Қоғам • 10 Қазан, 2022
Алатау алмасына сұраныс жоғары
Алатаудың баурайында өскен алманың дәмі тіл үйіретіндей екені белгілі. Және мұны жиі жеп жүрген адамның әр кез сезіне бермейтіні де рас. Ал өзге өңірдің тұрғындары Алматы маңында өскен алманы бірден біліп, бағалайды.
Қоғам • 10 Қазан, 2022
Өкінішке қарай, қоғамда әлімжеттікті әдетке айналдырған адамдардың қатары көбейіп келеді. Оның дәлелін әр күн сайынғы ала-құла ақпараттан көріп жүрміз. Әсіресе, қорғансыз әйел мен әлжуаз баланы ұрып-соғу мен қорлап, зорлау оқиғалары жиілеп тұр.
Білім • 07 Қазан, 2022
Биыл Алматы облысының білім саласындағы бюджеті 274,7 млрд теңгені құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге артық. Бөлінген қаржының 4,6 млрд теңгесі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және 2,7 млрд теңгесі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жұмсалады.
Қоғам • 05 Қазан, 2022
Тұқым шаруашылығындағы түйткіл
Бір қарағанда, Қазақстан сияқты аграрлы елде азық-түлік тапшылығының байқалуы мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің қымбаттауы ақылға сыймайтындай көрінеді. Алайда қазір ішкі нарықты қымбатшылық жайлағаны жасырын емес. Қазір басқа азық-түлікті былай қойғанда, сұранысқа ие ұн бағасы да жиі құбылып отыр. Мысалға, өткен айдағы дерек бойынша елдегі бидайдың құны 40 пайызға дейін көтерілген. Соның салдарынан нан және нан өнімдерінің өзіндік құны шарықтай бастады.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2022
Аспантаулар аясында ақын Биғайша Медеудің 70 жылдығы кеңінен аталып өтті. Хан тәңірі етегінен қанаттанып, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған қаламгердің елдегі оқырмандары есте қаларлықтай кештің куәсі болды.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Алатау бөктеріндегі аумақта мизам шуағы мейлінше жұмсақ өтіп жатыр. Алайда биыл табиғаттың бұл мезеті ұзаққа созылмайтын сияқты. Қазан айы тумай жатып күн райы қырық құбыла бастады.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс. Өйткені баланың дұрыс тамақтануы денсаулықтың кепілі болмақ. Алайда, өңірлердегі жағдай мәз емес. Мысалы, Алматы облысының бірқатар ауданындағы мектептерде баланың ыстық тамағы үшін бөлінген қаржы 500 теңге ғана екен.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Тартымды жобалар жаңа жұмыс орнын көбейтеді
Өткен сегіз ай аралығында Алматы облысының экономикасына құйылған инвестиция ағыны 19 пайызға ұлғайып, жалпы, қаржылай көлемі 320 млрд теңгеден асып түскен екен. Яғни жыл басынан бері аймақта 54,2 млрд теңге жұмсалған 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып, соның нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022
Биыл Алматы облысында үш бағыттағы жолдың құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Күрті –Бурылбайтал, Күрті – Қонаев және Шамалған стансасының айналма жолы ел игілігіне жарайды.
Білім • 20 Қыркүйек, 2022
Әдетте «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болған жандардың дені үлкен қалаларда тұратын сияқты көрінетін. Мемлекеттің арнаулы стипендиясына қол жеткізу үшін қойылар талаптың жоғары екені даусыз. Ал ауыл мектебін бітіріп, сол ауылда еңбек етіп жүрген жастардың жеңісі «Болашақ» бойынша тек қалада тұрып, оқыған алғыр буын өкілдері ғана білім алады деген түсінікті тас-талқан етіп бұзғандай.