Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Нарынқолдық шаруалар 25,7 млрд теңгенің өнімін өндірді
Алматы облысының таулы аймағы – Нарынқол топырағын «Картоптың Отаны» деп текке айтпаған. Ішкі-сыртқы нарықты «екінші нан» өнімімен қамтып отырған ауданның шаруалары биыл да қомақты табысқа кенелді.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Алма бағы жайнаған «Атек Агро»
«Жер жаннаты – Жетісу» деген атау өңірдің табиғи ерекшелігіне қарата айтылғаны анық. Шындығында Алатау бөктерінде өсетін жеміс-жидектің нәрі мен дәміне тең келетін нәрсе әлемде некен-саяқ шығар. Қазір аймақта мәуелі бақ пен саялы бақша өсіру дәстүрі жалғасып, табысты еңбектің көзіне де айналып отыр.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Қант импортына тәуелділіктен қашан арыламыз?
Қазақстан тұрғындары жыл сайын 480 мың тоннадан астам қант тұтынатынын білесіз бе? Алайда, ішкі нарықта отандық тәтті шекердің үлесі аз. Агроөнеркәсіп кешені дамыған ел үшін бұл ойланатын-ақ жағдай.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Алматы агломерациясын дамыту экожүйені сауықтыра ма?
Бүгінде Жетісу жерін мекендеген ел-жұрттың жалпы үлесі 2 млн 47 мың адамға жетті. Ал облыс тұрғындарының 60 проценті Алматы қаласының маңын мекен етеді екен. Яғни, мегаполиспен шектесетін аудандарда 1 млн 200 мың адам тіршілік етуде.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Сарқандықтардың өнімі сыртқы нарыққа шығады
Алматы облысының Сарқан ауданы – нағыз аграрлы өңір. Ел-жұрт төрт түлік мал өсіріп, жер еміп, егін салумен күн кешуде. Әсіресе, қант қызылшасын өсіру қайта жанданып келеді. Биыл аудандағы шаруа қожалықтары тәтті түбір алқабының көлемін 2850 гектарға жеткізіпті.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Көксу ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Көпбалалы аналарды қолдаудың жарқын үлгісі Алматы облысының Көксу ауданында да жүріп жатыр. Жыл басынан бері аймақта тұратын 19 әулетке баспана берілген.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Шамалғанда теміржол көпірі салынады
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған стансасындағы қайғылы оқиға әлі ұмытыла қойған жоқ. Теміржол бойында жүрдек пойыз бен жолаушылар автобусы қақтығысып, адам шығыны болған еді.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2019
Жетісулықтардың өмір сүру ұзақтығы 73 жастан асты
Алматы облысы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 73 жастан асты. Ал «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асуы ойдағыдай жүріп жатыр. Бағдарлама талабы бойынша орындалатын 32 көрсеткіштің жиырма тоғызы жүзеге асуда. Жалпы өңір бойынша денсаулық сақтау саласының бюджеті 95,2 млрд теңгені құрады.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2019
Ардагерлер турнирінде «Жетісу» командасы жеңіске жетті
Алыс-жақын елдің ардагерлер волейболшылары Талдықорған қаласына жиналып, жанкүйрелерге қызықты ойын сыйлады.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019
Қоғамдық қабылдауға шағымданушылар қарасы азаймай тұр
Биыл Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы мен аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 5015 адам арыз-шағым айтып жүгініпті. Олардың арасынан 2426 өтініш оң шешімін тауып, қанағаттандырылған. Яғни, партияға сенім артқан тұрғындардың 48,3 процентінің үміті ақталды.