Сайлау • 16 Наурыз, 2023
19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл облысында, ал комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов Атырау облысында жұмыс сапарымен болды.
Пікір • 12 Наурыз, 2023
Бірнеше жыл бұрын еді. Бірде қала іргесіндегі ауылдың тұрғыны хабарласты. Әр сөзіне екпін беріп сөйлетін адам екен, округ әкімнің үстінен шағым айтып, оны газетке жазуымызды талап етті. Журналистік кәсіпте түрлі адаммен тілдесіп, небір оқиғамен бетпе-бет келесің ғой, мұндай «талап» бізді аса таңғалдыра қоймады. Дегенмен істің мән-жайын білмек болдық.
Сенат • 10 Наурыз, 2023
Қабылданған заңдар адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіреді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіндегі бірқатар мәселені қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Форум • 09 Наурыз, 2023
Әзербайжанда «Бүгінгі әлем: сындар мен үміттер» тақырыбындағы Х Баку жаһандық форумы өтті. Форум жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, сөз сөйледі.
Әскер • 08 Наурыз, 2023
Шындығында әйел – отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Көктемнің ең әдемі әрі әсерлі мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан арулары туралы бірер жылы сөз айтқанды жөн санадық. Құқықтық тәртіп әскерінің нәзік жанды арулары ерлермен бірге иық тіресе қызмет ете отырып, отбасының да жылулығын сақтап жүрген асыл жандар. Сондай сұлу да ақылды әскери қызметші-әйелдер Ұлттық ұлан қатарында абыройлы қызмет етіп жүр.
Сұхбат • 07 Наурыз, 2023
Қорғаныс саласы қазақша сөйлейді
Қорғаныс саласында да қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін қомақты жұмыс жасалып жатқаны анық. Осы бағытқа өз қызметін арнап, үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жанның бірі – Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаменті лингвистикалық сараптама басқармасының басшысы, полковник Айнұр Оразғалиева. Мемлекеттік тілдің дамуына жауапты маманнан әскери саладағы қазақ тілінің жай-күйі туралы сұрап білген едік.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2023
Қатерлі жылдар қателігі ғылыми зерделеніп, хатқа түсті
Қазақстанға 1 млн 207 мыңнан астам әртүрлі ұлт өкілінің күшпен жер аударылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы бассыздықтар, биліктегі қасаң бюрократия мен жемқорлық – әлеуметтік және этностық қақтығыстардың туындауына себеп болды.
Төтенше жағдай • 02 Наурыз, 2023
Су тасқынының қаупі сейілген жоқ
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері көктемгі су тасқынына дайындық мәселелерін талқыға салды. Жиынға мемлекеттік органдар және өңірлер әкімдіктерінің орынбасарлары қатысты.
Пікір • 28 Ақпан, 2023
Бірден айтайық, біз Қазақстандағы депортацияға ұшыраған ұлт пен ұлыстардың тарихын түзген кезде мұндай сұрқия әдістің әуелі қазақтарға қатысты қолданылғанын білуіміз керек. Яғни қазақ ұлтына қатысты жазалау мен жер аудару саясаты кеңес одағындағы азамат соғысы аяқталысымен-ақ басталып кеткен болатын.
Әскер • 28 Ақпан, 2023
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі барлық өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған, кеңпейіл, даладай дарқан, қонақжай қасиетімен дараланып тұратын қазақ халқына алғыс айтады. Барлығымызға көктеммен бірге жылулық пен мейірім сыйлайтын осы бір ерекше мереке қарсаңында Ұлттық ұлан қатарында жүрген өзге этнос өкілдері де өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірген еді. Солардың бір тобын оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.