Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Алматы қаласы әлі де індеттен толық арылған жоқ. Дегенмен күн сайын індетке шалдыққандар қатары азайып келеді. Мегаполисте пандемияны ауыздықтауда ақ халатты мамандардың еңбегі ерен екендігін мойындау керек. Екі жыл бұрын елімізде індет басталғанда айлап, апталап үйінің бетін, бала-шағасын көрмей еңбек еткен де инфекциялық дәрігерлер.
Медицина • 25 Ақпан, 2022
Аритмология орталығындағы алғашқы операция
Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ-да аритмология орталығы ашылды. Айта кету керек, жаңа орталықта аритмияға жасалатын күрделі операциялар қымбат тұрады. Шамамен мұндай отаға 5 миллион теңгедей қаржы қажет. Дегенмен дәрігерлер бұл отаны МӘМС арқылы тегін жасатуға болатынын айтады. Сонымен қатар ОКА-да алғаш рет паркинсонға да ота жасалды. Бұл – аталған кеселге Алматыда жасалған алғашқы операция. Ондай операциялар бұрын елорда мен Қарағанды қаласында ғана жасалатын еді.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтық шекаралары өзгерген кезде «мұраға» қалған мәселелер жеткілікті. «Шетсіз қала» бағдарламасын іске асыру аясында осы түйткілдерді шешу үшін инженерлік желілердің екі жобасы (электрмен жабдықтау және судан бұрумен сумен жабдықтау) әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
«Көрсетілді» деп жазылып, көрсетілмеген ем-дом да бар
Қазір елімізде соңғы екі жылда әрекет етіп тұрған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бәсеке туғызып отырған басқа жүйе жоқ болғандықтан, оның жұмысын жолға қойып, кедергілері мен кемшіліктерін жоюға әрбіріміз мүдделі болып отырған жайымыз бар. МӘМС мегаполисте қалай жұмыс істеп жатыр? Бұл сауалға баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев жауап берді.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2022
QR төлем қолдануда Алматы көш бастап тұр
Өткен жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізген еді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2022
Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толды
Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мен мегаполистегі ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігі бірігіп, «Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толғанын мерекелеу» тақырыбында онлайн-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
МӘМС: Алматылықтардың қанша пайызы сақтандырылған?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2022 жылдың басы мен өткен жылғы МӘМС жүйесіндегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Инфрақұрылым игілігін көруі тиіс
Аумағы ұлғайып келе жатқан Алматының шеткі аудандарының мәселелері бір-біріне ұқсас. Қалаға кейін қосылған Наурызбай ауданының Ақжар, Шұғыла, Тастыбұлақ, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Таусамалы шағын аудандарында 149,6 шақырым су құбыры және 74,8 шақырымдық кәріз тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ауданның 150 мыңнан аса тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Медицина • 15 Ақпан, 2022
Балалар аурулары кафедрасына есімі берілді
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникаға қарасты Балалар аурулары кафедрасына Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, еліміздің көрнекті ғалымы, тұңғыш медицина ғылымдарының докторы атанған қазақ әйелі, Қазақстанның педиатриялық мектебінің негізін қалаушы профессор-педиатр Нағима (Нина) Ахметқызы Барлыбаеваның есімі берілді.
Медицина • 15 Ақпан, 2022
Дені сау адам атын естімеген дерт түрлері көп. Дамылсыз даму үстіндегі медицинаның міндеті де – сирек кездесетін кеселдерге дер кезінде диагноз қойып, дұрыс ем-дом жүргізу. Өткен аптада орфандық жүйке-бұлшықет кеселді пациенттерді емдеу мәселелері анестезиолог-реаниматолог, балалар неврологтері мен пульмонологтерінің басын қосты.