Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Қоғам • 09 Қараша, 2021

30 игі іс аясында мұқтаж отбасыларға үй сыйлады

«Бай болсаң – елге пайдаң тисін...» деген қазақтың ежелгі тәмсілін бүгінгі кезеңнің қалталы азаматтарына қарата айтуға әбден болады. Өйткені ел ішінде айналасындағы жоқ-жітікке қарайласып, қайырым жасап жүрген меценаттар жеткілікті.

Аймақтар • 08 Қараша, 2021

Төгейін жырды халқыма...

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын тойлау ел ішінен ұзап, халықаралық деңгейде өтіп жат­қа­нынан үнемі хабардар етіп отырмыз. Оған мысал ретінде жақында ғана көршілес Ресейде, Түркия елінде ақынға арналған іс-шаралар өткен болатын. Жамбыл жырлары бірнеше тілде кітап болып, шетелдерде жарық көрді. Ал күні кеше 100 жасаған Жамбылдың құрметіне Жетісуда дүркіреп айтыс өтті.

Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Сиырды цифрлы құрылғымен сауады

Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен өнім­діліктің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу жолындағы жұмыс бір төбе. Ал Алматы облысында осы саланы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын өңірде ақылды технология элементтерін пайдаланатын кәсіпорындар саны өсуде.

Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Пияз егіп, пайдаға кенелді

Қазір Қапшағай қаласы бойынша бақша дақылдарын жинау жұмысы толық  аяқталған. Оның өнімділігі гектарына 260 центнерді құрады. Оның ішінде 400 гектар картоп, 1200 гектар көкөністен мол өнім түсті.

Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Жүгеріні төкпей-шашпай жинап алды

Жетісуда жүгері өсіруге негізінен Панфилов ауданында басымдық берілгенінен жұрт құлағдар. Ал биыл бұл тізімге Сарқан ауданы да қосылатын сияқты. Өйткені осы ауданның шаруалары да жүгеріден мол өнім жинады.

Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Саясында алманың...

Еңбекшіқазақ ауданында қарқынды бақ өсіру өріс алды. Соңғы жылдары Алматы облысында бақ өсірудің интенсивті түрі қарқын ала бастады. Көптеген шаруашылықтар озық технологияларды игеріп, соның арқасында сапалы өнім алуда. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында бақтар көлемі 23,7 мың гектарға жеткен, соның 2,8 мың гектары – интенсивті бақ. Ал былтыр өңірде ескі бақтарды жаңарту есебінен 494,1 га жаңадан бақ отырғызылған.

Экономика • 01 Қараша, 2021

Ирригациялық жүйенің игілігі бар

Алматы облысы бойынша ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы бағытты дамыту барысында Балқаш ауданының да суару жүйелерін жаңғырту жеке жоба ретінде қарастырылмақ.

Аймақтар • 30 Қазан, 2021

Жарқын болмысты Жолбарыс би

Жетісу жұрты биыл Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350 жылдығын атап өтіп жатыр. ХVIII ғасырдың басындағы аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүрген Жолбарыс би туралы тарихи деректер оны Тәуке хан заманындағы ел есінде қалған ерекше тұлғалардың қатарына қосады.

Аймақтар • 29 Қазан, 2021

«Түркі обатасы» – ауыл музейінің төрінде

Алакөл ауданының Леп­сі ауылында тарихи-өлке­тану музейі салтанатты ашылды. Лепсі тарихи-өлкетану музейі танымал меценат, жеке кә­сіп­кер Бауыржан Оспа­новтың қолдауымен еңсе­сін тіктеп отыр.

Коронавирус • 28 Қазан, 2021

«Жасыл» аймақтағы Жетісуда індет жұқтыру азайған жоқ

Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы бәсеңдегендей болғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Дерек бойынша облыста өткен тәулік аралығында 137 адамнан коронавирус белгісі анықталды. Ал пандемия кезеңінен бері дерттің құрығына ілінген науқас саны 54 759 адамға жетіп отыр.