізге іссапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге Алматы облысының Есік қаласына аймақтағы алғашқы демонстрациялық алаңның салтанатты ашылуына барды. ДДҰ-ға қарасты мұндай алаңдар Швеция мен Испанияда ашылса, оған енді Қазақстан қосылып отыр.