Аймақтар • 03 Ақпан, 2022
«Жетісудан сөйлеп тұрмыз...» Аймақтағы радио алғашқы хабарын таратты
Қазақтың ақпарат кеңістігі тағы бір радиоарнамен толықты. Енді әуе толқынында «Жетісу» радиосы өз хабарларын тарата бастайды. Аймақтағы жедел ақпарат жеткізетін алғашқы радио Алматы облысындағы шекаралық аймақтарға, интернет байланысы шектеулі ауылдарға қолжетімді болмақ.
Коронавирус • 03 Ақпан, 2022
Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де азаймай отыр. Өткен тәулік аралығында өңірде 273 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыс әлі де «қызыл аймақта».
Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
«Жетісу» радиосы алғашқы хабарын таратты
Қазақтың ақпарат кеңістігі тағы бір радиоарнамен толықты. Енді әуе толқынында «Жетісу» радиосы өз хабарларын тарата бастайды. Аймақтағы жедел ақпарат жеткізетін алғашқы радио Алматы облысындағы шекаралық аймақтарға, интернет байланысы шектеулі ауылдарға да қол жетімді болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Еліміздің Шығыс қақпасындағы «Қорғас» халықаралық сауда-ынтымақтастығы орталығының дәл қазіргі күйі көнеден айтылып жүрген «Кеден кеден болды, кедергі неден болды?» деген бірауыз сөзге сыйып тұрғандай.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Сезімтал шлем: Оқушылар зағип жандарға арналған бас киім жасап шығарды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары нашар көретін және зағип жандарға арналған шлем концепциясын ойлап тапты. Бұл жоба көру қабілеті бұзылған жандарға керемет мүмкіндік береді екен.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022
Шоғырланған тұтынушы шағын өндіріске сеп
Урбандалудың жылдам жүруі еліміздегі әлеуметтік мәселелердің асқынуына әкеліп отырғаны белгілі. Бұл – терең зерттеп, кеңінен зерделеуді қажет ететін тақырып. Біз бұған әлі ораламыз. Ал әзірге осы мегаполистер мен тірек қалалардың маңына жаппай шоғырлану үрдісі отандық азық-түлік қауіпсіздігіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жайында айтпақпыз.
Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022
Жетісуда жұқпалы індеттің екпіні қатты
Жетісуда жұқпалы індеттің екпіні басылмай тұр. Облыс – індет таралымы бойынша «қызыл аймақта». Өткен тәулік аралығында 329 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. 136 науқас ауруханаға бірден жатқызылған. Жалпы, аймақта 804 адам стационарлық ем қабылдап жатқан болса, 69 науқас індеттен жазылып, емханадан шыққан екен.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022
Әкімдер шешпеген мәселе әлеуметтің ашу-ызасын туғызады
Еліміздің экономикалық-әлуметтік дамуына қатысты атқарылатын істер жаңа бағытқа ойысқаны анық. Осы тұста аймақтардағы қордаланған мәселердің де бар екенін айтуымыз керек. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен бұқара халықтың арасындағы өзара байланыстың тиісті деңгейде болмауының салдарынан әлеуметтің ашу-ызасын туғызатын жағдайлардың жиі кездесетіні жасырын емес.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022
Жетісудағы дүрбелеңнің дабысы алыстағанмен, аймақта әлі де террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» сақталып отыр. Қазір өңірде әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көліктің жұмысы толық қалпына келіп, адамдардың бойындағы үрей сейіле бастағандай. Алайда облыс орталығы маңындағы ауылдарда әскерилер қосымша операциялар жүргізіп жатқаны жөнінде ақпарат та бар.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Қоғамдық көлік қатынай бастады
Алматы облысында аласапыран күндердің жаңғырығы алыстап, ел көңілі орнына түсе бастағандай. Облыс орталығы мен жекелеген елді мекендерде әскерилер әлі де арнайы операция жүргізіп жатқанына қарамастан, өңірдегі тіршілік бейбіт қалыпқа оралды.