Медицина • 30 Маусым, 2022
МӘМС жүйесі толайым бір ізге түскенше, оның айналасындағы түйткілді мәселелер толастамақ емес. Дегенмен бұл Алматы қаласының денсаулық сақтау бюджетін едәуір ұлғайтып отыр. Жыл басынан бері мегаполистегі МӘМС жүйесіне 398 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Аймақтар • 28 Маусым, 2022
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Жуырда Алматыдағы ARTиШок театрының сахнасында қаладағы жалғыз әлеуметтік «Реванш» театрының труппасы «Жай ғана махаббат керек» спектаклін ұсынғаны туралы баяндамас бұрын, соңғы он жылда ЖИТС-тан көз жұматындар саны екі есеге азайғанын атап өткен жөн.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Кикшерингтік қызмет іске қосылды
Заманымен келіп жатқан жаңа игіліктер бар. Алматы көшелерінде Whoosh кикшерингтік қызметінің самокаттары пайда болды. Қала көліктері дамыған тұрақ жүйесі бар Whoosh кикшерингтік қызметінің 3 мың самокатымен толықты. Ал Нұр-Сұлтан қаласына бұл қызмет жаздың соңына қарай келеді.
Қоғам • 19 Маусым, 2022
Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау көлеңкелі бизнесті «гүлдендіріп» жібермей ме?
Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензия енгізу туралы ұсынысымен келіспейді. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен брифингте айтылды.
Медицина • 19 Маусым, 2022
Шараналарға шарапатты озық технологиялар мен скринингтер
Елімізде жыл сайын мыңдаған жоғары технологиялық операциялар жасалып жатады. Оның біразы жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан пациенттерді бірегей әдістермен емдейтін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына тиесілі. Аталған перзентхананың өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені бұл орталықты өмірге қиналып келетін сәбилерді сақтап қалудың отандық барометрі деп айтуға болар еді.
Бизнес • 16 Маусым, 2022
Алматы қаласының кәсіпкерлері дивидендтер бойынша орта және ірі бизнеске арналған жеңілдіктерді алып тастауға қарсы болып отыр. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Салық кодексіне дивидендтерді салық салудан босату жөніндегі жеңілдіктердің күшін жоятын түзету енгізуге қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 16 Маусым, 2022
Қазақстанда TikTok For Business платформасы таныстырылды
Ақпараттық технологиялардан хабардар осы заманның оқырманы TikTok-тың – әлемде миллиардтан астам адам пайдаланып отырған шығармашылық және өзін-өзі көрсету, ойын-сауық және жаңалықтарға арналған бейне-платформа екендігін біледі. Осы TikTok біздің елімізде брендтердің шығармашылық әлеуетін ашуда және маркетингке қатысты көзқарасты қайта қарастыра отырып, TikTok For Business платформасының тұсауын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Маусым, 2022
Балалар қандай сырқатпен жиі ауырады?
Қоғамда түрлі өзгерістер жүріп жатқанына қарамастан, ел Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршаға аян. Қандай жағдай болса да, баланың денсаулығы мен тәрбиесінен өткен өзекті мәселе жоқ. Осы атаулы жылда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін не істей аламыз? Бұл мемлекеттің ғана міндеті ме? Бұл сауал ата-ана болып отырған әрбір адамды, жауапты мекемелерді, бала тәрбиесінің айналасында жүрген мамандарды айналып өтпейді.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
«Қазақстан Аруы» байқауының беткеұстары
Тоғыз жыл бұрын, яғни «Қазақстан Аруы–2013» атанғаннан кейін, іле-шала АҚШ-та өткен «Ғалам Аруы–2013» байқауында бақ сынаған танымал тележүргізуші Айдай Исаева «Қазақстан Аруы» ұлттық байқауының президенті әрі жоба беткеұстары болып тағайындалды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2022
Дәстүр бойынша Алматы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда электоралдық пассивті болып қала беретін. Тіпті, бұрнағы жылдардағы әкімшілік ресурсты теріс пайдалану да жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді, деп есептейді саясаттанушы Талғат Қалиев.