Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Сұхбат • 26 Сәуір, 2023

Түпнұсқадан тәржіме – уақыт талабы

Әдебиет пен руханияттың дамуы үшін аударманың, оның ішінде түпнұсқадан аударудың алатын орны ерекше. Біз сол арқылы өзге озық елдердің әдебиетінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болып жатқанын, олардың қаламгерлері қандай жақсы туындылар жазғанын оқып, сараптап, санада салмақтай аламыз. Қазір бізде түпнұсқадан аударатындар бар ма, олар не бітіріп жатыр деген сауалға жауап іздеу үшін осы салада еңбектеніп жүрген аудармашыларды сөзге тарттық. Кезекті дөңгелек үстелімізге аудармашылар – Мақсат Дүйісмағамбет (орыс тілінен аудармашы), Роза Мұсабаева (неміс тілінен аудар­машы), Досым Зікірия (түрік тілінен аудармашы), Динара Мазен (ағылшын тілінен аудармашы), Шолпан Қызайбаева (неміс тілінен аудармашы) қатысып отыр.

Өндіріс • 26 Сәуір, 2023

Цифрлық таңбалау: Аяқкиім бағасы қымбаттаған жоқ

2023 жылғы 1 сәуірден бастап аяқкиімді таңбалау және қада­ғалау ережелері толық күшіне енді. Осы кезеңде елімізде таңба­ланған аяқкиім көлемі 257 пайызға өсті. Кәсіпкерлер таңба­лаудың енгізілуі тауар бағасының өсуіне әсер етпегенін атап өтті.

Әдебиет • 25 Сәуір, 2023

Шаханов Шыңжаңға барғанда...

Өткен күндерге қайырыла қара­сақ, бәрі – ностальгия. Мен 2008 жылы Үрімжі қаласының маңында орна­ласқан Санжы дейтін шаһардағы уни­вер­ситетте студентпін. «Мұхтар Шаханов Шыңжаңға келеді екен» деген хабар тарағалы біз күн санай бас­тадық. Мақсатымыз – Шахановты өз көзі­мізбен көру. Себебі, ол кезде қытай қазақтары арасында Абай мен Мұқағали Мақатаевтан кейін Мұхтар Шахановтың өлеңдері көп оқылды.

Халық • 24 Сәуір, 2023

Ана тілі, «Абай жолы» және Алина

Ол әлеуметтік желідегі парақшаларының маңдайына «Қазақ тілін насихаттаушы» деп бадырайтып жазып қойыпты. Өзімен сөйлестік. «Тегім – корей, ұлтым – неміс, тілім мен рухым – қазақ», деп жауап берді. Сосын оның онлайн сабақтары туралы бейнематериалдарды ақтарып көрдік, мемлекеттік тілді өзгеше методикамен үйретіп жүр екен.

Әдебиет • 20 Сәуір, 2023

Аспан парағына жазылған жырлар

Жақсы өлеңдердің бәрі «мені оқы» деп өзіне шақырып тұрады. Бірақ «айқайлап» айналасына жар салмайтыны тағы бар. Бұл – шындық. Жарты әлем жарыса оқып, тіпті жаттап алған поэзиялық шығармалардың көбі осы бағытты ұстанады. Поэзияның өнер атаулының тұнық бастауы екені де – мойындалған пәтуа. Сол үшін де атақты Мартин Хайдеггер: «Сайып келгенде өнер біткеннің бәрінің өзегінде поэзия жатыр», деп аталған өнердің дәрежесін аспандатады.

Тарих • 18 Сәуір, 2023

Оразбайдың немересі

Иісі қазақтың санасында «Абай­ды­ сабаған» деген аңызбен қалған Ораз­бай Аққұлұлының немересі кім­ болғанын бұл күні біреу білсе, біреу­ білмес. «Бірінші Құдайыма, екін­ші Шұнайыма сенемін» деп үш мың­ жылқысы өрісінде жусаған жо­март Оразбайды ұлы жазушы­ Мұх­тар Әуезов өзінің «Абай жолы» эпо­­пея­сында: – Асқан екен Құнан­бай баласы. Тіпті мұндай қорлық­ты­ Құнанбай да көрсеткен жоқ. Тегі­, біздің өзіміз бұларды бұзып бол­ған екенбіз. Құдайын ұмытқан екен­ мына Құнанбайлар. Тап осы жолы­ тұяқ серіппесек, бәрімізді де ата­ның аруағы атсын! Ит болайық, енді­ қыбырламасақ! – деп Оразбай жал­ғыз көзін жалтылдатып, айнала­ қарап, қанын ішіне тартып сөйледі, деп суреттейді. Сонымен бірге ел аузында да Оразбай туралы аңызға бергісіз әңгімелер өте көп айтылады.

Қоғам • 12 Сәуір, 2023

Жапон тұтқындарын зерттеуші

1992 жылы елімізге қонаққа келген жапон принці Такемура Қазақстан Президентінен жапон тұтқындарының Қазақ даласында қалған қабірлері туралы деректерді сұрайды. Сол кезде әскери тарихшы Асқан­бек Сапарұлын кездесуге шақырады. Тарихшы Жапон елінің Қазақ топы­рағындағы әскери тұтқындарының қабірін іздестіріп тауып беруге сөз береді. Соғыс ардагері, әскери тарихшы Асқанбек Сапарұлы «Қазақ жеріндегі жапон бейіттері» атты кітап жазып, жапон елінің зиялылары мен туыс-туғандарының қабірін іздеп әлекке түскен жапондықтарға үміт отын сыйлап еді.

Ғылым • 11 Сәуір, 2023

45 түрлі дәрі ойлап тапқан

Ғылымға ыждағаттылық керек дегенді жиі айтамыз. Ал сол тәжірибені басынан өткізген ғалымның бірі марқұм Сұлукен Рахмадиева еді. Ол отандық фармацевтиканы дамытуға зор еңбек сіңірген еді. Бір өзі 45 түрлі дәрі жасап шықты.

Сұхбат • 05 Сәуір, 2023

Адамзат сақталса, сөз сақталады

Әдебиеттің шекарасыз әлем екенін бәрі мойын­­дады. Ал енді оның сапасы мен уақыт тала­­бы­на, замана көшіне ілесуіне де назар ауда­­ратын кез келді. Артық айтпасақ, аптасы­на бүкіл дүниежүзінде неше жүз мың кітап бас­падан шығып, оқырманға тарайды екен. Ал оның кейінгі халі нешік? Ол туралы да сұ­рақ көп, сауал сан. Бүгінгі дөңгелек үстел ба­сын­да біз қазіргі романдар, балалар әдебие­ті­нің маңы­зы және көркем шығарма ұлтты тәр­бие­лей ала ма деген өзекті сауал тура­лы ой қоры­тамыз. Қатысушылар алты мемле­кет­тің қа­лам­герлері. Олар – Ибраһим Фарғали (Иран), Андре Бабин (Канада), Лю Лянчэн (Қытай), Айгүл Кемелбаева (Қазақстан), Это Тедиашви (Грузия), Жавлан Жойлов (Өзбекстан).

Сұхбат • 04 Сәуір, 2023

Яаркко Тонтти: Дәстүрлі кітапта мистикалық сарын бар

Яаркко Тонтти – фин жазушысы. Универ­ситетте заңгер мамандығы бойынша оқыса да, ол әдебиетпен айналысуды өмірлік мақсатына айналдырған. «Жара», «Мұра», «Самғау», «Би залы», «Қайта қауышқан класс» сияқты романдары жарық көрген. Фин қаламгерімен әңгімеміз ағылшын тілінде өрбіді.