Сұңғат ӘЛІПБАЙ
Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
753 материал табылды

Қоғам • 22 Маусым, 2022

Шегірткеге қарсы күрес басталды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерді шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жұмыстарымен хабардар етті.

Үкімет • 14 Маусым, 2022

Экономиканың даму қарқыны артып келеді

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Бұл мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

Қоғам • 14 Маусым, 2022

Игілікте әрқайсысының үлесі бар

Осы өткен отыз жылда біздің басты идеологиямыз еліміздің тәуелсіздігі болып келгені белгілі. Тәуелсіз ел болдық, ата-бабамыз аңсаған басты арманға қол жеткіздік деп мақтандық, шаттандық, бөрігімізді аспанға аттық. Тәуелсіздік бізге аяқастынан аспаннан түскендей болған соң, расында да, бұл бір ғажайып кезеңдер болды. Бүкіл ел болып еркіндікті сезіндік. Енді осы еркіндігімізді ешкімге бермейтініміз анық.

Үкімет • 19 Сәуір, 2022

Шағын және орта кәсіпкерлік қалай дамиды?

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және ел экономи­касының салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Үкімет • 14 Сәуір, 2022

Міндет – Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

Мемлекет басшысының 29 наурыздағы Жарлығымен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұрады.

Қоғам • 13 Сәуір, 2022

Азық-түлік тауарларына тапшылық жоқ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және бағаның өсу себептері жөнінде баяндады.

Үкімет • 12 Сәуір, 2022

Экономиканың өсуі 4,4%-ға дейін жеделдеді

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

Қазақстан • 12 Сәуір, 2022

Астық жеткілікті, алаңдауға негіз жоқ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров бірқатар ұн тарту кәсіпорындарының шикізат тапшылығына байланысты өз қызметтерін тоқтата тұратындығы туралы БАҚ-тарда жариялаған дабылдарына қатысты пікірін жеткізді. Ол ұн тартушыларды дүрлікпеуге шақырып, «жеке мүддені халыққа деген қамқорлық» деп көрсетудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Қоғам • 08 Сәуір, 2022

Ақынның балдырғандарға базарлығы

Жуықта елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, республикалық «Айгөлек» балалар журналының автор-редакторы, Мәдениет қайраткері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі Қымбат Әбілдәқызының «Мен – Тәуелсізбін!» жыр жинағының тұсаукесері болып өтті.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2022

Дала жұмыстарына – 220 млрд теңге

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық барысымен, сондай-ақ осы жылы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қандай саясат жүргізілетіні туралы баяндап берді. Оның айтуынша, биылғы жалпы егіс алаңы 23,1 млн гектарды құрайды.