Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Жаза күшейсе де, мал ұрлығы өршіп тұр

2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар­лы­ғы­на сәйкес, мал ұрлығына қатысты қылмыстық жаза кү­шей­­тілген еді. Бұл Жарлықтың пәрмені бастапқыда ел ішіндегі мал ұрлығының ек­пінін азайтқандай болғанымен, қылмыстың тамырына мүлдем бал­та шаба алған жоқ.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2022

Тиімсіз делдалдыққа тоқтау салынса игі

Ресми статистика отан­дық нарықтағы инфля­ция өсімін қалып­ты дең­гейде деп көрсет­кені­мен, бағаның құбы­луы бұқараның қалта­сы­на салмақ салып отыр­ғанын ашық айтуы­мыз керек. Қазір ел Үкі­меті нарықтағы баға тұ­рақтылығын сақ­тау үшін қолдан келген­нің бәрін жасап жатыр. Алайда тұтыну тауар­ларының құны арзандар емес. Керісінше, аймақ­тарда құнның күрт көтерілуі, әсіресе азық-тү­лік тауарлары баға­сының өсуі байқалуда. 

Аймақтар • 21 Ақпан, 2022

Жетісудан да заңсыз криптовалюта өндірісі табылды

Жетісудан да ірі майнинг фермасы табылды. Жамбыл ауданында орналасқан заңсыз криптовалюта өндірісін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері аймақтық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 21 Ақпан, 2022

Қала маңы қоқыс ошағына айналып барады

Ғаламшарды күл-қоқыс басып қалу қаупі төніп тұрғанын экологтер ғана емес, өрелі жұрттың бәрі мәселе етіп көтеріп келеді. Бұл проблема, әсіресе дамушы елдерде ушығып барады. Өйткені жер бетіндегі тұрмыстық қатты қалдықтың көп бөлігі экономикасы әлсіз мемлекеттердің үлесіне тиеді. Оның үстіне мұндай аймақтарда кез келген қоқыс түрін сұрыптау, қайта өңдеу мен экология талабына сай жою ісі тіптен кенже қалып отырған көрінеді.

Қоғам • 20 Ақпан, 2022

«Алтын Ордадағы» алаң жұрт базарда тәртіп орнайтынына сенімді

Алматы облысының аумағында орналасқан «Алтын Орда» базарына қатысты алыпқашпа әңгіме көбейіп тұр. Жалпы, Алматы қаласы мен облысын ғана емес, еліміздің бірқатар аймағын тұты­ну тауарымен қамтамасыз етіп отыр­ған бұл сауда алаңы сын өтінде қалғаны рас. Базар төңі­регін­дегі мәселенің ушыққаны сон­дай, оны реттеу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы билікке арнайы тапсырма беріп, көлеңкелі істің ақ-қарасын анық­тауды міндеттеді. 

Білім • 20 Ақпан, 2022

Білім сапасының төмендеуіне не түрткі болды?

Білім саласына жиі жасалған реформалардың нәтижесі отандық оқу-ағарту жүйесінен нақты көрініс тауып отырғанын ешкім жоққа шығар алмас. Дегенмен, орта мектептердегі білім сапасының деңгейі мақтанарлықтай емес екенін мойындауымыз керек. Өйткені, ел іші де, сырт көз де бұған қатысты сын айтып, мін тағатыны шындық, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Индустрияның дамуы инвесторға тәуелді ме?

Экономикаға құйылған инвести­ция­ның елді дамыту­ға ықпалы зор екені анық. Әсіресе ішкі өнді­рісі ақсап тұрған өңірлер үшін сыртқы қаржы көздерінің нақ­ты бағыт­қа жұмсалуы екібас­тан тиім­­ді бола түседі. Тіп­ті ай­мақ­­тағы өнеркәсіп орын­дарына қан жүгірткен жоба­лардың қата­­рында дүние жүзіне танымал бренд­тердің жиі кездесуі істі ілгері­летіп қана қоймай, инфра­құры­лымның дамуы мен жұмыс орындарының көптеп ашылуы­на кепілдік беретіні тағы шындық. Осындай баста­ма­лардың бірқа­тары Алматы облысында жүзеге асып жатыр.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2022

Асыра сілтеген полицейлердің ісімен «ANTIKOR» айналысып жатыр

Қаңтар оқиғасының салдары Алматы облысын да айналып өтпеді. Бүлік кезінде аймақта 758 адам зардап шеккен болатын. Оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметші және 37 бейбіт тұрғын бар. Оқиға ортасында болған тәртіп сақшыларының көпшілігі жеңіл жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 15 Ақпан, 2022

Шаруаға шынайы көмек керек

Биыл Жетісу өңірінде қыс болмады десе де болады. Таулы аймақта аздаған қар түскені болмаса, етектегі ел қара суық пен құрғақ ауа райына малданды. Өкінішке қарай, табиғаттың бұл құбылысы санаулы күндерден соң басталатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісіне кері әсерін тигізуі кәдік.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Өңірге газ жеткенімен, көңілден наз кетпей тұр

Талдықорған өңірінің тұғындары Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған нақты істің бір нәтижесі ретінде аймаққа табиғи газ желісінің тартылуын айтады. Өйткені көгілдір отын тұтынудың көрсеткіші Алматы облысында өте төменгі деңгейде еді.