Сайлау • 20 Қараша, 2022
Алматы облысының тұрғыны дауыс беруге ретрокөлікпен барды
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына келіп, дауыс берушілер легі арта түсуде. Тұрғындар облыс орталығында ғана емес, өңірдегі аудандарда да белсенді, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Алматы облысында 606 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Алматы облысында да қарқынды басталды. Дауыс берушілердің алғашқы легі таңғы сағат жетіден аса сайлау учаскелеріне келе бастаған. Аймақта қазір 606 сайлау учаскесі үздіксіз жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2022
Биыл Алматы облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы қолдаудың нәтижесінде медицина мекемелерінің жабдықталуы 91 пайызға жетіп отыр. Ал жақында өңірдің жедел жәрдем қызметіне жаңа көліктер берілді.
Аймақтар • 16 Қараша, 2022
Қонаев қаласынан электр пойызы қатынайды
Алматы облысының Жетісудан енші алып бөлінгеніне көп уақыт бола қоймаса да, өңірдің өңі түлеп, шаруасы оңынан дөңгелене түсті. Әсіресе, облыс орталығына айналған Қонаев қаласының келбеті де, әлеуеті де артып келеді. Алматы сияқты алып мегаполистің серіктесі ретінде дамып келе жатқан шағын шаһардың даму мүмкіндіктері де ашыла түскендей. Бұған мемлекет те өз үлесін қосып отыр.
Білім • 14 Қараша, 2022
«Алтын Жұлдызды» ұстаз ауыл балаларымен кездесті
Ардақты педагог Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова Жамбыл ауданындағы Беріктас ауылындағы орта мектепке арнайы келіп, оқушылармен кездесті.
Таным • 14 Қараша, 2022
Шилібастау – Алматы облысының Жамбыл ауданындғы шағын ғана ауыл. Енді осы ауылға қазақ ғалымдарының назары ауып отыр. Өйткені жақында ауыл тұрғындары су құбырын тартып жатқан кезде балбалтас тауып алған еді.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
Бала тәрбиесінде жіберген иненің жасуындай олқылықтың өзі орны толмайтын ауыр жағдайға апарып соғатыны анық. Өкінішке қарай, қоғам жасөспірімдер арасындағы қайғылы оқиғалардың жолын кесуге қауқарсыз. Әсіресе балалар арасындағы суицидтің азаймай отыруы – осының айғағы.
Аймақтар • 18 Қазан, 2022
«Нан болса – ән болады» деген нақылдың бәсі әр кезде де биік болып қала бермек. Ал дастарқанға қойлар нанның негізі дән еккен шаруалардың егіс алқаптарында қаланатыны анық. Қазір аймақтарда алтын күзбен бірге алтын дән жинау науқаны да қызып тұр. Болжам бойынша биыл ел қамбасына күткендігіден де көп мөлшерде астық түсуге тиіс.
Аймақтар • 17 Қазан, 2022
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толды. Ел дамуына ересен еңбек сіңірген тұлғаның рухына тағзым ету іс-шарасы аймақтарда қызу өтіп жатыр. Заманында бірнеше облысты басқарған қайраткердің мемлекет тарихында қалдырған қолтаңбасы айшықты. Оның еңбек жолы ел аймақтарының қарышты дамып, өңірлердегі ауыл шаруашылығы мен экономиканың дәуірлеу кезеңіне тұспа-тұс келді. Ауылдарды дамыту мен қала сәулетін қалыптастыруға да өлшеусіз еңбек сіңірді.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Салықтан құтылмассың қашсаң-дағы...
Кіріс комитетінің дерегі бойынша Алматы облысы мүлік салығының қарызы тізімінде көш бастап тұр. Яғни аймақта салық төлемеген 179 820 жеке тұлға бар.