Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
Алматының жаңа әкімі шығынға батқан кәсіпкерлермен кездесті
Бүгін Алматы қаласының әкімі Е.Досаев қаңтар трагедиясы кезінде шығынға батқан кәсіпкерлермен кездесті. Жиында қала басшысы бизнес өкілдерімен бірге шығынды өтеуге жұмсалатын төлемдерді жеделдету мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 01 Ақпан, 2022
Жұмыссыздар да індетке жиі шалдығады
Қаңтардың соңғы күнінде Алматыда 1 556 адам індетке шалдыққан. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар арасында балалар көбейіп келеді. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова алдыңғы аптада 13 508 адам коронавирус жұқтырса, өткен аптада індет 14 213 алматылықтан анықталғанын айтты.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2022
Жұмысшыларының жалақысын көбейтті
Биыл қаңтар айынан бастап «Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлердің еңбекақысын көбейтетін болды. Сонымен салыстырмалы талдау деректері негізінде компания басшылығы «Алтыналмас АК» АҚ жұмысы іркілмеген барлық өндірістік алаңында еңбекақыларды кезең-кезеңімен дифференциалды қайта қарауға шешім қабылдады.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Алматыда айы-күні жетіп отырған Талшын есімді келіншек Жаңа жыл қарсаңында тайып жығылып, ауыр жағдайда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген еді. 27 желтоқсанда болған бұл жағдайды одан кейінгі оқиғалар ұмыттырды.
Коронавирус • 27 Қаңтар, 2022
Жазылғандарға қарағанда жұқтырғандар көп
Алматыда 25 қаңтарда коронавирус инфекциясына 2 126 адам шалдықты. Соған қарамастан, мегаполисте карантиндік шектеулер біртіндеп алынып жатыр. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, дерттің тәуліктік өсімі артып, қаңтар айының алғашқы аптасында – 1 025 жағдай, екінші аптада – 6 050, үшінші аптада – 13 133 жағдай тіркелді. Яғни індет осы айда 12,8 есе өсті.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Егер қаңтардағы қасіретті күндерге куә болған Алматыдағы Республика алаңының айналасындағы салынғанына қырық жыл болған үйлердің қабырғаларына тіл бітсе, талай әңгіме тарқатылары сөзсіз. Оқ пен оттың ортасында бірнеше күн қатарынан ұйқы көрмеген осынау үйлердің тұрғындары өздерін қалай құтқарғанын білеміз бе?
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Алматыға алты реанимобиль алып берді
Алматыдағы оқиға салдарынан 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті. Жуырда «Astana Motors» ЖШС Жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 6 реанимобиль әперді.
Коронавирус • 25 Қаңтар, 2022
Балалар мен жүкті әйелдер де жұқтырған
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, 24 қаңтарға дейін қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 205 667-ге жетті. 23 қаңтар күні коронавирусқа 1 953 адам шалдыққаны анықталды.
Медицина • 24 Қаңтар, 2022
Алмат Қодасбаев: Медициналық туризмнің ілгерілеуіне үлес қостық
Отыз жыл бедерінде құрылған, ең бастысы еліміздегі медициналық туризмді алға жылжытуға үлес қосып келе жатқандардың бірі – Алматыдағы кардиология орталығы. Осы жылдарда аталған орталық отандық медицинаның дамуына, озық технологиялардың келуіне, заманауи күрделі операциялардың елімізде жасалуына жұмыс істей алды ма? Бұл сұрақтарды «Қалалық кардиология орталығы» МКК директоры, Қазақстанның үздік кардиохирургтары байқауының «Ақ жүрек» номинациясының лауреаты, 2015 жылғы «Жыл дәрігері» және 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алмат Қодасбаевқа қойдық.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2022
Алматының қанша тұрғыны зардап шеккені безбенделіп, бизнес шығыны түгенделіп жатыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында зардап шеккен дәрігерлерге, қауіпсіздік қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді.