Қазақстан • 02 Тамыз, 2019
Көкөніс нарығында көршілер ұтып тұр
Бұл жағдайды ішкі нарықтағы экономикалық парадокске теңеуге тура келетін шығар. Яғни, қазақстандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер отандық нарықты дайын өнімімен толық қамти алмай отырғанына қарамастан, сыртқы нарыққа қызмет етуге ынталы екендіктерін жиі байқатады.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2019
Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
Алматы облысында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы басталды. Акцияға облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мұрындық болды. Ал әлеуметтік қамқорлық бағытындағы бастама еліміз бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі аралықта өтпекші.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Алакөл: айдынға лас су қайдан келді?
Кеше әлеуметтік желілерде Алакөл жағалауында демалушылар түсірген бейнежазба таралып, онда айдынға суға құбыр арқылы лас судың қосылып жатқаны көрініс тапқан еді. Бүгін бейнежазбаларда көрсетілген жағдай бойынша Алматы облысы, Алакөл ауданының әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылып, болған жайдың себеп-салдары анықталды.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
«Дипломмен – ауылға» барған дәрігерлер
«Бәрін кадр шешеді» деген сөздің мәні өзгермеді. Тіпті мағынасы артып, маман иесінің білім мен білігіне қатысты салмақты бола түскендей. Бұл талап денсаулық саласына қатысты қойылғанда екі есе жауапкершілік жүктейді. Өйткені қазір кадр тапшылығы мен білікті маман жетіспеушілігі отандық медицинада шешілмеген мәселенің бірі.
Экономика • 30 Шілде, 2019
Ет өндіруде есеміз кетпесін десек...
Қазақстан аграрлы мемлекет болғанымен елдің ішкі нарығын ауыл шаруашылығы өнімімен толықтай қамтып отырған жоқ. Әсіресе, азық-түлік өндірісіндегі дайын ет өнімі тұтыну нарығында әлі күнге жоғары сұранысқа ие. Оның үстіне, ішкі нарыққа еркін еніп отырған сыртқы тауардың да үлесі қомақты.
Аймақтар • 27 Шілде, 2019
«Birge.TazaQazaqstan» акциясына 3 000 талдықорғандық қатысты
«Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты. Шара аясында бүгін облыстың барлық қала, аудандарында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Қазақстан • 25 Шілде, 2019
Бір қасық бал – алтынға пара-пар
«Бал ұстаған бармағын жалайды» деген сөз бекер айтылмағаны анық, бірақ ара шаруашылығымен айналысатындардың шекесі шылқып жүрген жоқ. Өйткені біз тамсанып жейтін бір қасық бал алу үшін омарташылардың орасан төзімі мен қыруар қаражаты жұмсалады екен.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
«Дипломмен – ауылға» барған дәрігер баспаналы болды
«Бәрін кадр шешеді» деген сөздің мәні өзгермеді. Тіпті, мағынасы артып, маман иесінің білім мен білігіне қатысты салмақты бола түскендей. Бұл талап денсаулық саласына қатысты қойылғанда екі есе жауапкершілік жүктейді. Өйткені, қазір кадр тапшылығы мен білікті маман жетіспеушлігі отандық медицинада өткір тұр.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Баспаналы болу бақыты бұйырған жетісулықтар қатары биыл да көбеймек
Өткен жылы Алматы облысында 713,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген екен. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша барлығы 39 мың шаршы метр баспана салыныпты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Алматы облысында анестезиолог суға батқан жігітті ажалдан құтқарды
Жаманат хабар жерде жата ма, биылғы жаз маусымы басталғалы бері Жетісу өңірінде ажал құшқан адамдар жайлы ақпарат жиілеп тұр.