Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
58 материал табылды

Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023

«Інжу-маржан» әуелесе...

«Әсеттей сал ән салсаң...» деп басталатын әннің бірнеше нұсқасы бар. Әсет әндері Арқа жерінен қанат қағып, мынау Семей, сонау Жетісу мен қазір арғы бетте қалып қойған қазақ өлкелеріне түгел жайылған ұлт өнерінің асқақ бейнесі десе болғандай. Кезінде қазақ ән өнеріне қатысты маңызды хабарлар мен бағдарламалар, үлкен ән байқаулары Әсет әнінің атымен «Інжу-маржан» аталып жатты. Қазақ өнерінің алыбы жиып алыңдар дегендей ұлт мәдениетінің небір інжу-маржандарын тастап кетті соңына.

Зерде • 05 Қыркүйек, 2023

Тәшеновтің алғысы

Бұрынғы билерден қалған «әділ адам ел бастар» деген сөз бар. Әсілінде қайраткер тұлға ел таныған ақын я жазушы, әлдебір белгілі адам болуы шарт емес. Жүрегі таза, көңлі ақ, қайратты, әділетсіздікке жаны төзбеген ержүректің бірі Ташмұхамет Бейсенбаевты біреу білсе, біреу білмейді, әрине. Ақмола жұртына сіңірген еңбегінен бөлек, бұл кісінің өмірі екі тұлғаға қатысты естелікті тірілтеді. Сәкен Сейфуллин һәм Жұмабек Тәшенов туралы.

Әдебиет • 21 Тамыз, 2023

Жыршылық өнердің мәртебесі қандай?

«Көмекей әулие» деген сөз бар. Бұл Бұқар жырауға қатысты айтылған. Көмейі бүлкілдеп сөйлегенде аузынан алтын төгілгендей, айтқаны келіп отырады екен. Сонымен қатар Қазақ даласында көмейін бүлкілдетіп қойып таңды таңға ұрып жыр айтатындар бар. Оны тұма бастауынан тартсаңыз, томдарға жүк.

Руханият • 31 Мамыр, 2023

Мәшһүр-Жүсіптің тағылымды мұрасы

Бұл, әрине, қазақ руханияты үшін жаңалық қана емес, жетістік болуы да мүмкін. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларының жаңа бес томдық таңдамалысын «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, ұлт жанашыры Нұркен Асановтың бастамасымен құрастырып, баспаға дайындап берген Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми мамандары. Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні орайында өткелі тұрған 5 томдық тұсаукесері – патша өкіметі тұсында да, кеңес өкіметі тұсында да діни тұрғыдан мансұқталған Мәшекеңнің рухы алдындағы ұрпағының тағзымы, тәубеге келуі дер едік.

Жануарлар • 18 Мамыр, 2023

Арқа жайлы болмай тұр киіктерге...

Ақ киіктерді алғаш көруім. Пойыз­бен өтіп бара жатып көзден таса болғанша аңдап үлгердім. Киіктер жалтаң-жалтаң етіп жайылады екен. Басын оңды-солды шұлғығанда, ауада жеңіл қалқып жүргендей сүйкімді көрінеді. Наурыздың 21-і күні Қарағанды облысындағы Дария мен Бұрма ауылын басып өтетін теміржол бойында жалтаң-жалтаң етіп жайылып жүрді. Ішінде мүйізді текесі бар. Мұндай сұлу жаратылысты көрсемші! Жер алашабыр, бір жерде бар, бір жерде қар жоқ. Сонда жайылып жүрген киіктерді көріп қуанған жүрегім, өткенде Жаңаарқаның жазығында шашылып қалған бөкендердің өлексесін көріп күл-парша болды.

Мәдениет • 15 Мамыр, 2023

Көктемгі самғау

Қазір көрермен қауым Аста­на­дағы Ұлттық музейдің аузы-мұрнынан шығып тұр. Мұнда атақты суретші, «Пара­сат» орденінің иегері Ал­пыс­бай Қазығұлдың «Көк­темгі самғау» атты көр­месі өтіп жатыр. Ма­мыр­­дың басында суретші ар­тынып-тартынып Алма­ты­дан Астанаға жеткізген 140 картинасына көз суарып жүргендер де аз емес. Біз де сол қатардан табылып, көркем туындылар­ды­ көзбен «жұтып» қайт­пақ­ едік, алайда ұлт пен жұрт­тың болмысы мен тұр­мы­сы­нан сыр шерткен бояулар­ бізді «жұтып қойған» сы­ңай­лы.

Әдебиет • 20 Сәуір, 2023

Отамалы өлген күн...

Қазақ даласына қаншама жылдан бері биыл соқты Отамалы. Қазақ баласы ұмытуға айналған Отамалы оңдырмайды деуші еді, бұл жолы да жетістірмеді. Отамалыны өлтірген бес күн соққан борандай бүріп келді. Жалаңаштанған жер бүрісті, жермен бірге ел бүрісті. Енді түспестей еріп жоғалған қар бір-ақ күнде қаланың аузы-мұрнын бітеп тастады. Қалада мұндай болғанда, далада мал баққан елдің жайы не болды екен дестік. Аттың беліне қарап қалған бұрынғы заман емес, десек те, төрт түлік енді төлдеп жатқанда оңай тимегені анық қой. Жаңа туған жас төл былай тұрсын, Қостанай мен Торғайдың арасында көліктер тұралап жатқанын әлеуметтік желіден көрдік. Біз Тобық Жармағамбетовтің «Ота­ма­лысын» парақтадық.

Өнер • 02 Сәуір, 2023

Әнші бойтұмары – Абай

Бүгінде дүниедегі жанды, жансыз құбылыстың бәрі ғылымның зерттеу нысанына айналды. Жарықтың жылдамдығы, балықтың қараңғыда сәуле шашатыны, судың есте сақтау қабілеті, су тұрмақ фотондардың өзі бұрынғы құрылымын (не болғанын) есте тұтып қалады екен.

Мереке • 22 Наурыз, 2023

Азаттық ізашары

Егемендікке барар жолдың іргетасын қалаған еркіндік аңсары, дәстүрдің жаңғыруы – Наурыз мерекесі мен Наурызнама қазақ даласында әнмен басталады. «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» деп атақты жәрмеңкенің өзін әнмен ашқан қазақ жер дүниені жаңартып жыл келіп жатқанда аспандатып әнге баспай қалсын ба? Мінген ат, жүгірткен тазы, салған қыран құсын былай қойғанда, «Қымыз құйғышы», қойшысына дейін түгендеп, рет-ретімен тұрмыс-тіршілігіне етене кез келген құбылысты әнге қосқан өнер иелері жыл басы деп жар салғанда қандай?!

Мереке • 20 Наурыз, 2023

Ұлыстың ұлы күні қай күн?

Басқаны қайдам, бізге көктем жаңа жылдың келуімен, Наурыз тойымен сипатталады. «Ес­­кіше наурыз 13-інен 14-іне қара­ғанда туа­ды» дегенді бұрын үл­кендерден жиі естісек те, мән бермеппіз. Күн мен түн те­ңеліп, жылдың ке­летін уақыты осы 13-і екенін өт­кенде ақын Свет­­қали Нұржан face­book парақ­шасында жазды. Оқыған бойда наурыздың 17-сі күні арнайы тексерсек, расымен күн түннен 10 минутқа озып, жарық жеңіп ке­тіпті. Көпшілігіміз атал­ған датаны Амал мере­кесі, Көрісу күні деп танып келгенімізді неге жа­сырайық?