Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
213 материал табылды

Өнер • 10 Шілде, 2022

Алпыс жыл алқынбаған ансамбль

«Жеріне біздің жақтың лайық ері, Ер, палуан, аңшы, мерген, әнші, сері», деп қайырмай ма Сәкен?! Қазақтың тарихы мен мәдениеті тілінде сақтаулы десек, бұл сөз бұлжымас шындық болып шыға келеді. Ал әнге шөліркеп Арқаға жолың түссе, бұлақтың бастауына бас қойғандай аттың басын Ақтоғайға бұруға тура келеді. Мұнда сонау 1970 жылдары құрылғалы бері аудан, облысты ғана емес, қазақ даласын әнге бөлеп келе жатқан атақты «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі бар. Ақтоғай, Тоқырауын өзені бойының өнердегі бір арқасындай, шырқап келіп жібергенде анау-мынау оркестріңді далада қалдырады. Бір емес, бірнеше дауыста құйқылжытып салғанда «Апырау, мынау Күләш пен Манарбектің елі әлі осындай екен-ау» дегізеді еріксіз.

Өнер • 06 Шілде, 2022

Димаш пен Джексон

Бір жылдары Google «қарағымның» есебінше, үздік ремикс бойынша атақты «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкенов ең көп ізделетін әлемдік тұлғалар қатарында көш бастап тұрғаны туралы мәлімет тараған. «Мен қазақтың баласы» деп бөрікті аспанға ататындай-ақ жаңалық. Мәдениет пен өнердегі құндылықтар осылай рейтинг арқылы есептелетін уақыттың перзенті үшін, әрине, айтулы көрсеткіш. Ал дүниеге мәңгілік көркем өнер көкжиегінен, ғұлама, кемеңгерлердің көзімен қарайтындар үшін қабылдана қоюы қиын-ау, сірә.

Әдебиет • 04 Шілде, 2022

«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»

Уақытпен санаспай, не көрді, нені сезініп, түйсінді сол сезімдерді дер кезінде қанын сорғалатып бере алған, дүн-дүниенің астарына жандүниесімен үңіле алған ақын уақыттың өзіне айналары сөзсіз. Оның терең түйсікті жырлары соны айтып, еске салып қана қоймай, дәлелдеген сияқты.

Руханият • 03 Шілде, 2022

Домбыраны дәріптеді

Қазақстанның жастары мен балаларының арасында домбыраға қызықпайтыны кемде-кем. Жыл сайын мыңдаған бала осы дәс­түрлі халықтық музыкалық аспапта ойнай­ды.

Руханият • 30 Маусым, 2022

Күмбірле күн астында, домбыра-рух

Қазақтың төріне Құран мен домбыра қатар ілінеді. Қай заманнан солай болса керек. Бертініректе біз Құран болмаса да домбыра тұрғанын талай көрдік. Сол домбыра, сал домбыра қазақтың төріне көшкелі бір емес, бірнеше дәуір алмасып, қаншама ғасыр шөгіп кетті.

Әдебиет • 29 Маусым, 2022

Уақытпен бірге түлеген

«Сөз тоқтаған жерден ән басталады» деген сөз Мұқағалидың мәңгі өлмес өмірінің бір сыпаты секілді. Ақынның өзі «әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?» деп жазыпты Шәмілге хатында. Ән тілеп, жан түлетіп өткен жүректің өлеңдеріне жазылған әндерді біреулер жүзге жеткізсе, біреулер бес жүзге шамалайды. Оны сөз етпек емеспіз. Сөз етпегіміз, Мұқаңның сөзіне жазылған аңыз ән, ғажап туынды.

Ахмет Байтұрсынұлы • 26 Маусым, 2022

Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады

Өткен аптаның соңындағы жаңалық – Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ха­лықаралық Түркі ака­демиясының ұйымдасты­руымен Nazarbaev University ғимаратында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайлас­тырылған ғылыми конференция болды. Алаш ардақ­тысына арналған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, ректорлар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын тізгінін белгілі алаштанушы ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы ұстады.

Әдебиет • 26 Маусым, 2022

Шабандоз тақым қысып оқитын жыр

Әдебиетте жаңадан кейіпкер жасап, образ тудыру оңай емес. Небір мен деген ақын-жазушылар кейіп­керсіз кетуі мүмкін. Әрине, кейіпкер тудырмай қоймайды ғой ақын-жазушы, алайда Бейімбеттің «Мыр­қымбайындай», Жұматайдың «Ләйләсындай» ел арасына кең тарап кеткендері кемде-кем. Қазақ поэзиясындағы кейіпкерлер аллеясына Жұматай Жақып­­баев қадау-қадау кейіпкерлер әкелді. Жаңа образдар тудырды. Ләйлә мен Кенежиренді қосты жыр бәйгесіне. Біреуі адамзат баласында, біреуі жылқы бала­сында маңдайы жарқырап шыға келді де, ақынды өлместің кемесіне мінгізді де жіберді.

Әдебиет • 20 Маусым, 2022

Бір-ақ күнде шашы ағарған келін

«Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, күркіреп күндей өтті ғой соғыс» (Қасым Аманжолов) дегенмен, жер бетіндегі кескілескен ұрыстың қай-қайсысы болсын адамзат баласының ой-санасын, ішкі әлемін адам айтса нанғысыз өз­герістерге ұшыратады.

Қазақстан • 15 Маусым, 2022

Шәмшіге құрмет – елге құрмет

«Тұранды мақтамаймын тіпті текке, Онсыз да Тұран мәлім талай шетке» (Мағжан) демекші, халық көкке көтерген есімді билік одан әрі асқақтатқаны қандай келісті, қандай жарасымды! Кешелі бері «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгені туралы хабар ел ішіне жарықтың жылдамдығымен тарады. Халық әлдеқашан мойындап, жүрегіне ұялатқан екі қазақ болса, соның бірі – Шәмші.