Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
58 материал табылды

Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024

Таудай сезімнің түйсігі мен рухы

Жетпісінші жылдан былайғы ұрпақ арасында Мұхтар Шахановтың рухымен тыныстамағаны кемде-кем шығар. Кітап, газет-журнал оқымайтындар әндерге жазылған өлеңдерін тыңдап өссе керек. «Ғайша жеңгей», «Ғашықтық ғаламаты», «Жігерлендіру», «Төрт ана» сияқты шығарма­лары ауылдағы талай қара домалақтың бетін әдебиетке, өлеңге бұрғанын білеміз. Екімыңыншы жылдардың алғашқы онжылдығында ауылдағы әр қазақтың телефонынан Шаханов жырлары саңқылдап естіліп жататынын ұмыта қойғанымыз жоқ.

Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024

Адамға бергісіз және адам сенгісіз

Қазақ кейде әлекке түсті дегенді «ит болды» деп айта салады. Әбден әлектенгенді «ит сілікпесі шықты» деуі мүмкін. Қазақтың осы «ит болдысын», итке қатысты адамға қарата айтатын кейбір тұрақты тіркестерін әртүрлі қырынан дәлелдеп жазған екі шығарманың бірі Михаил Булгаковтың «Ит жүрегі» болса, бірі Нодар Думбадзенің «Ит» шығармасы.

Тағзым • 04 Қаңтар, 2024

Бұлбұл үнді біртуар

«Әупілдек», «Әпитөк», «Сәулем-ай», «Құдаша» сын­ды халық әндерімен қа­тар Біржанның «Жалғыз арша», «Жонып алды», «Ләйлім шырағын», Ақан серінің «Маңмаңгерін» және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқаған қазақ даласының бұлбұлы Рабиға Есімжанованың туғанына бүгін тура 110 жыл толды.

Әдебиет • 28 Желтоқсан, 2023

Әдебиет әлеміне ат байласақ...

Өткен жылға өкпе жоқ. Табиғат тосын мінез танытып, аспан қақырап я жер опырылып ортасына түспесе, жылды қалай өткеру адамдардың өзіне байланысты шығар. Уақыт пен кеңістіктің ауанында өнер жасайсың ба, әдебиет тудырасың ба, жоқ әлде мал тауып, оныңды тойға (желге) шашасың ба, еркің білсін. Әйтеуір әркім ақылы жеткенше іс қылады. Абай: «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», демекші әдебиет пен өнерде үлгі аларлық дүниелер аз болмады биыл. Мәселе кімнің қалай қабылдап, бағамдап, тани алуында. Сондықтан айтпағымыз ас пен тойдың дақпырты емес, жыл аясында атқарылған жұмыстардың шетін шығару.

Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2023

Ұлттық музейге тапсырылды

Әлем таныған қазақ балуаны, Ұлы даланың біртуар пер­зенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайт­пасұлының қанжары 111 жылдан соң Астанадағы Ұлттық музейге тапсырылды. Бұған дейін қолдан-қолға өтіп келген қанжарды әлем жұртшылығын таңғалдырған балуанға 1912 жылы Ыстанбұлдың әкімі Ша­ғыр паша сыйлаған көрінеді.

Руханият • 19 Желтоқсан, 2023

Жанға сақтау болған жұрт

Елі мен жерінің қайғы-қасіретін жан-жүрегімен терең сезінген ақын Мағжан Жұмабай ХХ ғасыр басында Алаш арыстарымен бірге қалай да ұлтын оятуды көксегені мәлім. Сондағы аса бір қамырықты өлеңі «Қазақ тілі» еді. «Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады» деп басталатын шағын ғана жырда бәрінен күдер үзген ақын ең соңында үмітті ұлттың ана тілінен табады. «...Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деп аяқтайды. Әлкей Марғұланша айтқанда, «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабайдың маңызы ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің маңызынан кем емес». Демек, осыншама ұлы ақынның бұлай деуінде үлкен мән бар.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023

Алтын шамшырақ

Әбіш Кекілбаевтың «бодандық бізді қалай сынаса, бостандық та солай сынайды» деген сөзі бар. Ұстарған ақыл мен ұшталған ой, шыңдалған рухтың сөзі бұл. Елдік пен бостандық, азаттық пен ұлт үшін күресте көресіні көріп, әбден шыңдалып шыққан тәуелсіз сана тудырған сөз қазақтың маңдайына сыйып тұр. Алласы алқап бере салған айналайын азаттықтың Алаш баласына қаншалықты қымбатқа түскенін де осы бірауыз сөзден бағамдаймыз.

Тарих • 15 Желтоқсан, 2023

Қылыштай рух

Кеңестік қиын жылдарда жыраулар рухы, қобыз сарыны бізге Махамбет жырларымен бірге келді. Намыс бол­маған жерде, ұлы сүйіс­пен­ші­лік болмаған жерде ерлік пен елдік те, кеңдік пен теңдік те жоқ-ау, шамасы. Былайынша айтқанда, ештеңе жоқ. Ұлы сүйіспеншілік үлде мен бүлдеге оранған Күнікей қыз болып қана көріне ме? Алтын тақ, хан сарайы сияқты қылаң беруі керек пе әлде?

Руханият • 10 Желтоқсан, 2023

Өзағаң туралы өзгеше еңбек

Алаш арыстарының ақталуы, киелі тайқазанның елге қайтуы, қар астында қалғандай Наурыздың қайта тойлануы, Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуі, тағысын тағы. Осынау ұлттық өреде атқарылған қыруар істің басында Өзбекәлі Жәнібек тұр. Оның басқан қадамы мен жасаған әр ісі ұлт мерейіне айналып отырды. Ол туралы Астанадағы Ұлттық музейде өткен «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітаптың таныстырылымында жан-жақты айтылды.

Өнер • 27 Қараша, 2023

Өнерді қадірлейтін өрелі жора қайда?

Өнердің құнын білу қоғамның өзіне байланысты. «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз», деп Абай ана заманда күйінген, сол әлі келе жатыр. Бұл – ащы да болса шындық.