Экономика • 26 Тамыз, 2021
Грант пен несие – кәсіпкерге несібе
Алматы облысында жыл басынан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 895 жұмыссыз жас «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған екен. Ал былтыр мен биылды қосқанда осы курс тыңдаушыларының 1 050 бизнес-жобасына тиісті грант бөлініп, жеңімпаздар жеңілдетілген несие алған.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2021
Аshyq жобасы тәртіп бұзғандарды анықтады
Облыстың санитар дәрігерлерінен тұратын мониторингтік топ Аshyq жобасы енгізілгелі осы бағдарламаны пайдалана отырып, 2 607 нысанды тексерген. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 438 нысан анықталды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2021
Қойтастар маңында саябақ салынады
Сарқан ауданында табиғаттың ерекше сыйы – қойтастар көптеп кездеседі. Әртүрлі пішіндерімен ерекшеленіп тұратын тастарға көз тастап қарар болсаң, кең жайлаудың етегінде жайылып жүрген отарлы қой тәрізді сурет түзіледі. Сондықтан бұл тастарды сарқандықтар «Қойтас» атап кеткен. Мұндай қойтастарды Жетісу өлкесінде, тек саялы Сарқанда ғана кездестіруге болады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2021
Маңғыстауға мал азығын жөнелтті
Жетісуда қысқы мал азығын дайындау ісі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін 2321,6 мың тонна шөп немесе жоспардың 82,4 пайызы жиналған. Яғни 331 мың тонна сабан, 419,6 мың тонна пішендеме, 212,6 мың тонна мал жемі, жалпы көлемі 3,2 млн тонна мал азығы дайындалды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2021
Жас ғалымдардың инновациялық жобалары байқауда лайықты бағасын алды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысында «Жас ғалым» ғылыми-инновациялық жобалар байқауы өтіп, оған қатысқан отыздан аса жас түрлі саладағы ғылыми еңбектерін ұсынды.
Спорт • 19 Тамыз, 2021
Бұқаралық спортқа көңіл бөлу кәсіпқой спортшылар буынын қалыптастырады
Жетісуда кәсіпқой спорт пен бұқаралық спорттыңдамуы құстың қос қанатындай тең дәрежеде дамыпкеледі деп айтуға болады. Оған өңірдегі саламаттыөмір салтын ұстанушылар қатарының жыл сайынартып, әр аудан мен ауылдарда спорт-сауықтырукешендерінің көптеп ашылуы дәлел. Ал Алматы облысынан шыққан спорт саңлақтары әлемдікдодаларда топ жарып, аймақтағы кәсіби спортқа дегенқамқорлықтың жоғары деңгейде екенін көрсетіпкеледі.
Экология • 18 Тамыз, 2021
Балқаш суы қалпына келетін күн жақын ба?
Балқаш көлінің экологиясы туралы мәселеге «Egemen Qazaqstan» газеті үнемі үн қосып келеді. Бұған дейін біз бірнеше мақала әзірлеп, көл суының азаюы мен оған әсер етіп отырған жағдайларға тоқталған едік. Өйткені көлдің экологиялық ахуалы еліміздің ғана емес, дүние жүзінің назарын аударып отырған үлкен қатер екені анық.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Жылыту маусымына дайындық – жіті назарда
Алматы облысында биылғы жылыту маусымына қапысыз дайындалу мен оны үздіксіз өткізу үшін бюджеттен 13,7 млрд теңге қарастырылған екен. Соның ішінде 3,3 млрд теңге жылумен қамту нысандарын жөндеуге, 10,4 млрд теңге қажетті отын сатып алуға бөлініп отыр.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
«Ақылды қала» ақыры салынатын болды
Алматы облысындағы GATE CITY серіктес қала жобасы қолға алынғаны біраз жыл болған-ды. Осы уақытқа дейін қағаз жүзінде қалып келген бастамаға былтырдан бері жан біткендей еді. Ал күні кеше «ақылды қаланың» аумағында құрылыс жұмыстары басталатын болып, оған облыс әкімдігі мен BI Group холдингінің өкілдері арнайы құжатқа қол қойды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2021
Облыс орталығының дамуы ойдағыдай ма?
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс орталығы – Талдықорғанды көркейту жұмыстары бойынша өткен жиында облыс орталығын абаттандыру жұмысын қатаң сынады.