Экология • 12 Тамыз, 2021
«Жасыл ел», қоқыс жәшігі және жас кәсіпкер
Жетісуда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыстың еңбекшіл жастары Jyl serpini номинациясын иеленіп, үздіктер қатарына көрінген болатын. Биыл да штаб ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастаған екен, қазір 944 ерікті жас жұмыспен қамтылыпты. Сонымен қатар облыста студенттік құрылыс отрядтарының жұмысы қайта жанданды.
Қоғам • 10 Тамыз, 2021
Сайланған әкім байланған түйінді шеше ала ма?
Жергілікті әкімдердің сайлауы өтіп, ауыл тұрғындары өз таңдауын жасады. Ендігі міндет – сайланған әкімдердің қалтқысыз қызмет еткенін көріп, сенім үдесінен шыққанына куә болу. Бұл оңай жауапкершілік емес. Өйткені осы жолы сайланған әкімдер еліміздің жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі жаңартылған заңнамасының толыққанды жұмыс істеуге көшкенін іспен дәлелдейтін басқарушы билік буыны ретінде тарихқа енуі мүмкін.
Коронавирус • 10 Тамыз, 2021
Жарты миллион жетісулық екпе алды
Пандемия басталғалы бері Алматы облысында коронавирустың зертханалық тексеру арқылы расталған 33 959 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәуліктерде 300 адамның індет жұқтырғаны анықталып отыр.
Бизнес • 09 Тамыз, 2021
Бизнеске бейім бикелер кәсіп ашып, табыс тауып жүр
Жетісуда шағын және орта бизнес саласының дамуына өз үлесін қосып, жаңадан кәсіп ашуға ақ жаулықты аналар мен жас қыздар батыл кірісуде. Олар мемлекеттік бағдарлама көмегінің нәтижесінде жеке істерін дөңгелетіп отыр. Мәселен, Ұйғыр ауданының тұрғыны Юлдуз Тураева тоқыма бұйымдарын өндірумен айналысса, текелілік Гүлдана Өміртайқызы кофейня ашып, игілігін көре бастады. Екі кәсіпкер де нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына сәйкес «Бастау Бизнес» оқыту жобасына қатысып, грантқа ие болған екен. Ал көксулық көпбалалы ана Альмира Дәулетованың бастамасының жүзеге асуына да мемлекеттік қолдау себеп болған. Бәрін ретімен баяндалық...
Коронавирус • 06 Тамыз, 2021
Жетісуда жарты миллионнан астам адам вакцина салдырды
Пандемия бастағалы бері Алматы облысында коронавирустың зертханалық тексеру арқылы расталған 33 959 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте 300 адам індет жұқтырғаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Аптап ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан, қысқы мал азығын дайындау міндеті күн тәртібінен түспеуі керек. Осы парызды жете түсінген жетісулық шаруалардың назары қазір қыр мен ойдағы шабындыққа ауған. Яғни Алматы облысында шөп жинау науқаны қызу жүріп жатыр.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2021
Жетісу шаруалары жем-шөп қорын дайындап жатыр
Аптап ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан қысқы мал азығын дайындау міндеті күн тәртібінен түспеуі керек. Осы парызды жете түсінген жетісулық шаруалардың назары қазір қыр мен ойдағы шабындыққа ауған. Яғни, Алматы облысында шөп жинау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабардайды Egemen.kz.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2021
Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус індетінің таралуы күн сайын өсіп келеді. Облыс қазір «қызыл аймақ» санатына кірген. Алайда шектеу шараларының күшеюі мен алдын алу жұмысына қарамастан ауырып, емханаға түсіп жатқан адам саны азаймай отыр. Мәселен, өткен тәулікте 311 науқастан вирустың оң белгісі анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған екен.
Сайлау • 26 Шілде, 2021
Тұрғындар белсенділік көрсетті
Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау Алматы облысында жоғары белсенділікпен өтті. Ал осы саяси бәсеке барысындағы нәтижеге сәйкес Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім сайланып отыр.
Аймақтар • 25 Шілде, 2021
Сексеннен асқан қос әже ауыл әкімін қолдап дауыс берді
Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылында тұратын Нұршат пен Ханшайым әжелердің қимылы ширақ, айналадағы оқиғаға құлағы түрік екен.