Қоғам • 21 Ақпан, 2022
Қала маңы қоқыс ошағына айналып барады
Ғаламшарды күл-қоқыс басып қалу қаупі төніп тұрғанын экологтер ғана емес, өрелі жұрттың бәрі мәселе етіп көтеріп келеді. Бұл проблема, әсіресе дамушы елдерде ушығып барады. Өйткені жер бетіндегі тұрмыстық қатты қалдықтың көп бөлігі экономикасы әлсіз мемлекеттердің үлесіне тиеді. Оның үстіне мұндай аймақтарда кез келген қоқыс түрін сұрыптау, қайта өңдеу мен экология талабына сай жою ісі тіптен кенже қалып отырған көрінеді.
Қоғам • 20 Ақпан, 2022
«Алтын Ордадағы» алаң жұрт базарда тәртіп орнайтынына сенімді
Алматы облысының аумағында орналасқан «Алтын Орда» базарына қатысты алыпқашпа әңгіме көбейіп тұр. Жалпы, Алматы қаласы мен облысын ғана емес, еліміздің бірқатар аймағын тұтыну тауарымен қамтамасыз етіп отырған бұл сауда алаңы сын өтінде қалғаны рас. Базар төңірегіндегі мәселенің ушыққаны сондай, оны реттеу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы билікке арнайы тапсырма беріп, көлеңкелі істің ақ-қарасын анықтауды міндеттеді.
Білім • 20 Ақпан, 2022
Білім сапасының төмендеуіне не түрткі болды?
Білім саласына жиі жасалған реформалардың нәтижесі отандық оқу-ағарту жүйесінен нақты көрініс тауып отырғанын ешкім жоққа шығар алмас. Дегенмен, орта мектептердегі білім сапасының деңгейі мақтанарлықтай емес екенін мойындауымыз керек. Өйткені, ел іші де, сырт көз де бұған қатысты сын айтып, мін тағатыны шындық, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Индустрияның дамуы инвесторға тәуелді ме?
Экономикаға құйылған инвестицияның елді дамытуға ықпалы зор екені анық. Әсіресе ішкі өндірісі ақсап тұрған өңірлер үшін сыртқы қаржы көздерінің нақты бағытқа жұмсалуы екібастан тиімді бола түседі. Тіпті аймақтағы өнеркәсіп орындарына қан жүгірткен жобалардың қатарында дүние жүзіне танымал брендтердің жиі кездесуі істі ілгерілетіп қана қоймай, инфрақұрылымның дамуы мен жұмыс орындарының көптеп ашылуына кепілдік беретіні тағы шындық. Осындай бастамалардың бірқатары Алматы облысында жүзеге асып жатыр.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Асыра сілтеген полицейлердің ісімен «ANTIKOR» айналысып жатыр
Қаңтар оқиғасының салдары Алматы облысын да айналып өтпеді. Бүлік кезінде аймақта 758 адам зардап шеккен болатын. Оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметші және 37 бейбіт тұрғын бар. Оқиға ортасында болған тәртіп сақшыларының көпшілігі жеңіл жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Биыл Жетісу өңірінде қыс болмады десе де болады. Таулы аймақта аздаған қар түскені болмаса, етектегі ел қара суық пен құрғақ ауа райына малданды. Өкінішке қарай, табиғаттың бұл құбылысы санаулы күндерден соң басталатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісіне кері әсерін тигізуі кәдік.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Өңірге газ жеткенімен, көңілден наз кетпей тұр
Талдықорған өңірінің тұғындары Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған нақты істің бір нәтижесі ретінде аймаққа табиғи газ желісінің тартылуын айтады. Өйткені көгілдір отын тұтынудың көрсеткіші Алматы облысында өте төменгі деңгейде еді.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Жақында жетісулықтар саны бірден үш адамға көбейген болатын. Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада үшем дүниеге келді. Осылайша, Панфилов ауданында тұратын Тайиповтар отбасының тұңғыш қуанышы еселенді.
Қоғам • 09 Ақпан, 2022
Әлбетте, өркениетке негізделген қоғамның дамуы «адам өмірі бәрінен қымбат» деген қағидаға сүйенеді. Яғни адамзаттың «өмірді сүю мен қорғау және лайықты өмір сүру» ұстанымына сай алға жылжып келе жатқанына қаншама ғасыр болған. Бірақ тұрғындарының жайлы да алаңсыз тұрмысы мен тіршілігіне көп жұрт қызыға қарайтын дамыған елдердің өзінде суицид тақырыбы өте өзекті.
Қоғам • 08 Ақпан, 2022
Тұрғын үймен қамтудағы теңсіздік
Біздің қоғамдағы басты мәселенің бірі – баспана мұқтаждығы. Статистикаға сенсек, елімізде тұрғын үйге деген сұраныс көлемі жыл сайын 50 мың адамға дейін өсіп отырады. Бұл – ресми кезекке тіркелген азаматтардың саны ғана. Мұның сыртында қала жағалаған жұрттың тұрақты тіркеуге тұрмайтынын ескерсек, қанша отандасымыздың үйсіз-күйсіз жүргенін шамалауға болады.