Экология • 26 Мамыр, 2021
«Тағы 40-50 жылдан соң қазақ жері шөлге айналып, еліміздің басым бөлігі қуаңшылыққа ұшырайды». Бұл жағымсыз болжамды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Келіс Жайлыбай алға тартып келеді. Ғалым орны толмас олқылыққа алып келетін экологиялық апаттың алдын алу үшін бірнеше шараны қолға алу қажеттігін атап өтті.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2021
Коронавирус балаларда жеңіл өте ме?
Жаһанды жайлаған індет есіктен енген кезде «Ересектермен салыстырғанда балаларда бұл кесел білінбей, жұмсақ өтеді. Кішкентай пациенттердің өкпе суреттерінде пневмонияға тән тану белгілері жоқ болғандықтан, диагностикалау қиын», деген еді Nature Medicine журналы жариялаған зерттеулерде. Одан бері КВИ талай «өнер» шығарып келеді. Отандық дәрігерлер де әлеуметтік желіде «Балалар ауырмайды, ауырса да жеңіл өтеді дедік, бірақ өкпесі 40-50% зақымданған 10-14 жасар балаларды көрдік. Анасынан баласына берілмейді дедік, жаңа туған шақалақ анасынан коронавирус болып туғанды көрдік», деген жазбалар қалдырды.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2021
«АгроКеруен-2021» экспедициясы жолға шықты
Қазақстанда аграрлық кәсіпорындарды аралайтын АгроКеруен-2021 атты алғашқы экспедиция жұмысын бастады. Осылайша ElDala.kz аграрлық сайты Қазақстанның егін алқаптары мен аграрлық кәсіпорындарына шолу жасайтын алғашқы кроп-турды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 20 Мамыр, 2021
Алматыда Олжас Сүлейменовтің мерекелік кеші өтті
Ақын, жазушы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақ КСР-і Халық жазушысы – Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы бұл күндері Алматыда жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 20 Мамыр, 2021
Табиғатқа кесірі тимейтін туризм Қазақстан Альпі клубының алғашқы қадамдары
Елімізде туризмді табыс көзіне айналдыруға қатысты көкейкесті мақсаттармен қатар, Қазақстанның таулы аймақтары, әсіресе Алматы тау бөктері идеологиялық және экономикалық шайқастардың орнына айналғаны қашан?! Табиғат қорғаушылар мен кәдімгі қарапайым азаматтар табиғи нысандарды экономикалық айналымға қосу үшін мемлекет пен бизнестің табиғи аумақтарда «заманауи қонақүйлер» мен «глемпингтер» салу әрекеттеріне наразылық білдіріп жүр.
Қоғам • 19 Мамыр, 2021
Карантиндегі кәсіпкерлер тығырықтан шығатын жол іздеді
Локдаундар кәсіпкерлерді көптеген мәселені қатар шешуге мәжбүрлеп отыр. Бизнесті сақтап қалу, персоналды ұстап тұрудан басқа салық, жалдау ақысы мен басқа да міндетті төлемдерді кейінге қалдыру мәселелері туындады. Талай адамның әлеуметтік тағдырына тікелей қатысы бар мәселелерде мемлекет те қол қусырып қарап қалмады. Қаржылық қолдау сияқты шаралар ұсынылып, Үкімет өңір әкімдіктерімен бірге талқылап отырды. Алайда әлемдегі эпидемиялық ахуалдың беталысы әлі белгісіз... Яғни әлемді уысында ұстаған індет талай іскер азаматты банкротқа ұшыратса, керісінше карантин жағдайында бизнесін жаңа жолға түсіргендер де табылды. Дегенмен іскер орта пандемия салдарынан туындаған қиындықтарды қалай шешіп отыр? Бұл туралы біз кәсіпкер әрі бизнес коуч Құрмет Әубәкіровтен сұрадық.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2021
Алматыда қанша адам QazVac вакцинасын салдырды?
Алматыда ақпан айының алғашқы күнінен бастап мақсатты топтарды иммундау, сәуірден бері жаппай вакцинациялау қолға алынғаны аян. Содан бері мегаполистің 270 568 тұрғыны вакциналанған, олардың 30 мыңнан астамы 60 жастан асқандар.
Қоғам • 13 Мамыр, 2021
Өкпе обыры неге ер-азаматтарға үйір?
Алдағы уақытта Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен өкпе қатерлі ісігін тегін тексеріп, анықтауға кіріседі. Мұндай скрининг төмендозалы спиральды компьютерлік томография арқылы жүзеге асады. Бұл туралы елімізде өткен «Өкпе обыры, озық шешімдер» халықаралық мәжілісінде айтылды.
Медицина • 12 Мамыр, 2021
Қой десе де қоймайды, заңсыз тойлайды
Індет жайлап жүргеніне жұрт әлі де өз басына түспеген соң сенбей, түрлі жел сөзге ерік беріп отырса да, бұл кеселден көз жұмып жатқандар бар ма, бар. Осы жолдар жазылып жатқан кезде Алматыда 3,5 мың адам ауруханада індетпен күресіп, жанымен алысып жатыр деуге болады. Соңғы күндері мегаполисте індеттің таралуы бәсең тартқандай болғанымен, тек 9 мамырда 570 адамның жаңадан індет жұқтырғаны тіркелді.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2021
«Шыңдар және көк байрақ. Біз не үшін немесе кім үшін өмір сүреміз? Жолдар бізді таңдай ма, әлде жолдарды біз таңдаймыз ба? Мен Лобуче биіктігінде тұрмын, қолымда – ту, жүрегім жиі дүрсілдейді, ал жаным қасымдағы Эверест шыңында.