Бағдарламалар • 20 Мамыр, 2021
Жол картасының жемісі – өңір дамуының өрісі
Былтырғы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы Жетісу өңірі үшін табысты аяқталды деуге толық негіз бар. Өйткені осы бағдарлама аясында 977 жоба сәтті жүзеге асқан екен. Ал нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттен 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген болатын.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2021
Осы біз «Судың да сұрауы бар» деген сөзді жиі айтқанымызбен тіршілік нәрін тұтынуға келгенде оның сапасы мен ішуге жарамдылығы тұрғысына ғана назар аударып, жалпы су қолдануға атүсті қарайтын сияқтымыз. Ал қоршаған ортаның сусыз өмір сүре алмайтынын ескерсек, ауыз судан бөлек өндірістік қажеттілік пен өсімдік шаруашылығы үшін де ағын судың стратегиялық маңызы бар екенін ұмытпауымыз керек.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Несиенің несібесі көпбалалы аналарға кәсіп бастауға жол ашты
Жетісуда жеке кәсібін жолға қоюды мақсат етіп, ізденген жандарды мұратына жеткізетін мемлекеттік қолдау бағдарламалары жемісті жүзеге асып отыр. Соның нәтижесінде өзі де табыс тауып, өзгеге де жұмыс беріп отырған іскерлердің қатары тұрақты көбеюде. Дерек бойынша бүгінде аймақта қызмет көрсететін шағын және орта бизнес нысандарының саны 123 мың бірлікке жетіпті.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Балабақшаның жоғынан бары жақсы
Алматы облысында мектеп жасына дейінгі балдырғандарды балабақшамен қамту қарқын алды. Бүгінде аймақтағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 98 пайызға жеткен. Яғни өңірдегі 99 318 балдырған алғашқы білім мен тәрбие сатысынан өту мүмкіндігіне ие болып отыр.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Кәсіпке баулу – қасиетті борыш
Бүгінде мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың түрленуіне аса көңіл аударып отыр. Осы орайда Жетісудағы кәсіптік білім беретін маңдайалды оқу орнының бірі – Талдықорған сервис және технология колледжінің директоры, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Ләззат БАЗАРҚҰЛОВАМЕН аз-кем әңгімелескен едік.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2021
Жетісуда жер дауы неге жиіледі?
Еліміздегі жер мәселесіне жүрдім-бардым қарауға болмайтынына тұрғындардың да, атқарушы биліктің де көзі анық жетті деп ойлаймыз. Өйткені қазір орталық қалалардың маңында ғана емес, шалғай ауылдарда да жерге қатысты тақырып ең өткір мәселеге айналып отыр.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Шағын қазандықтың буы – шаңырақтың жылуы
Алматы облысында шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы көп пәтерлі үйлерді жылумен қамту мәселесі оң шешімін тауып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын оңалтуға да ықпал етуде. Мәселен, бұған дейін бесінші қабаттағы баспананың балконынан мұржа шығарып, пешке от жағып келген адамдар орталық жылу жүйесінің іске қосылғанына дән риза. Ал бұл нәтижелі жұмыс аймақта жекелеген тұрғын үйлерге блокты-модульді қазандықтар орнату бастамасынан кейін жүзеге асырылды.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Бүгінде Жетісу жерінің кең жайлауына 4 млн басқа жуық қой жайылымға өріп шығады екен. Ал тұяқты малдың ішіндегі саулықтың саны 1 915,6 мың бастың шамасында көрінеді. Яғни қазіргі сәтте аймақта қой төлдеп, сақман науқанының қызған шағы өтіп жатыр.
Руханият • 28 Сәуір, 2021
«Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» деген ұлағатты сөзді ұран еткен жетісулық ағайын тарихта ізі қалған тұлғаларға тағзым етуді қасиетті парыз санайды. Әсіресе, жаугершілік заманда елге пана болып, жер қорғаған батыр бабалардың атын дәріптеп, ерлігін ұрпаққа үлгі ету жолында бірқатар іс атқарылуда.
Қоғам • 23 Сәуір, 2021
Өңір тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында Алматы облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс істеліп жатыр. Бүгінде аймақта 235 дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт және 220 медицина бекеті бар.