Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Өнер • 20 Сәуір, 2022

Қасымханның «Қаракөзі»

«Қарамашы, қадамашы көзіңді» кімнің әні десе, Қасымхан Асанов деуі мүмкін үлкендердің. Жастардың біле қоюы екіталай. Бұл әнді Жүсекең – Жүсіпбек Елебеков, Қайрат Байбосынов, Мақпал Жүнісовадан кейін шырқаған әнші ілуде біреу. Гитараның сүйемелдеуімен Сейіл Аяған орындап жүргенін білеміз бертінде.

Қоғам • 18 Сәуір, 2022

Құрдым

«Біз жақта «жынды Аманбек» деген болды. Сорлыға бақ қонбады, өлең қонды» деп басталар еді Есенғали Раушановтың бір өлеңі. «Бақ қонбады, өлең қонды» дегеніне қарағанда, ол шіркін өзіне азап екені емеурін етілетіндей. Тура сол сияқты біздің ауылда Смағұл атты кісі өтті. Бала болсақ та шет жағасын білеміз. «Смағұл келе жатыр» десе, ауыл адамдарының көбі үйді-үйіне тығыла бастайтын немесе жылыстап басқа жаққа кете баратын.

Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Қадым заманғы қолжазбалар таныстырылды

Нидерландтағы Лейден кітапханасынан алынған Сәйф Сарайдың «Гүлстаны» (ХІV ғ.), Венадан табылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (ХІ ғ.) дастанының көшірмесі, Франциядан алынған «Дафтар Шыңғыс Нама» (Париж тізімі), тағы басқа қолжазбалар немесе олардың көшірмесі өткен аптаның соңында «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесіне қойылды. Араб, парсы, түрік, шағатай тіліндегі қолжазбалар мен сирек кітаптардың қай-қайсысы болсын ұлт мәдениетінің алтын тамыры іспеттес құнды дүниелер.

Әдебиет • 14 Сәуір, 2022

Сағиды оқыған сайын...

«Гюгоның өлеңдері көбелектің қанатындай жеңіл» деген баға беріпті ақынды оқыған бір ғұлама. Гюгоның поэзиясын сүзіп шыққанда ақынның өлеңдері осындай сөз тудырған болады. Біздіңше үлкен баға сынды осы сөз.

Тарих • 12 Сәуір, 2022

Батырдың байрағы

Атақты «Қыз-Жібек» фильмінің әр тұсы, әр деталі мәнді дер едік. Кино басталғанда жау өтіне жөнелген қолдың алдынан шығып, хабарын білуге Жібектің өзін жібереді ғой әкесі. Ұрыс даласынан туы желбіреп Бекежан батыр келе жатпай ма жау түсіріп? Торсықтағы ақты басына көтере салып, «жеңдік» дейді. Осы жалғыз-ақ ауыз сөз дүниені дүркіретіп жібермеуші ме еді сонда? Ол бір десеңіз, оған дейінгі деталь да қолдың жеңіп келе жатқанынан хабар берер еді. Өйткені жорықтан келе жатқан батырдың туы жығылмай тік келе жатады.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2022

Еуразия халықтарына ортақ тұлға

Онда Ресей Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев атап көрсеткендей, үлкен идея көтеріліп, тұтас қоғам қалыптастыруда орасан еңбек сіңірген М.Шоқай тек қазақ халқы және тұтас Түркістан ғана емес, Еуразия кеңістігіне ортақ тұлға деп танылды.

Руханият • 07 Сәуір, 2022

Топырақтың иісі

Өткенде ауылға барғанмын, сәуірдің екісі күні. Оған дейін қар көбесі сөгіліп, жер қарая қоймағанын Арқа жұртшылығы жақсы біледі. Бірақ бірінші сәуірден күн жылып берген. Екісі ертелетіп отарбаға отырып, түс ауа тамбурдан секіріп түссем, топырақтың иісі бұрқ ете қалды. Қар суымен көтерілген жердің иісі қандай, ә?! Кеуде тұсым көтеріліп, алқынып кеттім бе, толқынып кеттім бе, білмеймін. Әйтеуір кеудем көтеріліп, ішім алай-дүлей болғанын білем. Қараптан-қарап жүріп топырақтың иісін өмірімде тұңғыш сезгендеймін. Не сұмдық десеңізші?! Неше жыл осы ауылдың топырағына аунап, шаңына көміліп өскенде сезінбеген ғаламат кеудемді көтеріп жібергеніне таңмын. Әбден сағынып қалыппын дейтін емес, ауылына жиі баратын екі адам болса, бірі – біз.

Руханият • 06 Сәуір, 2022

Жалғыздықтан басталған өмір

Өлең өзіңді алдау үшін емес, өз жаныңды жалдау үшін керек шығар. Бәлкім, одан да зор өткелдерге жол ашу үшін? Өз жаныңа үңіліп, «жүрегіңнің тереңіне бойлағаннан» асқан не хикмет болуы мүмкін, бірақ? Адам бірте-бірте өзін тани бастағанда Құдайға бір табандап жақындай түседі деседі. Ал адалдық пен шындықтың жолын тұтқандарға өмір қашанда жеңіл соқпағаны тарихтан мәлім. Бүгінде солай. Алайда олардың жазығы не? Әркім әртүрлі байыптауға тырысқанымен, анығын ешкім айта алмайды. Анығына жетіп айтқан адамды талап жеп қоюы да мүмкін көпшілік.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Қолжазбалар мен сирек кітаптар таныстырылды

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ашылған сирек кітаптар мен қолжазба еңбектер көрмесі өз жұмысын аяқтады.

Өнер • 05 Сәуір, 2022

«Көрдің бе екі бала ат қараған?..»

Бір елдің әні түптің түбінде біреудің әні екені белгілі емес пе? Айтқан сөзі, салған әні халықтың игілігіне айналып кеткен автордан бақытты кім бар? Мысалы: бүгінгі халық әндері, шығарушылары ұмытылған ғашықтық, батырлық жырлар, тағысын тағы. Бұрыннан ел ішіне кеңінен тарап кеткен «Мұхида-Шайбан» әні сол қатардағы туынды деп білеміз.