Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
212 материал табылды

Әдебиет • 29 Сәуір, 2024

Бауырсақ керек, бауырсақ!

Әуезов кеңінен тоқталып жазуды армандап кеткен, ақын деп айқайлатып тақырып қоюға лайықты шайырдың бірі – Хамит Ерғалиев екені анық. Мұны ақын туралы мақаласында Ұлықбек Есдәулет жазыпты: «Ұлы Мұхтар Әуезов өмірден өтерінің аз-ақ алдында «Құрманғазы» поэмасының жалғасын оқып шығып: «Баяғы пікірім арықтаған жоқ, семірді. Алдымда шетелдерге сапарларым тұр. Содан оралысымен сенің осы дастаның туралы кеңінен толғап жазбақ ойым бар. Дастаныңдай өмір кеш!» деп құшақтаған екен», дейді Ұ.Есдәулет. Бүгінде есімі көп атала бермесе де, қазақ өлеңін бір биікке көтеріп, арнасынан асып-төгілген алапат ой мен сезімнің дүбірін Ерғалиев жырларынан табасыз. Сондықтан әңгіменің әлһамын осылайша Әуезовтің сөзімен бас­тап жатсақ, жастанып оқуға әбден лайықты шедевр шумақтар тақияңызға тар келмейді деп біліңіз.

Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Сан қырлы қаламгер

Астанадағы Ұлттық ака­де­миялық кітапханада Қа­зақ­­­стан­ның халық жа­­з­у­­шысы, Мемлекет­тік­­ сыйлықтың лауреа­ты­ Сәкен Жүнісовтің 90 жыл­­­­дығына арналған «Сан­ қырлы Сәкен сері» ат­ты ғылыми-тәжі­ри­бе­лік конференция өтті.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Төрт кітаптың тұсауы кесілді

«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің аясында төрт кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің «Тамыр» және «Абыздар амана­ты», профессор Серік Неги­мов­тің «Шешендік өнер», әдебиет сыншысы, публицист Амангелді Кеңші­лік­ұлының «Жүректің сөзі» кітаптары таныстырылып, авторлары еңбектерінің негізгі баянына тоқталып, оқырмандарына қолтаңба берді.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Қайталанбас Қаңлы жазбалары

«Түркістан облысынан табылған Қаңлы жазбасы орындалу форматы тұрғысынан қазақ тарихын жазба мәдениеті қалыптасқан ежелгі өркениеттермен теңестіреді» дейді археолог Александр Подушкин.

Мирас • 04 Сәуір, 2024

«Шежірелер жинағын» Ұлттық қорға тапсырды

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры жақында бірқатар көне мұрамен толық­қанын мәлімдеді Ұлттық орталық қыз­мет­керлері. Мажарстан универ­ситетінің докторанты, болашақ тарихшы, этнограф Назира Әбді­на­сырқызы Ұлттық орталық қорына атасының жеке қорында сақталған кітап­тарын тарту етті.

Мәдениет • 22 Наурыз, 2024

Бұрынғысы мұндай, бүгінгісі қандай?

Басқан жері сықырлаған Арқаның қысы Абайдың «Қыс» өлеңімен қатар, Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты таным туындысын еске салады. Қаңтар аттан ауып бара жатып «боз тоқтыда құйрық қалды, бозша қызда бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан!» деп ызалы аманат қалдырған деседі. «Мен елді титықтата алмадым, қалғанын сен тындыр» дегенін жазады жарықтық Ақселеу. Мұнша кәрленген ақпан оңай тиген жоқ биыл, «шықпа, жаным, шықпалаған» жұрт Ұлыстың ұлы күнін тағатсыздана күтіп отыр. Түнді бір жеңген Күн көтеріліп алған соң қоймайды, Наурыздан соң жаз деймін деп жаңа жылдан үміттенеді. Әлихан Бөкейханның «тірі болсақ, алдымыз – үлкен той» дегеніндей, жаңа жылдан, жарық таңнан үміттенбегенде қайтеді адам.

Мереке • 22 Наурыз, 2024

Жарықтың тойы – халықтың тойы

Биылғы Наурыз Қазақ даласына ерекше жағдайда енді. Елдің басым көпшілігі дәстүрлі де тарихи жаңа жыл­дың төбесі көрінер Ұлыс тойына аса мән берілерін Прези­денттің «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатынан күні бұрын білді. Егер мұндай елдік сана ұлт танымына ертеден сіңісті болмаса, бүгінде бұқараның көкірегінде сайрап тұрмаса, Мемлекет басшысы да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дүниеге әкелмес еді.

Әдебиет • 11 Наурыз, 2024

Ілкідегі ізгілік

Құдай жаратқан, күннен туған, нұрдан жаралған деген сияқты аңыздар көп халық­тың ілкі бастауына қатысты. Жер дүниесінде басталған тіршілігі хақындағы мұндай қиял-ғажайыптық әдебиет үлгі­лерінің алғашқы кейіпкерлерінің пайда болуынан кейін әлдеқандай табиғи апат яки қыр­ғын­нан халық құруға айналады да, бір не екі бөбек қалып, оны жануар асырап алады. Бар­лы­ғында болмаса да, көптеген халықтың ежелгі аңыз-әңгімесінде ұшырасады.

Әдебиет • 05 Наурыз, 2024

Сәуледей үзілген сәттер

«Ат суара барғанда жылғаға мен, Ашаң жүзің ашылып бір қарап ең. Құлағыңда ай сырғаң дір-дір етіп, Енді үзіліп кетердей тұрған әрең», деп басталар еді Мұқағалидың бір өлеңі. 

Әдебиет • 29 Ақпан, 2024

Өрім талдай Сәулімдер

«Еркін бейбіт ауылым-ай,Жас өрім талдай сәулім-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай», дейді Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» әнінде. Иә, қателескен жоқсыз, сәулем емес, сәулім болса керек. Бұл не сөз деп таңыр­қайтын шығарсыз, бірақ анығы – осы. Сәулім. Жалғыз-ақ ауыз сөз әннің бүкіл реңін ашқаны өз алдына, қазақтың тілдік қолданысында ертеден бар екеніне көз жеткізген соң барып айтып отырмыз.