Сұңғат ӘЛІПБАЙ
Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
753 материал табылды

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушылар әуе рейстеріне қатысты ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімдерін орындау үшін 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компаниялардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрақты және тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушыларға арналған теміржол рейстеріне қатысты ақпарат

Ағымдағы жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімі бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері құзіреттеріне сәйкес 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00 бастап автомобиль көлігінің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс. Ал жолаушыларды транзиттік тасымалдау Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағына кірмей жүзеге асырылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Ақпараттық қоғам дүрбелеңі

Бұрын бізге мұғалімдер әп-сәтте күшіне еніп, ұласпалы сипат алып шыға келетін тізбекті реакция атом қуатында ғана болады деп түсіндіруші еді. Сөйтсек мұндай жойқын күшке қатерлі ақпарат көзі де ие екен. Қытайдан басталып, қазір дүниені шарпып отырған коронавирус дертіне шалдыққандар саны әзірге жүз мыңнан асып, қайтыс болған адамдар сан алты мыңның үстіне шыққанымен өз тарихында бұдан да зор құқайларды бастан өткерген  жеті миллиард адам баласы бұрын-соңды болмаған дүрбелеңді бастан кешуде.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Қазақстанның шекарасында санитариялық-карантиндік пункттер құрылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру шараларын қолға алды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Автобуспен тасымалдау шектелуде

Бүгінгі күні Қазақстан мен ҚХР (13 рейс), Өзбекстан (24 рейс) және Монғолия (2 рейс) арасында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау тоқтатылды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қаржы • 19 Наурыз, 2020

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі инвестициялық табысы 332 миллиард теңгені құрады

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті. Жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі бүгін.

Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Келешегі кемел Қазақстан

«Мемлекетте арифметикалық көпшілік пен саяси көпшіліктің арасын айқын ажырата білу керек» деген екен француз жазушысы әрі қоғам қайраткері Антуан де Ривароль.

Үкімет • 11 Наурыз, 2020

Нарықтық дүрбелеңге жол берілмейді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.