Қоғам • 12 Сәуір, 2023
Әуелгіде «Өзенмұнайгаз» компаниясының мердігерлері арасындағы ауыс-түйістен шыққан шу ұлғая келе мұнайшылардың ереуіліне ұласты. Маңғыстау облысындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы офисінің алдында басталған жұмысшылар наразылығы уақыт өте келе Астанада жалғасты.
Әскер • 12 Сәуір, 2023
1995 жылы 7 сәуір күні болған оқиға. Тәжікстан аумағындағы Пшихарв шатқалында Ішкі әскерге қарасты жетінші рота жауынгерлері тұтқиылдан жасалған шабуылға тап болып, от пен оқтың құрсауына түсіп қалды. Шабуылдаушы содырлардың күші басым болған ұрыста 17 жауынгер оққа ұшып, 33 адам жараланған еді.
Әскер • 03 Сәуір, 2023
Цифрландыру Қорғаныс саласының қызметін оңтайландырады
Бүгінде әскердің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасып келеді. Бұған дейін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Бұл жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Әскер • 26 Наурыз, 2023
Әскерилердің әлеуметтік әлеуеті
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы еліміздің батыс, шығыс өңірлеріндегі жеті гарнизонда болып, бірқатар кездесу өткізді.
Президент • 22 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысып, барша қазақстандықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Байқаушылар бағасы – жариялылық пен ашықтық сақталды
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау қарсаңында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік және халықаралық байқаушылар делегацияларымен бірқатар кездесу өткізді. Яғни халықаралық ұйымдармен – 9, шетелдік сайлау органдарының мүшелерімен 7 екіжақты кездесу өтті, сондай-ақ халықаралық БАҚ брифингі де ұйымдастырылды.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Мәжіліс сайлауы: Алдын ала нәтиже не көрсетті?
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Өңірлерден алынған жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 адам енгізіліп, барлық сайлау учаскелеріне 6 366 441 ел азаматы келіп, өз таңдауын жасаған.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Елімізде сайлауға қатысып, дауыс беру құқығына ие 12 032 578 адам бар екен. Ал бүгін осы азаматтардың 54, 19 пайызы, яғни 6 521 860 отандасымыз сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасаған. Сонымен, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны мәреге жетті. 19 наурыздағы саяси іс-шара ел тарихындағы ерекше күннің бірі болып қала бермек.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға Қонаев гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде қызметі мен борышын атқарып жүрген 5 мыңнан астам жауынгерлер де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 16 Наурыз, 2023
19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл облысында, ал комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов Атырау облысында жұмыс сапарымен болды.