Әскер • 08 Ақпан, 2023
Әскери тәрбие мен құқықтық сауаттылыққа баулуды бала кезден бастаған нәтижелі болмақ. Осы бағытта Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Жас шекарашылар» мен «Жас полицейлер» әскери-патриоттық клубтары ашылды. Клуб мүшесі ретінде 5 мектептің 85 оқушысы Шонжы ауылының Мәдениет үйінде ант қабылдады. Сондай-ақ жас полицейлерге арнайы куәліктер табыс етілді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Жайылым тапшылығы шешімін таба ма?
Жайылым мен егістік алқаптардың жетіспеушілігіне қатысты туындаған дау жақын арада толық шешімін табады дегенге сену қиын. Өйткені елімізде жер пайдалануға қатысты қордаланған мәселе бір жылда пайда болған жоқ және оның түйінін шешуге де аз уақыт жұмсалмасы анық. Есесіне, егін егу мен мал жаюға жер таппаған ауылдағы жұрттың сұранысы артып келеді. Ал мұның зардабы ауыл шаруашылығын дамытуға тиіп отырғаны анық.
Экономика • 24 Қаңтар, 2023
Ілкімді жобаларға – ірі инвестиция
Экономиканың дамуына серпін беретін тетіктің бірі – инвестиция. Бұл ішкі өндіріске бағытталған нақты қаржы айналымынан бөлек елдегі жағдайдың тұрақтылығын да айшықтайтын маңызды фактор. Ал шетелдік инвесторлардың ілкімді жобаларға көптеп келе бастауы жақсылықтың нышаны. Әсіресе, аймақтарда инвестициялық жобалардың көбеюі жарқын болашаққа бастайтын сенім жолы екені даусыз.
Экология • 24 Қаңтар, 2023
Балық шаруашылығының бары мен жоғы
Балық шаруашылығын дамыту агросаясаттағы басты міндеттің бірі болғанымен, бүгінде нақты нәтижеге қол жеткізу қиындау болып тұр. Бұл өз кезегінде ел Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған» бағдарламасы атты іргелі жоспардың орындалуын кешеуілдетіп отыр.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023
«Тәуелсіздік ұрпақтарына» 1 млн теңгенің сертификаты табысталды
Алматы облысында тұңғыш рет өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант жобасында жүзден жүйрік шыққан бір топ жас марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2022
«Алатау жастары» бағдарламасына бөлінетін қаржы көбейеді
«Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының қаржыландырылуы 3,6 млрд теңгеге артады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Заңғар» жастар сыйлығын салтанатты табыстау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2022
Қыс құрсауында қалған Екібастұз қаласының тұрғындарын қолдауға мұқым ел жұмылып жатыр. Әсіресе, жер-жерден гуманитарлық көмек жіберушілер қатары күн санап артып келеді. Осы қатарда Алматы облысының азаматтары да бар.
Таным • 07 Желтоқсан, 2022
Қонаев қаласын қақ жарып өтетін қасқа жолдың бойында көне көліктер мекені бар. Атау-сойы да адам көңілін тыпыршытатындай «Тұлпар» деп аталады. Осы ретросалоннан өткен ғасырдың 50-80 жылдарында жасалған ескі көліктердің түр-түрін көруге болады.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2022
Екібастұзға көмек: Алматы облысының кәсіпкерлері 500 дана жылытқыш құрал жеткізді
Алматы облысы әкімдігінің бастамасын құп алған аймақ меценаттар жылусыз отырған Екібастұз қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2022
Алматы облысының орталығын Қонаев қаласы жаңашыл даму жолына түсті деуге толық негіз бар. Бұйырса, таяу болашақта Қапшағай көлінің жағасында заманауи үлгідегі жаңа қала менмұндалайтын болады.