Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды
Алматы облысында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасы басталуда. Қоғамның басты құндылығын дәріптейтін бастаманы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қолға алып отыр..
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Талдықорған әкімдігінің «фронт-офисі» ашылды
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тұрғындарға қолжетімді болуына барлық жағдай жасалуда. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен түрлі деңгейдегі әкімдіктердің «фронт-офистері» ашылуда.
• 29 Мамыр, 2019
Жетісуда «Студент көктемі» фестивалі өтіп жатыр
Жастар жылы аясында жоспарланған шаралар Жетісу өңірінде жалғасып жатыр. Соның бір дәлелі – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Менің Қазақстаным: Студент көктем-2019» атты облыстық студент жастар фестивальі.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
«Мерейлі отбасы» байқауының тәрбиелік мәні зор
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Алматы облысының намысын екі отбасы қорғайтын болды. Жақында аудандық байқаулардың жеңімпаздары арасынан үздік әулетті анықтаған облыстық сайыс өтті. Онда Балқаш ауданынындағы көп анымал, жұртқа сыйлы Қыстаубаевтар отбасы мен Кербұлақ ауданында тұратын үлгілі әулет – Ақбасовтар жеңіске жетті.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Мемлекеттік қызметшілер «Тіл шебері» байқауында бақ сынады
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің ұйымдастыруымен «Тіл шебері – 2019» байқауы өтті. Дәстүрлі байқау биыл жас мемлекеттік қызметшілер арасында жалғасты.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Кербұлақ ауданында 5 балалы ана баспаналы болды
Жетісу өңірінде қалталы азаматтардың қолдауымен баспаналы болған көп балалы отбасының саны тағы біреуге көбейді. Бұл жолғы қоныс тойы Кербұлақ ауданының Шұбар ауылында өтті.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Жетісу әндерінің антологиясы жарық көрді
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Жетісу өңірінің халық әндері және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағы жарыққа шықты.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
«Үздік мәдениет мекемесіне» автокөлік сыйға берілді
Алматы облысының мәдениет саласында ұзын-саны 1500 адам қызмет етеді. Олар аймақтағы 556 мәдениет ошақтары пен мұрағат мекемелерінде ел руханиятын дамытуға үлес қосып отыр. Ал саланы қаржыландыруға бөлінген қаржы 6,1 млрд теңгені құраған.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Талғар ауданында тау туризмі дамиды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тау туризмін дамыту бойынша инвесторлармен кездесті. Кездесуде Талғар ауданындағы «Ой-Қарағай – Лесная сказка» тау шаңғы кешенін одан әрі дамыту жоспары мен қажетті мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Қоғам • 22 Мамыр, 2019
Мемлекет пен меценат тізе қосса, тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешіле ме?
Бүгінде елімізде 30 мыңнан астам көп балалы отбасы баспанасыздар қатарында өмір сүріп жатыр екен. Олар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылатын әлеуметтік топ санатына кіргенімен, мемлекет әлсіз қорғалған әулеттерді бірден баспаналы етуге қауқарсыз.